Қазақ әдебиеті. 6 сынып. Тест

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2015 -2016 оқу жылындағы қазақ әдебиеті пәнінен 6 сыныпқа арналған І жарты жылдық бойынша тест тапсырмалары

1. Фольклор сөзінің аудармасы не?
а) «халықтың ауызша шығарған көркем сөздері»
ә) «халықтың жазбаша шығарған көркем сөздері»
б)өлеңдер,тақпақтар
в) бір ақынның өмірбаяны
2. «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа» ертегілердің қайсы түріне жатады ?
а) тұрмыс -салт ертегілері
ә) қиял - ғажайып ертегілері
б) хайуанаттар туралы ертегілер
в) шыншыл ертегілер
3. Ертегілердің неше түрі бар?
а)3 ә) 4 б)5 в)6
4. Қиял -ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш?
а) адам
ә) аң
б) тұлпар
в) қырғауыл
5. «Алтын сақа» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

а) тұрмыс -салт ертегілері
ә) қиял - ғажайып ертегілері
б) хайуанаттар туралы ертегілер
в) шыншыл ертегілер
6. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
а) Ш. Уәлиханов
ә) М. Әуезов
б) А.Құнанбаев
в) Ә. Тәжібаев
7. «Толағай» ертегісінің басқа ертегілерден қандай ерекшілігі бар?
а) «Толағай» ертегісі қиял-ғажайып ертегі
ә) «Толағай» ертегісінің авторы жоқ
б) «Толағай» ертегісін халық шығарған
в) «Толағай» ертегісінің авторы бар
8. Мақалды толықтырыңдар. Отансыз ......., ормансыз ........
а) күрес, үлес
ә) елінде, жерінде
б) адам, бұлбұл
в) сұлтан, ұлтан
9. Мақалдың тақырыбын анықтаңдар.
«Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
а) Отан туралы
ә) білім туралы
б) сөз туралы
в) әдептілік туралы
10. Тапқырлықты, білімділікті керек ететін ауыз әдебиетінің түрі не деп аталады.
а) мақалдар;
ә) жұмбақтар;
б) ертегілер;
в) әндер;
11. «Загадка» деген сөздің дұрыс аудармасын табыңдар.
а) мақал- мәтел ;
ә) жұмбақ ;
б) ертегі ;
в) ән, жыр ;
12. Жұмбақтардың тақырыбы қандай.
а) әр алуан ;
ә) бір түрде ;
б) оқу жөнінде;
в) табиғат туралы ;
13. Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Жаны жоқ болса да,
Ақылы адам ісін істейді.
а) кітап ;
ә) өшіргіш ;
б) қарбыз;
в) бес саусақ ;
14. Аңыз әңгімелердің ертегілерден айырмасы неде екенін белгілеңдер.
а) ойдан құралған әңгімелер ;
ә) жұмбақтар,жаңылтпаштар ;
б) мақал - мәтелдер;
в) тарихта болған адамға байланысты болады ;
15. Қобыз аспабының атасы кім?
а) Қорқыт ата ;
ә) Асан қайғы ;
б) Алдар көсе;
в) Жиренше шешен ;
16. Жиренше шешен қаздың етін бөлгенде, ханға не деп береді .
а); Екі балаңыз қанатыңыз, қанат оларға;
ә) Құс мойынсыз, хан ханымсыз болмайды, мойын ханымға ;
б) Қаздың басы сізге, сіз басымызсыз
в) орта адам менмін,ортасы маған ;
17. Қорқыт ата Желмаясымен дүние шарлап, не іздейді.
а) Жерұйықты ;
ә) түйесін ;
б) сәйгүлігін ;
в) туған жерін;
18. Айтыстың неше түрі бар

а) 5
ә) 7
б) 6
в) 8

19. Әлемнің екінші ұстазы кім?

а) Аристотель

ә) Әл - фараби

б) Ахмет Иассауи

в) Қорқыт

20. Әл - фараби неше жасында Бағдатқа аттанды?

а) 15

ә)19

б) 16

в) 17



© 2010-2022