Қош келдің жаңа жыл төрімізге!

Жапбасбаева Мархават №2 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Қызылорда облысы, Сырдария ауданыҚош келдің жаңа жыл төрімізге! Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт, жақсылықтар тілейміз! ІІ-кіші сәбилер «Ботақан» тобының «Қош келдің жаңа жыл төрімізге» атты ертеңгілігімезге қош келдіңіздер. Жанұяға келді міне, жаңа өмір Құт болып міне жаңа жылым келді ғой. Құтты болсын, құтты болсын, жаңа жыл. ...
Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жапбасбаева Мархават

№2 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы

Қош келдің жаңа жыл төрімізге!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылда сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт, жақсылықтар тілейміз! ІІ-кіші сәбилер «Ботақан» тобының «Қош келдің жаңа жыл төрімізге» атты ертеңгілігімезге қош келдіңіздер.

Жанұяға келді міне, жаңа өмір

Құт болып міне жаңа жылым келді ғой.

Құтты болсын, құтты болсын, жаңа жыл.

Ән: «Зырылдайды шанамыз»

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты.

Аппақ боп үстіміз

Аққырау жабысты

Аппақ боп үстіміз

Аққырау жабысты

Мейлі күн суытсын

Аяз боп ызғарлы

Аяз не біз үшін

Шыныққан баламыз

Алихан: Ақ көрпеге малынып

Аппақ нұрға малынып

Әсемдікке ұмтылған

Мұздан маржан тағынған

Гүлім: Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Өлеңде әзір, әнде әзір

Ойында әзір, бәрі әзір.

Мейіржан: Аяз ата Ақша қар

Келіңіздер ортаға

Біз сіздерді сағындық

Асыға күттік қаншама

Кәмилә: Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тартады қараса



Жүргізуші: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ыйлық берсе екен.

Балалар хор мен аяз ата мен ақшақарды шақырады.

Қыздардың орындауында ақшақар биі:

Кәмилә, Гүлім, Айша, Аяулым, Інжу.

Ән: «Шырша жыры»

Минуара: Аяз ата келді ғой

Әнімді айтып берейін

Қолымы ұстап көрейін

Аяз ата аппақ

Мен айтамын тақпақ

Бейбарыс: Жаңа жал, жаңа жыл.

Жаңа жылдп жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Еркеназ: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Умка: Той мереке салтанат

Думандады шартарап

Келіп қалды Жаңа жыл

Тартуларын арқалап

Жүргізуші: : балалар міне тағы бір жылға қадам бастап келеміз, бір жас қосып отырмыз. Енді ортаға жаңа жылды шақырамыз.

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылың тағыда

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Қой жылы келеді.

Би ; « Гномики» Алихан, Иса, Умка, Ерасыл, Ғалымжан, Бейбарыс, Бағдаулет.

Ән: «Ақша қар»

Бақдаулет: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Нұрай: Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым биге де

Ислам: Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза боладай.

Нұргелді: Аспан жерге төгеді

Ақ күмістен уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Айша: Жасыл жилек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Қандай әсем шыршамыз

Көз тоймайды қараса

Ертегіні сахналау: «Үйшік ертегісі» Тышқан-Камилә, Бақа-Бейбарыс, Қоян-Минуара, Түлкі-Гүлім, Аю-мейіржан.

Би: «Аюлар» Абылай, Дәулет, Дәулет, Нұркелді, Мейіржан, Ерсұлтан.

Ерсұлтан: Мұздан моншақ тағынған

Күміс қырау тағынған

Ортада тұр ақша қар

Көптен күткен сағынған

Абылай: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Алтынбек Келді тағы жаңа жыл

Қуантты міне біздерді,

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын жаңа жыл

Аяулым: Тілеймін мен барша әлемге

Дос көп болсын жаңашыр

Ата, әже, ата, әже,

Құтты болсын жаңа жыл

Би «Барби» Минуара, Нұрай, Еркеназ, Ұлдана

Ерасыл: Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән,

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған

Інжу: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балалар

Аппақ біздің атамыз

Дәулет Жылдың әнін бастайық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым бигеде.

Ән. «Елочка»

Жүргізуші: Осымен ІІ-кіші сәбилер ботақан тобының «Қош келдің жаңа жыл төрімізге атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын: Сау болыңыздар!



© 2010-2022