Сыныптан тыс сабақ Білім кілті-тіл

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Білім кілті - тіл.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің қадір - қасиетін,қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін,құрмет-қажеттерін арттыру.Сөйлеу икемділігі мен дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: Нақыл сөздер,суреттер.

Тәрбие сағаттың өтілу барысы:
І.Мұғалім сөзі:

Қазақ тілі қазіргі кезде 15 млн халықтың қарым-қатынас тілі болып отыр.Ұлан ғайыр атамекеніміз қандай кең болса,пейілімізде керемет бай.Біздің тіліміз-кешегі өткен дана Абайдың,жыр семсері Махамбеттің,шындықтың дәл өзіндей Бауыржанның,ұлы Мұхтардың тілі.Қазір қазақ тілі мемлекттік мәртебе алды.Осы мақсатпен тәрбие сағатымыз «Білім кілті-тіл» деп аталады.

Өнердің нәр береді шапағаты,

Әркімнің өнерге бар махаббаты-деп,

оқушылардың тіл туралы өлеңдерін тындайық.

1.Поэзия минуты.

1-оқушы.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім,

Таза терең ,өткір күшті кең тілім

Тарап кеткен балаларыңды баурыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім.

2-оқушы.

Қуан далам!Қуанатын күн бүгін !

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Тіл туралы Заңын енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіңдігін.

3-оқушы.

Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар»

«Халық жауы »атандын-ау сол үшін

Ғұмырынды құрбан етіп жолында.

4-оқушы.

Ана тілім-анам сынды аяулым

Сенсіз жерде көш соңында қалармын

Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы

Сенсіз қалсам құруға да даярмын

5-оқушы.

Тілім барда қазағым бар,халқым бар.

Дәстүрім бар,ата жолы салтым бар

Кіршіксіз қардай сақтаңдар

Қазақ тілін ғаламат

6-оқушы.

Ана тіл- халықтың бас қазынасы

Кез-келген ұқпас мұның мағынасын

Дүниеде астан асыл ештеңе жоқ

Тілге де аспен бірге табынасың.

2. «Халық айтса,қалт айтпайды»атты мақал -мәтелдердің жалғасын табу.

1) Өнер алды-...

2) Тіл тас жарады- ...

3)Бас кеспек болса да -...

4)Тілінмен жүгірме - ...

5)Ана сүті бой өсіреді , ...

6)Сөйлесе білген - ...

7) Көп сөз - көмір, ...

8)Мал шөпке, ...

9) Шебердің қолы ортақ, ...

10) Сөздің көркі мақал,атасы ақыл, ...

3. «Кім көп біледі?»

Ақ сандығым ашқанымда алтынның

Алып шықтым ақ маржанын салтымнын

Өрелі өнер ,білім-ғылым бұлағын

Алдым тауып кітабымнан халқымның,-дей отырып,ойын ойнай отырып,білімімізді ортаға салайық.

1.Қазақ әдебиетінің 1894 жылы дүниеге келген жазушы?

2.Көнерген сөздер дегеніміз не?

3. «Ақсақ киік »өлеңі кімдікі?

4.Сым ,тұқым,бәдірен бұлар қандай сөздер?

5. «Ақын қонақтар »қай романнан үзінді?

6. «Таяқ тастам жер » тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

7. М.Әуезовтың ең алғашқы туындысы қалай аталады?

8.Диалект сөздер дегеніміз не?

9. «Өткен күндер »атты өлеңдер жинағы кімдікі?

10.Тарихи сөздер нешеге бөлінеді?

4. Шығармашылықпен жұмыс.

«Тіл мәдениеті -халқымыздың әдет -ғұрпы мен тіл өнеріңде»деген тақырыпта,сурет бойынша мәтін құрастырады.

« Баланы қырқынан шығару», «Беташар»

5. Шешендік өнер .

Жақсының үлгісі

Жанып тұрған шамдай

Шешеннің сөзі

Ағып тұрған балдай,-

дегендей ортаға екі бала шығып, «Шешендік өнер» атты пікірталаста шешендігімен өз ойын дәлелдеп береді.

Сұрақ : «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы қажет пе?» Иә,жоқ

ІІ.Қорытынды.

Х.Досмағанбетовтың

«Мектептің тілі бола алмаған тіл,

Ешқашан мемлекеттің тілі бола алмайды»,-дегендей ,

ендеше балалар тіл -байлығымыз,тарихымыз,адебиетіміз.Тіл-біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсің.



© 2010-2022