Әдебиет пәнінен Абайды оқы, таңырқа тақырыбы бойынша жоспар

Сабақтың тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;              ә) туған жердің тарихы мен тілінің қадір -қасиетін ұғындыру;                 б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой -өрісін дамыту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (ашық сабақ) Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, іздендіру, т.б. Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, бүкпе қағаздар, презинтация Пәнаралық байланыс: ... Не білетін едім Не үйрендім Нені білгім келеді         Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына   қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма : «Абай –дана, Абай –дара» атты тақырыпқа ой -пікір жазып келу.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиет пәнінен Абайды оқы, таңырқа тақырыбы бойынша жоспарАқкөл орта мектебі




Тақырыбы:

«Абайды оқы, таңырқа!»











Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ф.А.Азмағамбетова











2013 - 2014 оқу жылы

Күні:18.02.2014 ж. Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа!

Сабақтың мақсаты: а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

ә) туған жердің тарихы мен тілінің қадір -қасиетін ұғындыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой -өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (ашық сабақ)

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, іздендіру, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, бүкпе қағаздар, презинтация

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Бірнеше сұрақ қоямын.

  1. Абайдың өмірі жайлы не білесіңдер?

  2. Неше қарасөзі бар?

  3. Қандай өлеңдерін оқыдыңдар?

  4. Әндері туралы не айтасыңдар?

  5. Поэмалары туралы не айтасыңдар?

  6. Абай қандай адамдардан білім алған?

  7. Шәкірттері жайлы не білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары -адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатында білімдерімізді талдай түсейік.

Тапсырмамен жұмыс: Оқушыларды екі топқа бөліп, сұрақтарды таратамын.

  1. Абайдың руы (тобықты)

  2. Абайдың алғаш дәріс алған татар молдасы (Ғабитхан)

  3. Абайдың жеті атасын атаңыз(Құнанбай, Өскенбай, Ырғызбай, Айдос, Томан,Тобықты, Арғын.)

  4. Абайдың поэмасы («Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».)

  5. Абайдың неше күйі бар( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

  6. «Медғат -Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған (Мағауия)

  7. Абайдың орыс досы

  8. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

Кітаппен жұмыс: Хрестоматиядан кез -келген өлеңіне әдеби талдау жасау.

Іnsert : Таблицаны толтырады.

Не білетін едім

Не үйрендім

Нені білгім келеді



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Абай -дана, Абай -дара» атты тақырыпқа ой -пікір жазып келу.


© 2010-2022