Баяндама: ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТТІЛЕУ

ҰБТ-ге дайындық                                                 «Мың ұстаз – мың әдіс»                                                                Қытай  мақалы ҰБТ негізгі мақсаты:  Түлектердің дайындық деңгейін және сапасын бағалау ҰБТ түрінде өтетін түлектердің емтиханы  түлек- оқушыларының игерілген білім деңгейі анықталып қоймай, сонымен бірге  оның  өмірде үнемі өзгеріп тұратын шынық  жағдайға  әлеуметтік және психологиялық дайындығы тексеріледі. Сондықтан түлектерді ҰБТ-ге дайындау ке...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰБТ-ге дайындық


«Мың ұстаз - мың әдіс»

Қытай мақалы

ҰБТ негізгі мақсаты: Түлектердің дайындық деңгейін және сапасын бағалау

ҰБТ түрінде өтетін түлектердің емтиханы түлек- оқушыларының игерілген білім деңгейі анықталып қоймай, сонымен бірге оның өмірде үнемі өзгеріп тұратын шынық жағдайға әлеуметтік және психологиялық дайындығы тексеріледі. Сондықтан түлектерді ҰБТ-ге дайындау кезінде оқыту, әдістемелік және психологиялық жұмыстарын жүргізген дұрыс.

ҰБТ-ге дайындалуының негізгі кезеңдері:

1. Қосымша сабақтарда теориялық материалдар мен анықтамалық әдебиеттерді пайдалана қайталау.

2. Мектептегі қосымша сабақтарда мұғаліммен тапсырылған жаттығулары бойынша өзіндік үй жұмысы.

3.Тілдік материалдың меңгеруін тексеру және жіберген қателерін түзетуі бойынша сабақтар .

4. Үй жұмысын орындағанда оқу материалы мен анықтамалық әдебиеттерді қолдана тест жинағымен жұмыс .

5. Тестілеу.

6. Қосымша сабақтарда және аралық ұлттық біріңғай тестілеуде жіберілген қателермен жұмыс.

ҰБТ-ге дайындық кезінде мұғаліммен орындалатын негізгі бағыттары:

  • сабақ барысындағы жұмыс

  • қосымша сабақтар

  • жеке кеңес

  • жаңа педагогикалық технологияның элементтерін қолдану

Оқушылардың сабақ пен қосымша сабақтарда оқуы мен бақылауын, білім деңгейін арттыруын, өзіндік біліктілігі мен өзіндік бақылауы үшін тестілеу дағдысын қалыптастыруда тесттің бірнеше түрін қолданамын.

  • Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау тесті;

  • Ашық тест;

  • Сәйкестігін табу тесті;

  • Орын тәртібі дұрыс қолданған тест.

Қосымша сабақтарды өткізу алгоритмі:

  • Теориялық материалды тақырып, модуль бойынша қайталау.

  • Логикалық ойлау қабілетін дамытатын сөзжұмбақтар, ребустар, ойындар арқылы бекіту .

  • Біз оқитын тақырыптар негізінде құрылған әртүрлі бақылау тесттері

  • Негізі: қысқаша, көрнекілік, түйіні.

  • Қосымша материалдармен қамтамасыз етілуі.

Аралық тестілеу нәтижелері бойынша қателерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі

Мониторинг жүргізу түрлері:

· Аралық тестілеу нәтижелері мониторингі

· Динамика түрінде аралық тестілеу нәтижелерінің мониторингісі .

· Тестілеуде жіберілген қателер мониторингісі.


  • Әрбір оқушының біліміндегі игерілмеген тақырыпты анықтау үшін, аралық тестілеу нәтижесі мен тақырыптық тестілеу бақылауынан кейін жеке кеңестер жүргізіледі.

  • Аралық тестілеу нәтижесінің мониторингісін пәндік мұғаліммен бірге оқушы да қадағалайды.

  • Жазбаша түрінде аралық тестілеуде жіберілген қателер бойынша салыстырмалы талдау жасалады. Белгілі формада әр оқушы аралық тестілеуде жіберілген өзіндік қателер бойынша талдау жасайды.

  • Осы мониторинг негізінде, әрі қарай тестілеуде қателер жібермеу үшін ұсыныстар құрастырылады.

Коррекциялы сабақтардың құрылымы

  • Аралық тестілеу нәтижесінің талдауы

  • Жеке картадағы типтік қателер мен игерілмеген тақырыптарды анықтау.

  • Тақырыптық оқу материалын қайталау

  • Тест бойынша оқушылардың өздік жұмысы (білімін бақылау). Өздіктексеріс.

  • Оқушылардың қателерімен жұмыс.

  • Қиындық тудыратын материалды оқушылармен талдау

  • Жеке үй жұмысы

« ҰБТ-ға дайындық» құрылымы

  • - Ұлттық біріңғай тестілеуін өткізу ережесі.

  • - Пән бойынша сынып мінездемесі.

  • - Жұмыс жоспары.

  • - Консультацияға қатысу журналының есебі

  • - Аралық тестілеудің пәндік талдауы және ұсыныстарының нәтижесі

  • - Тестілеу тапсырмаларындағы тақырыбы; сөз мағынасы; бағдарламадан тыс және стандартсыз сұрақтарының жауабы бойынша элементтік және тест жинағын талдау

  • - ҰБТ-ін өткізуге оқушыларды дайындауы бойынша әдістер мен тәсілдерді жинақтау (консультация, жеке сабақтар, арнайы тапсырмалар және т.б.).

  • - Пән бойынша әр оқушының жекелік деңгейін дамытуда технология элементерін қолдану.

Ұсыныстар:

  1. Қойылған сұрақты аяғына дейін оқып шығу керек.

  2. Егерсұрақтың жауабын білмесең немесе жауабы дұрыс екеніне сенім артпасаң,орындамай қалдыр, сосын қайтып келесің.

  3. Жауабын білетін сұрақтарға бірден жауап бер.

  4. Есіңде болсын: кейбір сұрақтардың жауабы басқа тапсырмаларда болуы мүмкін.

  5. Кейбір сұрақтардың жауабын тез шешуге болады. Қойылған сұрақтың жауабының сәйкетігін іздеу.



© 2010-2022