Тақырыбы: Мұражайлар 9 сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сынып:9 В

Сабақтың тақырыбы: Мұражайлар

Сабақтың мақсаты: Қазақстан мұражайлары туралы мәлімет беру, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, әдемі көркем жазуға дағдыландыру, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, мұражайлар туралы кеңінен білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Мәтінді сауатты, түсініп оқуға дағдыландыру, бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерін тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау; сөз таптарын практикалық жолмен меңгерту;

Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

Сауаттылыққа, дұрыс сөйлей білуге, адами қасиеттерге тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Қазақстанның мұражайлары туралы түсініктерін кеңейеді.

Мәтінмен танысып, сөздікпен жұмыстану арқылы сөздік қорлары көбейеді.

Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы талдау дағдылары жетіледі.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық жұмыс, ой қозғау, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, грамматикалық кестелер, суреттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Мұражай сөзі нені білдіреді?

Мұражай қандай қызмет атқарады?

Мұражайдың рөлі қандай?

Мұражай қандай топтарға бөлінеді?

Мұражай ісінің негізгі бағыттары қандай?

ІІІ. Мәтінмен жұмыс.

«Қазақстан мұражайлары» атты мәтінді түсініп оқу, аудару.

Қазақстанда 1913 жылы - 3, 1927 жылы - 6, 1937 жылы - 19, 1939 жылы - 25, 1970 жылы - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражайлар саны 154-ке жетті.

Оңтүстік мемлекеттік мұражайы (1930), Әбілхан Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1962), ҚР Археология мұражайы (1973), Кітап мұражайы (1978), Ықылас атындағы республикалық халық саз аспаптар мұражайы (1980), ұлттық валюта мұражайы (1980), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), Президенттік мәдени орталық (2000), Мемориалдық мұражайлар да Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайы, абай-Шәкәрім кешені, Д.Қонаевтің, Қ.Сәтбаевтің, Ж.Жабаевтің, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемориалдық мұражайлары. Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне:

Көрмелер;

Экспозициялар ұйымдастыру;

Тақырыптық дәрістер;

Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу;

Мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.

Мысалы, қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізіледі.

Сұрақтарға толық жауап беріңдер.

Қазақстанның мұражай саны қаншаға жетті?

Мұражайдың қандай түрлерін білесіңдер? Атап шығыңдар.

Олар нешінші жылдары құрылған?

Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер?

Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне нелер жатады?

ІV. Топпен жұмыс.

Сызба бойынша мәтін дайындаңдар.

2. Сандарды сөйлет. Әр топ үш сөйлемнен құрастырады.

Тақтада берілген кестені толтыр. Қай мұражай қай жылы құрылғанын айт, дәптеріңе жаз.

Жылы

Мұражайдың аты

V. Бекіту.

Сұрақ - жауап.

Қазақстанның қандай мұражайларын білесіңдер?

Қазіргі кезде Қазақстанда неше мұражай бар?

Мұражайдың қандай түрлері бар?

Қандай атақты адамдарға мұражайлар арналған?

Тестілеу.

Мұражай қай тілден аударғанда «муза сарайы» дегенді білдіреді?

А. латын тілінен

Б. грек тілінен

В. парсы тілінен

Д. орыс тілінен

2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?

А. мәдени құндылықтар

Б. қазыналық қор

В. көне замандардағы коллекциялар

Д. бағалы бұйымдар

3. Ә.Қастеев атындағы республикалық мұражайы қалай аталады?

А. археология мұражайы

Б. кітап мұражайы

В. асыл металдар мұражайы

Д. өнер мұражайы

4. Қазақстанда қазіргі уақытта мұражайдың саны қанша болды?

А. 3

Б. 29

В. 25

Д. 154

5. М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?

А. 1920 жылы

Б. 1985 жылы

В. 1962 жылы

Д. 1951 жылы

6 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің мұражайы қай қалада?

А. Алматы

Б. Ақтөбе

В. Астана

Д. Қарағанды

VI. Грамматикалық тақырыппен жұмыс.

1. Сан есімге түсінік беру, мысалдар келтіру.

- Сан есім дегеніміз не?

- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?

- Тұлғасына қарай сан есім қандай болады?

- Құрамына қарай сан есімнің түрін анықта.

- Мағынасына қарай сан есімдерді ата.

- Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы құрылады?

- Реттік сан есімнің жұрнақтарын атаңдар.

- Оннан бес - қандай сан есімнің түріне жатады?

2. Морфологиялық талдау жасау: жетеу, тоқсан төртінші.

Мысалы:

Жетеу - нешеу? Сан есім

І. Дара, туынды, жинақтық

ІІ. Жет - түбір

Еу - сөз тудырушы жұрнақ, жинақтық сан есімнің жұрнағы.

ІІІ. жетеу - анықтауыш

Тоқсан төртінші - нешінші? Сан есім.

І. Күрделі, туынды, реттік

ІІ. Тоқсан - түбір, төрт - түбір;

Інші - реттік сан есімнің жұрнағы, сөз тудырушы жұрнақ.

ІІІ. Тоқсан төртінші - анықтауыш

VII. Балалардың білімін бағалау.

VIII. Қорытындылау.

© 2010-2022