Шәкәрім - 155 атты конференция сабақ

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақШәкәрім - 155 атты конференция сабақПән: Қазақ әдебиеті Сынып: 9-11 сыныптар

Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдық мерейтойына арналған "Шәкәрім - 155" атты оқушылар арасындағы конференция.

Мақсаты: Халқымыздың біртуар азаматы, жерлесіміз, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірлік және шығармашылық жолдарына тоқталып, жан-жақты ашу, жалпы қызығушылық таныту. Оқушылар бойында зерттеушілік қабілет дамыту.

Мұғалім: - Әдебиетіміздің тарихында ұзақ жыл орны ойсырап келген, елге ежелден белгілі болған ақын-жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді айтамыз.

Биыл, ақын, философ ,сазгер, аудармашы. Абайдың немере інісі әрі шәкірті Ш. Құрайбердіұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Әдебиеттегі алып тұлға, айтулы сан. Ақынның өмірі мен шығармашылығын жан -жақты ашу үшін, бүгінгі "Шәкәрім - 155" атты конференция сабағына әр саладағы мамандар бас қосып отыр.

1) Тарих ғылымының докторы, белгілі тарихшы маман - Қарақас Ақылбек (11 сынып оқушысы)

2) Аудармашы - Кокенова Ақмарал (11 сынып оқушысы)

3) Саясаткер - Гайсин Ринат ) (11 сынып оқушысы)

4) Абайтанушы - Хамқаш Гүлдана (10 сынып оқушысы)

5) Дінтанушы - Сембаев Еркебұлан (10 сынып оқушысы)

6) Сазгер - Баянды Бердімұрат (9 сынып оқушысы)

7) Филология ғылымдарының докторы - Қайратова Мөлдір (9 сынып оқушысы)

8) Психолог, профессор - Мұхатова Қарлығаш (9 сынып оқушысы)

- Жерлесіміздің айтулы мерейтойы құтты болсын, қош келдіңіздер дей отырып, бірінші сауалымызды тарихшы ретінде Ақылбекке бағыттамақпыз.

Тарих пен әдебиет бірін - бірі қосақтап, жетелеп отырады. Өмір шындығын әдебиет көркем тілмен жеткізеді. Ал тарих, бұл - өткен өмір, көшіп кеткен керуен. Адамды танимыз десек, әуелі сол адамды тудырып отырған заманды танып алуымыз керек. Шәкәрім өмір сүрген заман туралы айта кетсеңіз.

(Тарихшы сөз алады)

"... Қайықпен кездім теңіз ауыр күнде,

Қанды оқпын, қара толқын, қара түнде.

Заманым заманыңа сәйкес келмес,

Сынап көр сол қайыққа сен де мін де.."

Бұл өлең шумағында да ақын адамды сынамас бұрын, оның заманын білу шарт екенін ескертеді.

М. Әуезов "Абай ақындығының айналасы" атты мақаласында Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар туралы айта келіп: "... Мұндай ақын - төртеу. Оның екеуі - Ақылбай, Мағауя. Абайдың балалары... Қалған екуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынадағы шәкірттері, Абайдың аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы болудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан өлең де жазған. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады",-дейді Мұхтар өз мақаласында.

Абай мен Шәкәрім арасындағы байланысты, Шәкәрімнің шыққан тегі туралы толығырақ Абайтанушы ретінде Гүлдана айтып берсеңіз.

(Абайтанушы сөз сөйлейді)

Өзінің ұлы ұстазы - Абай ағасының "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адам үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың" деген өсиетін берік ұстанған.

Шәкәрім ауылдан ұзап, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де - Абай.

"... Мынау Абай - бір ғалым жол шығарлық,

Замандасы болмады сөз ұғарлық.

Амал жоқ, айналды енді бізге

Күн туды етегіне жабысарлық",-

деп жырлайды ақын.

"Өлең сөзді шеберлеп, айтқаным мақұл болар деп" ақылы кемелденіп, ой-өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастаған тұстары, жалпы ақындығы туралы Мөлдір айта кетсеңіз.

