Сенсорика. Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ»

     Ойындық жағдаят. -Қараңдаршы,сендерге қонаққа қуыршақ келді,оның есімі Әйгерім. Балалар,Әйгеріммен амандасайық. Қуыршағымыз өзімен бірге түрлі түсті  моншақтар мен баулар ала келіпті. Оған мерекеге арналған сәндік моншақ керек екен.Ол сендердің оған көмектесулеріңді сұрайды. -Балалар,қуыршаққа мерекеге арналған моншақты жасауға көмектесеміз бе? Моншақтардың түсі қандай? -Өлшемдері қандай?-Моншақтар неге тізілді? Сөздік жұмыс: тізілді. -Қараңдаршы, мен бір қолыма бауды аламын, ал екінші қолы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Таным.

Оқу іс-әрекеті: Сенсорика.

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ».

Мақсаты: Балаларды өлшемі мен түсі бойынша әртүрлі геометриялық фигураларды кезектестіруге үйрету;ақ,көк түстер туралы түсінікті бекіту; «түсі бойынша әртүрлі», «өлшемі бойынша әртүрлі» деген ұғымдар мен «үлкен-кішкентай» деген түсініктерді дұрыс айта білуге үйрету.

Дамытушылығы: Ұсақ бөлшектерді бауға тағуды орындай отырып,саусақ ұштарының маторикасын дамыту.

Тәрбиелігі: Ойыншықтарды күтіп ұстауға,мұқият ойнауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қуыршақ Әйгерім;моншақтар мен баулар салынған себет;әрбір балаға 4 үлкен ақ түстен және 4 кішкентай өлшемді көк түстен моншақтар;әр бала үшін бір жақ ұшында қатты бекітпесі мен екінші жағында ілгіші бар бау.

Сөздік жұмыс: тізілді.

Іс әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалрдың іс-әрекеті.

Себепті

туғызушылығын ояту кезеңі.

Ойындық жағдаят.

-Қараңдаршы,сендерге қонаққа қуыршақ келді,оның есімі Әйгерім.

Балалар,Әйгеріммен амандасайық.

Қуыршағымыз өзімен бірге түрлі түсті моншақтар мен баулар ала келіпті. Оған мерекеге арналған сәндік моншақ керек екен.Ол сендердің оған көмектесулеріңді сұрайды.

-Балалар,қуыршаққа мерекеге арнал-ған моншақты жасауға көмектесеміз бе?



Балалар қуыршақпен амандасты.



Балалар,қуыршаққа

мерекеге арналған

моншақ жасауға көмектесетіндерін айтты.

Ұйымдастыру

шылық

ізденіс кезеңі.

-Моншақтардың түсі қандай?

-Өлшемдері қандай?

-Моншақтар неге тізілді?

Сөздік жұмыс:тізілді.

-Қараңдар,мен бір қолыма бауды аламын,ал екінші қолы-ма үлкен ақ моншақты ала-мын,енді бауға ақырын өткізе-мін.Сосын кішкентай көк моншақты аламын және тағы да бауға өткіземін.

Мен қазір әрқайсыларыңа жеке келіп,моншақты бауға қалай дұрыс тізу керектігін үйретемін.Сонымен аяғына дейін барлық моншақты тізіп біткенше жалғастырамыз.

Моншақты тізіп біттік,енді ұшын байлап қоямын.Қуыршағымызға моншақты кигізейік.Әйгерімге біздің жасаған моншағымыз өте ұнады.

Сергіту сәті.

Моншақтарды алайық,

Мойнымызға тағайық.

Дөңгелене би билеп,

Көңілденіп алайық

-Ақ,көк.

-Үлкен және кіш-кентай.

-Жіпке тізілді.

Қайталады:тізілді.



Балалар кезекпен тәрбиешінің көмегі-мен 2моншақтан өткізді.

Балалар өздігінен немесе тәрбиеші-нің көмегімен қайталап жасады.



Балалар қимыл-қозғалыстар жаса-ды.

Іс-әрекетті

бағалау кезеңі.




«Қуыршақтардың мойнына мошақ тағамыз»дидактикалық ойыны.

Балалар,жасаған моншақтар-ымызды топтағы қуыршақтарға тағайық.Бүгінгі оқу іс-әрекетім-ді дидактикалық ойынмен қорытындыладым.

Топтағы барлық қуыршақтардың мойнына моншақ-тар тақты.


Күтілетін нәтиже:

Нені жасады: Қуыршақтардың мойнына тағатын моншақтарды тізді.

Нені түсінді: «Үлкен, кішкентай» түсініктерін; «түсі бойынша әр түрлі», «өлшемі бойынша әр түрлі» сөздерінің мәнін; ақ, көк түстер туралы ұғымды түсінді.

© 2010-2022