Статья на тему Жаңа мектепте - жаңашыл ұстаз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз»

«Ұстаз - ұлы есім», - деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, ұстаз деген есім қасиетті де құдіретті ұғым. Себебі, мұғалім - мектептің жаны. Мұғалімнің бір ғана сыры бар. Ол оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан тарайды деп айта аламын. Мұғалімнің өз пәнін жете меңгеруі оның ең алғашқы қыры, ал кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай түсуі екінші қыры деп білемін. Үшінші қыры - мұғалімнің тіл шеберлігі. Сөзді жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда айтқанымдай, ұстаз сан қырлылықты, жан жақтылықты талап ететін мамандық деп білемін.

«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға кеп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол - ұстазым Аристотель», - десе, Абылай хан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды, Жамбыл Сүйінбайды ұстазым деп шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше ұстаз деген, мұғалім деген мамандық нағыз құрметке ие мамандық деп есептеймін.

Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мағлұмат бере отырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуына, яғни бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әртүрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы десе, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы ақыл мен білім, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрапқтың еншісінде. Бұл мұғалімге өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Елбасымыздың осы жылғы Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» - деп айқын атап көрсетті.

ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын.

Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында.

Авторы: Дорогинка негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахымжанова Айша Айқынқызы


© 2010-2022