(Филолог сөз сөйлейді)

"Ақылмен таппай иман жоқ" деп Шәкәрімнің өзі айтпақшы, жүрегінде иманы бар адам, Ислам дінінде айтылған парызын айту керек. Шәкәрім Меккеге барды, "қажы" атанды. Дін жолына түскен Шәкәрім туралы айта кетсеңіз.

(Дінтанушы сөз сөйлейді)

Аударма - асқан шеберлікті қажет ететін сала. Ол қандай шеберлік? Аударманың қыр-сырлары туралы Ақмарал айта кетсеңіз.

(Аудармашы сөз сөйлейді)

Шәкәрімнің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы тұңғыш рет Ташкентте шығатын "Шолпан" журналының 1922-1923 жылғы сандарында жарияланды. Басылған "Ләйлі - Мәжнүн" поэмасының шырқы бұзылып, сапасыз болып шыққанына қатты ренжіген Шәкәрім Семейде шығатын "Қазақ тілі" тазетіне хат жазып жариялаған:

"... Баяғы түріктің атақты ақыны Фзули өлеңінің басында айтқан: " А, Құдай! Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі: ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі: жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазудан сақта, оның себебі: менің "көз" деп жазылғанымды "көр" деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді",- деген.

Шәкәрімнің музыка саласындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Ол жиырмадан астам ән шығарған. Бір өлеңі былай аяқталады:

Шығардым әндер жаңалап,

Саларсың сынға саралап,

Ұнаса, ойладым, әншілер салсын деп,

Белгі болып бір мұра кейінгіге

Әнімнен де қалсын деп.

Сазгерлігі жөнінде Бердімұрат сізге сөз.

(Сазгер сөз сөйлейді)

Бүгінгі жастар, ХХІ ғасырдың жас оқырмандары, Шәкәрім Құдайбердіұлының кім екенін, оның шығармашылығын біле ме, жоқ па деген сұрақ төңірегінде профессор, психология ғылымдарының докторы Мұхатова Қарлығаш мектепішілік, 1-11-сыныптар аралығында сауалнама жүргізіп, сараптама жасады. Сараптаманың қорытындысын тыңдасақ.

(Психолог сөз сөйлейді)

Шәкәрімді Абайдай, Мұхтардай биік тұғырға көтеру үшін қандай жолдармен жүру керек. "Биік тұғырдағы Шәкәрім" атты кестені әр саланың маманы бірге отырып, талқылап, бір шешімге келіп толтырсаңыздар.

Шәкәрім тұғыры



Көрермендермен сайыс. "Шәкәрімтанушы" атағына лайық оқушыны анықтау. (Сұрақтар қойылады)

1) Шәкәрім Құдайбердіұлының туған жылы мен туған жері?

2) Шәкәрім кімнің қолынан қаза тапты?

3) Орыс классиктерін оқуға ықпал еткен кім?

4) Түрік, қырғыз, қазақ және тағы кімдердің шежіресін жазған?

5) Ш. Құдайбердіұлының бір өлеңін жатқа айт.

6) Орыс классиктерінен кімді аударды және қандай шығармасын?

7) Бірінші өлеңі қай сәтте және қандай жағдайда пайда болды?

8) Құдайберді Құнанбайдың қай әйелінен туған баласы?

9) Шәкәрім қай ғасырда өмір сүрді?

10) Шәкәрімнің өзі жазған және аударған дастандарын ата?

11) Шәкәрімге "қажы" атауының берілу себебі?

12) Шәкәрімге арналған ескерткіш қай жерде орнатылды?

13) Шәкәрім "Бес арыстың" құрамында. "Бес арысты" ата.

Бүгінгі өткізіліп отырған конференцияның мақсаты - Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге біраз болса да үлесімізді қосу. Өйткені Шәкәрімнің аты , еңбегі елге ерте әйгілі болғанымен, оның өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеген еңбектер жоқтың қасы.

Кетермін, артта жалған сөзім қалар,

Кейінгі талапты жас қолына алар.

Бірі жөн, бірі теріс айтыпты деп,

Таласып өздерінше сынға салар.

- Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Биік тұғырдан көрініңіздер!











© 2010-2022