Разработка мастер-класса на тему Блум таксономиясы арқылы қойылатын сұрақтар

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАСТЕР-КЛАСС


Аты-жөні және жұмыс орны

Тлеукенова Ботагоз Бакытбековна

Раисова Бакытгуль Токтасыновна

Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі

Сабақ тақырыбы:

Блум таксономиясы арқылы қойылатын сұрақтар

Жалпы мақсаттары:

Мұғалімдерге Блум таксономиясын таныстыру;

Блум таксономиясының көмегімен қойылатын сұрақтармен таныстыру;

Тәжірибе жүзінде Блум таксономиясы арқылы мәтінге сұрақ қою

Күтілетін нәтижесі:

Кроссенс әдісімен танысады;

Сабақтағы диалогтың маңыздылығын түсінеді;

Диалогта дұрыс қойылған сұрақтардың маңыздылығын түсінеді;

Мұғалімдер Бенджамин Блум мен және Блум таксономиясы туралы түсінік алады;

Сұрақтардың түрлерімен танысады;

Тәжірибе жүзінде мәтінге Блум таксономиясының көмегімен сұрақтар қояды

Түйінді идея:

Блум таксономиясы; сұрақтардың түрлері және олардың қойылу кезеңдері; сұрақтарды диалогта қодана алу

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Бір шаңырақтың астына тұрып әрқайсысыларыңыз бір уығын алсаңыздар!

Амансыздар ма, қонақтар!

Амансыздар ма, әріптестер!

Сәлем көрші, сәлемімді қабыл алшы,

Жабырқамай күлімдеші, тамаша күн бүгін деші, - деп бүгінгі күнге сәттілік тілейміз!

Енді осы адамдар бір топ болып отыра қалыңыздар!

Директор, қара шаңырақтың иесі ретінде, 5-5-тен бірігіп түйілген ленталар жиынтығын біріктіріп ұстап тұрады. Қалған мұғалімдер сол ленталарды бір-бірден ұстайды, кейіннен директор жібергеннен кейін, мұғалімдер өздері ұстаған ленталардың бірігуіне байланысты топтарға бөлініп отырады

Қызығушылық ояту

Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу

4 мин

Назарларыңызды маған аударсаңыздар. Сіздерге ойлау шығармашылығына терең үңілетіндей, талантты және дарынды балаларды дамытатын, сыни пікір көзқарастарын дамытатын, сыни ойлануға итермелейтін бірден бір әдіс «кроссенс» әдісін ұсынғалы отырмын, бұл әдісті сабақтың әр кезеңінде де, сабақтан тыс та қолдануға болатын оңтайлы әдістердің бірі. Кроссворд деген сөз ағылшыннан аударғанда сөздердің қиылысуы болса, Кроссенс - ойлардың қиылысуы деген мағынаны береді. 2002 жылы бұл әдіс идеясының негізін қалаушы Сергей Федин мен техника ғылымдарының докторы, суретші, философ Владимир Бусленко болатын. Сіздердің алдарыңызға қарапайым кроссенс ұсынғалы отырмын, әрбір квадраттағы суреттердің байланысын тауып, жүйелі түрде айтып берсеңіздер. Негізі кроссенс 9 квадратта бейнеленген суреттерден тұрады. Қатар тұрған екі сурет бір-бірімен тығыз байланыста ал ортадағысы барлығымен тығыз байланыста болады. Мысалы, тарихи дәуір кроссенсі Петр 1-ші ден бастап барлық ел басқарған патшаларды көруге болады. Бұл кроссенстен тек портреттер ғана көрсеңіздер енді мұны ары қарай түрлендіріп, қиындатуға, терең ойлауға, жан жақты болуға итермелейтіндей етіп жасауға болады. Бұл жерде мұғалімнің шығармашылығы, көшбасшылығы да көрінеді. Мына кроссенста әр патшаның хоббиі немес қалдырған ізі, немес айдауда болған жері, қызығатын ісі де болуы мүмкін. Енді сіздердің алдарыңызға бүгінгі мастер кластың тақырыбын айқындайтындай, осы сабақтан не алатындарыңыз жайлы ой салатын кроссенсті шешіп көрсеңіздер. Біздің шешімімізден: Әр адам ойлануға жаралған, дайын білім беру арқылы біз оқушыларды ойлануға жетелемейміз. Біз тек үлгімен, алгоритммен жүріп ойымыз қақпанда болғандай, сол ойларға еркіндік беріп, өз ойымызды, оқушы ойын еркін айтуға, жеткізуге үйрету біздің, ұжымның қолында, жаңаны, әр нәрсені тек терең ойлану мен зерттеу, талқылау арқылы ғана артыңнан із қалдырып, жол сала аласың. Осы жолда әрқашан биіктен көріну үшін Блум таксаномиясының 6 қадамын жақсы білу маңызды. Оны тек өзің ғана біліп қоймай әріптесіңе үйрет, өйткені жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, не нәрсені болса да бір шаңырақтағылар бірге, әрқайсысы ойланып істесе оң нәтиже беретініне сенімдіміз!

