КОНСПЕКТ ПО ЛИТЕРАТУРУ НА ТЕМУ Ж АИМАУЫТОВ

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қазақ әдебиеті пәні

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі».

Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін толықтыру. Оқушылардың осы сабаққа дейінгі білетін ақпараттарын еске түсіру, жаңа тақырыппен ұштастыру. Ж. Аймауытовтың «Әнші әңгімесін» түсіндіру. Мағынасын ашу, мәнін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ойлау белсенділігін арттыру, ізденіс қабілетін дамыту. Жаңа технологиялар негізінде тақырып мазмұнын ашу.
Тәрбиелігі: Туған жер, ата-қонысынан айрылған халықтың қарсылығын танытқан ақынның жүрек айқайын ұғындыру, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ қою, тірек, сызба, суреттеу, әңгімелеу.
Көрнекілігі: маркерлер, ақ қағаздар, оқулық, суреттер мен нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру жұмыстары:
А) Оқушыларды топқа бөлу. (ІІІ топ)
үш түрлі белгі және үш түрлі түстер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

Б) Үй тапсырмасын сұрау.

  • ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілдерін пысықтау

  • А. Құнанбаев ұлы тұлға

  • ХХ ғасыр әдебиеті

  • А. Байтұрсынов мысалдары

ІІ Ой шақыру.

1. Ж Жүсіпбек Аймауытов туралы не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі».

А) «Бұл кім?» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

Жүсіпбек Аймауытов кім?

Ақын Жазушы Драматург Публицист Аудармашы Домбырашы Ұстаз - ағартушы
Ғалым Психолог Актер
ІІІ. Жаңа сабақ. - Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі» жайлы түсінік беру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ әдебиеті алыптарының бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Оның қазақ әдебиетінің жанр жағынан дамытудағы еңбегі орасан зор. Ол - ақын, прозашы, публицист, сыншы, театр режисеры, аудармашы педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті. Қазақ әдебиетін проза, драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазуға қатысқан.
Осындай әдебиетіміздің, театрдың, ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді.
Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана - 1988 жылдан бастап Ж. Аймауытовтың өмірі мен еңбектері және мақалалары жарық көре бастады.


1. Ғылыми - педагогикалық мұрасы
Ғылыми - педагогикалық мұрасы

Тәрбие жетекші
Психология
Жан жүйесі және өнер таңдау
Комплексті оқыту жолдары

2. Поэзиялық туындылары

Сарыарқаның сәлемі
Ах - ха - хау
Көшу
Тұңғиық түпсіз астында
Ұршығым
Жәмила
Әскер марсельезасы
Нұр күйі поэмасы

3. Драмалық жанры

Ескі тәртіппен бала оқыту
Рабиға
Мансапқорлар
Сылаң қыз
Шернияз
Қанапия мен Шәрбану
Ел қорғаны

4. Прозалық жанрлары:
1. Романдары: «Қартқожа»1626;«Ақбілек» 1927 - 1928
4. Хикаяттары: « Күнекейдің жазығы» 1928
5. Сын мақалалары: Абайдан соңғы ақындар 1918; Мағжанның ақындығы 1923; Аударма туралы; Сұңқар жыры
6. Әңгімелері: «Бетім - ау, құдай ғой»; Елес 1924; Өмір деген осы ма?; Мысыққа ойын, тышқанға өлім 1923; Әнші 1925; Боранды болжағыш әулие; Көшпелі Көжебай 1925.
ІV. Тірек сызбамен жұмыс.

Үш топқа үш түрлі тақырып беріледі. Өздерінің ойларын жазады.

1-топқа Ж. Аймауытов

2-топқа. Ж. Аймауытов шығармашылғы

3-топқа Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі»

V. Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі»

«Әнші» әңгімесін түсіндіру жоспары:
Әншімен алғаш танысу,
Ән құдіреті.
Наурыздағы сауық той.
Аруақты әнші.
Әмірханның үйінде.
Әншінің жүдеу тұрмысы.
Ән салу - үлкен өнер.
Әнші де жылайды екен.( Қысқаша мазмұнын түсіндіру)
Әңгімедегі Әмірханның прототипі - әйгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев. Ол - Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына танылған тарланбоз әнші. Сол Парижде ол Исаның әні «Желдірмені» орындаған. Шетелдіктер ол әнді күйтабаққа жазып алған. Кейіннен Қазақстандықтар Париж мұражайынан сол жазбаны алдыртқан

VІ. Сабақты пысықтау.

Бүгінгі сабақта - Білдім, түсіндім

  • Білгім келеді

  • Сабақ ұнады

  • Сабақ ұнамады

тақырыптарына өз ойларын шағын эссе етіп жазады.

VІІ. Бағалау. Жинаған стикрлер арқылы

VІІІ. Үйге тапсырма беру. Ж. Аймауытов «Әнші әңгімесі».

  1. Тақырыбы

  2. Авторы

  3. Кейіпкерлері

  4. Негізгі идеясы

  5. Қай кезеңді суреттейді?

  6. Немен аяқталды?

  7. Не үйретті?



20. 11. 2015ж. Тексерілді: _____________

© 2010-2022