Дене шынықтыру пәнінде қолданылатын сабақ түрлері

Қызылорда облысы .Шиелі ауданы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектептің «денешынықтыру пәнінің»мұғалімі: Айтжанов Самат КөшербайұлыДене шынықтыру пәнінде қолданылатын сабақ түрлері.Дене шынықтыру жан- жақты тәрбие берудің маса маңызды салаларының бірі.Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке,өмірге бейімдеуде оқу – тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек.Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс – әрекеттерді орындауды,құлшына ұйымдастырушылық...
Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Қызылорда облысы .Шиелі ауданы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектептің «денешынықтыру пәнінің»мұғалімі: Айтжанов Самат Көшербайұлы


Дене шынықтыру пәнінде қолданылатын сабақ түрлері.


Дене шынықтыру жан- жақты тәрбие берудің маса маңызды салаларының бірі.Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке,өмірге бейімдеуде оқу - тәрбие жұмысында дене шынықтырудың алатын орны бөлек.

Мектептегі дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс - әрекеттерді орындауды,құлшына ұйымдастырушылықты,белсенділікті,тапқырлықты талап етеді.

Мектеп жұмысының тәжірибесі келесі сабақтың түрлерін анықтайды:

А) Кіріспе сабақтар;

Б) Жаңа материалмен танысу сабақтары;

В)Өтілген материалды жетілдіру сабақтары;

Г) Аралас сабақтары;

Д)Есеп беру сабақтары;

Кез- келген сабақ түрі сабақтың құрылысымен сәйкес жүргізіледі,әр сабақтың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Кіріспе сабақтар жылдың,тоқсанның және де бағдарламада жаңа бөлімдер басталғанда өткізіледі.

Кіріспе сабақтың басында әңгімелесу жүргізіледі,мұғалім өтілетін сабақтың мазмұнымен таныстырады.Сабақта мұғалім оқушыларға алға қойылған міндеттерді,талаптарды ұқыпты орындау үшін сыныпта ұйымшыл болуға тәрбиелейді,зейінін сабақтың мазмұнына аударып,белсенді болуларын талап етеді.

Кіріспе барысында балаларға сабақтың өтілу тәртібі,сабаққа дайындалу барысы айтылады.Дене шынықтыру залына немемсе алаңға бару, кезекшінің міндеті,сабақтың ұйымдасқан түрде басталып,аяқталуы ескеріледі.Тапсырманы орындап болғаннан кейін,балаларға келесі сабақтарға дайындалуына байланысты мұғалім сабақ уақытының бір бөлігінде оқушылармен таныс ойындар өткізеді.Ойынды балалардың өздері таңдаған жөн.Ойын келесі болатын сабақтарға көңіл - күйлерін көтеріп баруға ықпалын тигізеді.

1 - сынып оқушыларына сабақта сергіту жұмыстарын жүргізуге болады.бұл сабақта балалар бірнеше рет дене шынықтыру залымен танысады.Ауа райының ашық күндері балаларды дене шынықтыру алаңына апарып өздері білетін ойындарын ойнатуға болады.Алғашқы өткізілген дене шынықтыру сабағы балалар өмірінде үлкен орын алады.Сондықтан сабақ тиянақты ойластырылып,жақсы өткізілуі тиіс.

Жаңа материалмен танысу сабақтары кіріспе сабақтан кейін жүргізіледі.Себебі сабақтың әр бөлімінің мазмұнында жаңа жаттығулар үйретіледі.Бұл сабақтың ерекшелігі - оқушыларға жаңа жаттығуларды үйрету.ол үшін мұғалім сабақты қызықты әрі түсінікті өткізуі керек

Өтілген материалды жетілдіру сабақтарының негізгі мақсаты - өткен сабақтардағы үйретілген жаттығуларды жетілдіре түсу.Бұл сабақтарда жаттығулардың орындалу техникасына,іскерлік дағдыларының қалыптасуына,ойындардың күрделенуіне, қимыл барысында орындай білу іскерліктеріне көп көңіл бөлінеді.Сабақта жаңа материалмен танысумен қатар,бұрын өтілген материалды қайталау бірге жүреді.Сабақтың негізгі бөлігі жаңа материалды игеруге,қалған уақыт өткен жаттығуларды қайталауға жұмсалады.Егер жаңа материал балалардан үлкен ынтамен тыңдауды талап етеін болса,онда ол сабақтың алғашқы уақытында түсіндіріледі.Тек содан кейін өтілген материал қайталанылады.Көптеген жағдайда бірінші өтілген материал қайталанып одан кейін жаңа материал беріледі.Жаңа материалдың күрделілігіне қарай ол сабақтың ортасында да берілуі мүмкін.