Мұғалімдердің назарына ұсынылған кроссенс әдісін дұрыс түсініп, кейін өздеріне берілген кроссенсті шешіп көруге тырысады

Теория

1 тапсырма: әңгімелесу түрлерін ажырату

5 мин

Ендеше оқушы өстіп сабақты айтса, нұр үстіне нұр емес пе. 3-деңгей бітірген мұғалімдердің негізгі мақсаты сабақта оқушыларды терең сыни ойлануын, функционалды сауатты болуын 7 модуль арқылы дамыту. С оның бірі диалог арқылы оқытуды ұсынып отырмыз өткені диалог ...
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау, және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсеткен

Мұғалімдер диалогтың маңыздылығын, түсінеді және әңгімелесудің түрлерімен таныс болады: Берілген анықтамалармен әңгімелесудің түрлерін сәйкестендіреді және соның ішінде зерттеушілік әңгіменің ең маңызды екенін табады.

Негізгі бөлім

5 мин

Сұрақ қоюдың жалпы үлгісімен таныстыру және Бенджамин блум және таксономия туралы түсінік бере кету.

Таксономия (грекше. táxis - орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos - заң).

Таксономия - олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.

Интербелсенді тақта арқылы Блум таксономиясымен танысады.

2 тапсырма: Блум таксономиясы бойынша берілген мақсаттарға сәйкес қандай етістіктер қолданылады

5 мин

Мақсаттар

Пайдаланылатын етістіктер

Білім

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Талдау

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Мұғалімдер өздері етістіктер түрін жазып көреді, кейін берілген дұрыс жауаптармен салыстырып, өздерін толықтырады.

3 тапсырма:

«Блум таксономиясы бойынша өз бетіңізбен сұрақ түрлерін қойып көріңіз»

5 мин

Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Білу және түсіну

Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Талдау

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

Мұғалімдер топ болып, сұрақтар қойып көреді.

Кейін дұрыс жауаптар таратылып, мұғалімдер сұрақтардың түрлерімен танысады

Тәжірибелік жұмыс

7 мин

Сұрақтардың қойылу үлгісі бойынша берілген мәтінге сұрақ қою

Мәтін:

Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, - депті. Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, - депті. Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.
- Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт сен қамшы бол. Үшеуіңбіріксеңешбірмұң-мұқтаждарыңболмайды, - депті.

Мұғалімдер берілген мәтінге топта ақылдаса отырып сұрақтар қояды, блум таксономиясының негізінде.

Қойған сұрақтарын оқиды және екі топ бірін-бірі толықтырады

Қорытынды

3 мин

Бейне материал көрсетіледі.

Сұрақ: 45 минут ішінде 6 сатыны қалай өтуге болады?

Сіз қалай ойлайсыз?

Бірге ойланайық

Мұғалімдер өз ойын айтады.

Кері байланыс

5 мин

Стикер таратылады, өткізілген мастер-класс туралы ойыңызды білдіріңіз.

Мұғалімдер берілген стикерлерген өз ойын жазып, сұрақтары болса қойып, 2 тжұлдыз, бір ұсыныс қалдырып кетеді.












Рефлексивтік есеп


Өткізілген мастер-класстың негізгі мақсаты - сабақ барысында диалогтың маңыздылығын және диалогта ең үлкен орын алатын сұрақ қою үлгілерімен мұғалімдерді таныстыру. Және де жаңа әдіс-тәсіл ретінде «кроссенспен» және оны құру тәсілдерімен таныстыру, бұл әдіс сабақта көбінде сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі бірден-бір жаңа құрал. Бұл құралды сабақтың кез-келген ккезеңінде қолдана беруге болады.

Мастер-класс кезінде деңгейлік курс бітірмеген мұғалімдер қызығушылық танытып, белсенді қатысып отырды. Мұғалімдер барлық сұрақтарына жауап алды деп айтуға болады, тек ең соңғы ссұрақ «Бір 45 минут ішінде 6 сатыны бірде басып өту үшін не істеу керек?» деген сұрақ қана ашық қалды. Жалпы біз мақсатымызға жеттік, яғни мұғалімдер сұрақтардың Блум таксономиясы бойынша қойылатын сұрақтар түрлерімен таныс болды және тәжірибе жүзінде берілген мәтінге сұрақтар қойып көрді. Алынған кері байланыстың нәтижесінде мұғалімдерден ұсыныс түсті: Осы сұрақтардың қолданылуын сабақ өткізу барысында көру. Сондықтан үй тапсырмасы ретінде, мұғалімдерге сабақ жоспарын құрған кезде осы сұрақтарды диалогтарына қосуды бірге жоспарлау тапсырылды және Lesson Study бойынша құрылған топтарда сабақ жоспарларын талдау барысында осы сұрақтардың дұрыс қолдануын қадағалау.

© 2010-2022