Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік»

Мақсаты:

1 - жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар! Бүгін біз елеміздің сан мың жылдар бойы армандаған тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік егемендік күні мерекесіне арналған «Болашақты нұрландырған - Тәуелсіздік» атты мерекелік іс - шарамызды ашық деп жариялаймыз.

2 -жүргізуші

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін.

1 - жүргізуші

Бақыт, тірлік- күн талабы,
Тоқтамайды шаттық әні.
Мәңғі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын

2 -жүргізуші

Мектебіміздің басшысы Жахин Рүстем Жанатайұлына құттықтау сөз кезегі беріледі.

1 - жүргізуші

16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш колданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады! Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған апаларымыздың,ағаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.

(1 минут унсіздік)

2- жүргізуші

Алдымызда еліміздің салтанатты да, мерейлі мерекесі - Тәуелсіздік күні келеді.Тәуелсіз ел атанып, өз алдына дербес мемлекет болу айтар ауызға оңай көрінгенмен, біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ.

1 - жүргізуші

Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,

Ақша қар бұл қыстың нағыз сәні еді.

Туған жерге қонып жатыр үміттер,

Сол үміттер жырға мені бөледі

Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,

Ақ ұлпалар бетті аймалап өбеді.

Қойнауына еніп кеткен тарихтың,

Оқиғалар ойға еріксіз келеді.

2- жүргізуші

-Ия Аружан дұрыс айтасың, Сол бір кездегі талай дара, даналардың көз жасы бізге осынау Тәуелсіздікті алып келді емес пе.

1 - жүргізуші

Қазақтың санасын сілкіндіріп, дүние жүзінінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан оқиғасы жылдар бойғы арман мен тәуелсіздіктің алғашқы қайнар көзі болды.

1 - оқушы

Тәуелсіздік алған елімізді ойласақ Желтоқсан оқиғасы көз алдымызға келеді. 1986 жылдың 16 желтоқсаны - ел тарихындағы ұлы күн. Бұл күні Қазақстан Республикас ширек ғасыр басқарып клген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Қазақстанның бірінші басшысы етіп 18 минут ішінде Генадий Колбинді сайлады. Оған бүкіл қазақ жастары қарсы болды. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылда Қазақстанды 21 басшы басқарған екен. Оның үшеуі ғана қазақ басшысы болған екен. Олар Мұхамедқалиев, Шаяхметов, Қонаев.

2 - оқушы

Генадий Колбиннің басшы болып келуі, көпшілікке ашық күндегі найзағайдай әсер етті. Себебі ол Қазақстанның ішкі сыртқы саясатымен, эканомикасымен тек сырттай таныс, сырттан келген «басшы» еді.

3- оқушы

Желтоқсан көтерілісінің себебін бір жақты қарап, бір ауыздан түсіндіру мүмкін емес. Десекте, бұл саяси оқиғаның бастамасы басшылыққа Генадий Колбиннің келуі болды. Бұл - қазақ халқының намысын қозғады. Сөйтіп ар - намысты ұл - қыздар үкімет үйіне бет алды.

4 - оқушы

Бұған барлық қазақ жастары қарсы болды. Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмаяқ қойсын келіселік; Бірақ қазақстанның толғақыты мәселелерін білетін осында туып өскен адам болсын деді. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16 желтоқсандағы қанды оқиға басталды.

5- оқушы

Бұл күн ызғарлы аязды күн еді. Шеруге шыққан жастарға су шашылды, аяусыз жаншыды. Қыздарды бұрымынан сүйреп, өлімше етіп соқылады. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ереуіліне қарсы қойды. Бірнеше ескертулер жасалып, алаңды босауды талап етті. Алайда жиналған топ қозғалмады.

2 - жүргізуші

Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!- деп барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып 5 сынып оқушыларның орындауында «Елім менің» атты тамаша әнімізді тарту етеміз

Сахналық көрініс (Музыка ойналып тұрады, сахнаға көрніс көрсетуші оқушылар шығады)

1- жүргізуші

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Әдеби монтаж

2 - жүргізуші

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі,еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей отырып сахна төріне әнші --------------------------------« Көк тудың желбірегені» әнімен шақырамыз.

1 - жүргізуші

Өмірбаян

2 - жүргізуші

Көрініс

Алдарыңызда бастауыш сынып жігіттері «Батырлар биі»

1 - жүргізуші

Ән «Желтоқсан желі» Талғат мұғалімнің орындауымен

2 - жүргізуші

Бұл тәуелсіздік шежіресі - қазақ тарихының ешқашан көнермейтінін де, көкейден кетпейтін де, жадымыздан жойылмайтын да, жоғалмайтын асыл ақиқаттың анығы мен қанығы болып қала бермек. Ендеше ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, армандап өткен тәуелсіздіктің тұғырын - мызғымас берік, азаттықтың ақ туын еңкейтпей биік ұстау бүгінгі жас ұрпақтың мойына жүктелген үлкен міндет!

Хор «Жаса Қазақстан»

1 - жүргізуші

Туымыз тұғырлы

2 - жүргізуші

Әнұранымыз айбарлы

1 - жүргізуші

Елтаңбамыз еңселі

2 - жүргізуші

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

1 - жүргізуші

Қазақ елінің мәртебесі арқашан биіктей берсін!



© 2010-2022