Ашық сабақ Ғ. Мүсірепов Ананың анасы 7класс

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ әдебиеті

Класы: 7 кл

Мұғалімі: Жәкенова Гүлхан Біржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» (7 - сынып)
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің мазмұнын меңгерту, тақырыбын, идеясын ашу, аңыз туралы әдеби - теориялық ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, қиялын, образды ойлауын дамыту. Тәрбиелік. Аналарды сыйлауға, құрметтеуге, аталы сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс - тәсілі: баяндау, талдау, проблемалы ізденіс
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу.

Сабаққа назар аударту.

Топқа бөлу
2. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Ол тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа) түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқып, 1927 - 1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды.

ҚЫЗМЕТІ

  • 1928 - 1938 жылдары «Қазақстан» баспасында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде редактор, Қазақ АКСР халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің саяси - ағарту бөлімінің меңгерушісі.

  • 1938 - 1955 жылдары шығармашылық жұмыстармен айналысқан, Қазақстан Жазушылар одағы төлалқасының мүшесі

  • 1956 - 1957 жылдары «Ара - Шмель» журнарының редакторы

  • 1957 - 1962 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1 - хатшысы

  • 1974 - 1975 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы

    Негізгі бөлім.
    Мәтін мазмұнымен таныстыру.

Топпен жұмыс:

1 - топ Баяндаушы 2 - топ Зерттеуші 3 - топ Бағдарлаушы 4 - топ Суреттеуші

1 - топ шығарманың мазмұнын баяндайды және кейіпкерлерді табады
«Ананың анасы» әңгімесінің тақырыбы - бүкіл тіршіліктің иесі ананың алдында бас ию. Идеясы - аналарды қадірлеу, құрметтеу.
«Ананың анасы» әңгімесінің композициясы:

2 - топ Зерттеуші мазмұны бойынша жоспар құрады
Басталуы. Оқиға ақ бас, соқыр қарт Әйтілестің әңгімесінен басталады.
Байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануы, қалың жылқыны барымталауы, тезек теріп келе жатқан жас қызды олжалауы.
Шиеленісу: Іздеп келіп қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, артынан қуып келген қыз анасының барымташылардың алдын орап алуы.
Шарықтау шегі: Әумесер Кейкінің үкімі - қызды шешесімен бірге ат жалына өңгертіп, күңдікке алып кету.
Оқиғаның шешімі: Сөзден жеңіліп, ойға шомып, тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық беруі.

3 - топ Бағдарлаушы басты кейіпкерлерге образдық талдау жасайды

Жалпақ батырға, анаға үлгі бойынша образдық талдау жасау.
1. Кейіпкердің портреті.
2. Кейіпкердің мінезі.
3. Ұнамды немесе ұнамсыз іс - әрекеті.
4. Мақсаты.

4 - топ Суреттеуші шығарманың бір бөлігі бойынша сурет салады

Сұрақ:

  1. Әңгіме неге "Ананың анасы" деп аталған? Өздерің қалай атар едіңдер?

  2. Шығарма оқиғасының Әйтілес қарт әңгімесімен берілу себебін

қалай түсінер едің?
Аңыз. Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді, әсіресе, қиял араласқан фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті, өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар, аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.

Сұрақ:

  1. Жалпақ балуан кім?

  2. Қырық Жігіт пен Жалпақ Балуанды тізе бүктірген қандай күш?


1. Оқушылар, әңгімеден тарихи шындыққа лайық салт - дәстүрлердің қандай түрлерін кездестірдіңдер? Сауға сұрау, сүндет той жасау, күрес
2. Жалпақ балуанның орнында өзіңіз болсаңыз, не істер едіңіз?
3. Шығармада қай эпизод сізге ерекше әсер етті?

Түйін сөз:
1.Зат есім (бір сөз ) - Ана

2.Сын есім(екі сөз)- мейірімді, қамқор

3.Етістік(үш сөз)- мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді

4.Үстеу (төрт сөз)- шырылдап жерге түскен кезде

5.Түйін сөз(бес сөз)- Ана ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың

Білемін

Білгеніме сәйкес келеді

Жаңа нәрсе

Тереңірек білгім келеді


Ана туралы қандай мақал - мәтелдерді білеміз?
Ана тақырыбындағы бір ән шырқайық.



6. Үй тапсырмасы
а) Әңгімені оқып, мазмұндау
ә) сөздікпен жұмыс

7. Бағалау парағы

Қорытындылау: «Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ! Мақтасақ әйелді мақтайық, құрметтейік те әйелді құрметтейік. Әйел ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!»- деген жазушының өз сөзімен сабақты аяқтаймын.







Сабақтың жарнамасы:

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?

Бетін жуған жасымен сорлы анаңа

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

5.1.Шығарманың экспозицясы (дайындығы)-молда оқуы

5.2.Сюжеттік байланыс-қалың жылқы, ұрланған қыз

5.3.Шиеленісуі -жылқышының мерт болуы, қуып келген қыз анасы

5.4.Шарықтау шегі-Ана сөзі

5.5.Шешімі-Ана мен қызына берілген бостандық

7.Әдеби теориялық ұғымдар

Теңеу: етектей сақал, күмістен құйғандай ақ сақал, құйған пештей, ұршықтай

ойнап, бөкендей бүктетіліп

Эпитет: шалқыған шанқай түс, жалба- жұлба тері тон, сағал-сағал тері шұбырған,

надан молдадан, төрт бұрышы жемірілген ескі тоқым сияқты

Тұрақты сөз тіркесі: көзді ашып- жұмғанша, терімізге сыймай, қабағымыздан қар жауып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай

Дисфемизм: қызы қатынға, қазақтың қатыны

«Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!»- деген жазушының өз сөзімен сабақты аяқтаймын.

ҮІІІ.Үйге тапсырма:

Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы басқа әңгімелерін оқып келу

ІХ.Бағалау.



Б а ғ а л а у п а р а ғ ы

Оқушының

аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

Достарының бағасы

Мұғалімнің

бағасы

Қорытынды баға















© 2010-2022