Cабақтың тақырыбы: Көктем табиғаты

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көктем табиғаты

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға «Көктем табиғаты» тақырыбын қайталата отырып, сұрақтар, тапсырмалар, жаттығулар орындату арқылы білімдерін толықтыру.

2.Дамытушылық: оқушыларға сұрақтар тапсыру арқылы олардың логикалык ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

II Үй тапсырмасын тексеру.

III Сабақтың мақсатын айту.

IV Тақырып бойынша жұмыс өткізу.

Амандасу.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Жайнай түсті ауылымыз

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар, қонақтар!

Кезекшімен сөйлесу.

Кезекті сұрақтар:

-Қазір қай сабақ?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қазір қай ай?

-Бүгін аптаның қай күні?

Дәптерлерді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар.

II Үй тапсырмасын тексеру.

Көктем туралы өлендерді жатқа айту.

1.Суретке қарап сөз тіркестерін айтып жазыңдар.

Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

2.Жұмбақтардың дұрыс шешімін табыңдар.

а) Қар еріп, су ағады,

Сарқырап сайға су толады.

Күн ұзарып, жылиды,

Бұл қай кезде болады? (көктем)

ә) Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (қар)

Алфавиттык жұмбақ

б) Тауда бар,

Бауда жоқ.

Таста бар,

Құмда жоқ. (Т)

в) Өнерде бар,

Талапта жоқ

Өрмекте бар,

Оюда жоқ. (Ө)

3.Суреттер бойынша сөздік диктант жазу.

Слайдтар. 5сурет, әр суретке 1 зат есім,1 сын есім,1 етістік.

Тән дыбыстардың астын сызыңдар.

Физминутка

4.Сурет бойынша көктем мезгілін суреттеп айтыңдар.(2-топ)

5.Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

Сөздік ойын:

Бор - мел, Мода - сән,

Шырша - ель, Утро - таң,

Ара - шмель. Пыль - шаң,

Сырғанақ - каток, Хлеб - нан,

Орамал - платок. Душа - жан,

кровь - қан.

6. «Көктем» сөзі сендерге қандай ой білдіреді (ассоциация).

7.Сұрақтарға жауап беріңдер.(қысқы ағашқа жапырақтарды ілу)

1. Көктем қандай мезгіл?

2. Көктем гүлі....

3. Көктем айларын атандар.

4. Көктемде не ериды?

5. Көктемде не ұшып келеді?

6. Көктемнің ең бірінші гүлі?

7. Көктемде не жауады?

8. Көктем хабаршысы не?



III Сабақ бекіту.

1)Сабақта біз бүгін не істедік?

2) Сабақ сендерге ұнады ма?

IV Бағалау.

VI Үйге тапсырма: көктем туралы шығарма жазу.







© 2010-2022