Есеп беру сабақтарда қорытынды жұмыстар жасалады,оқушылардың білімдері тексеріліп бағаланады.Мұндай сабақтар тоқсанның аяғында өткізіледі.Есеп беру сабақтары алдын - ала жоспарланады.Оқушылар есеп беру жөнінде алдын - ала дайындалып жүруі қажет.Құрылысы бойынша бұл сабақ түрлерінің айырмашылығы жоқ.Бұл жерде есеп беру жаттығулары басты орын алады.Есеп жаттығуларын оқушылардың өздік орындауынпа мүмкіндік беріледі.

Есеп жаттығуларынан кейін оқушылардың көңіл - күйлерін көтеру үшін ойындар өткізілгені жөн.

Бастауыш сынып оқушыларымен төмендегідей әдістер қолданылады:

  1. Жаппай әдіс;

  2. Кезекпен орындау әдісі;

  3. Толассыз әдіс;

  4. Топтық әдіс;

  5. Жеке әдіс.

Жаппай әдісті пайдалана отырып,оқушылардың бәріне орындалу тәртібі бірдей жаттығулар ұсынылады.Бұл әдістің ерекшелігі - оқушылардың барлығы бірдей жаттығуды орындауы,сабақтың жоғары талапқа сай өтуі,денеге қажетті салмақты түсіруге жетумен анықталады.

Толассыз әдіс.

Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:

  • Дене шынықтыру сабағы;

  • Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөнінідегі жұмыстар;сабаққа дейінгі гимнастика,сабақ барысындағы сергіту жаттығулары,үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;

  • Сыныптан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі жұмыстар;

  • Отбасында дене жаттығуларымен айналысу жатады.

Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік бағдарлама бойынша мұғалімнің,оқу жоспарына сәйкес,нақты белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.Сабаққа қатысуға оқушылардың бәрі міндетті,оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.

Балалардың дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру,дене дайындығының жан - жақтылығы,дене шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру маңызды орын алады.Жұмыстың негізгі түрлеріне : сабақ алдындағы ертеңгілік гимнастика,үзіліс кезіндегі ойын - жаттығулар,сабақ барысындағы балалрдың шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады.Бұл іс - шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл - ой әрекетін арттыруға,анықталған кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.

Дене шынықтыруда жоғарыда аталған іс - шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің алатын орны ерекше.Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді,тереңдетеді.Бұл жұмыс түрлеріне ойындар,серуендер,саяхат,жорықтар,топтарда ұжымдық секция жұмыстары,спорттық іс - шараларды ұйымдастыру жолдары,жарыстар,спорттық мерекелер жатады.

Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен өткізеді.

Дене тәрбиесіне арналған оқушылардың мектептен тыс жұмыс түрлері білім беру бөлімдері,мектептен тыс мекемелерде,оқушылар сарайында,балалар спорт қоғамдарында,демалыс орындарында,стадиондарда,сырғанақ кешендерінде ұйымдастырылады.

Мұндай шаралар балалрдың арасында дене шынықтыру және спорт жөніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде дамытуға,гимнастика,спорт ойын және т.б. жаттығулар түрлеріне қызығушылықпен қарау қабілеттерін қалыптастырады.Сонымен қатар оқудан тыс бос уақыттарын,қысқы,күзгі,көктемгі демалыстарын ұтымды пайдалануына көмектеседі.

Балалардың дене шынықтыруымен отбасында айналысуы маңызды орын алады,мысалы,радио,телехабарлары арқылы гимнастикамен айналысу,таза ауадағы қимылды ойын,қысқы жазғы сауықтыру шаралары.

© 2010-2022