• Преподавателю
  • Другое
  • Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Использование на уроках казахского языка и литературы инновационных технологий отечественных и зарубежных педагогов,для развития творческих способностей детей. Өз білімін  жетілдіру тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту» Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі

№39 жалпы орта білім беру мектебі

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Өз тәжірибемен алмасу

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ысқақова Ләззат Мұқашқызы

Өз білімін жетілдіру тақырыбы:

«Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологиялар арқылы

оқушылардың шығармашылығын дамыту»

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім

беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық қабілеттері, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Зерттеудің мақсаты -Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой - өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл бөлу.

Жалпы орта білім беру жүйесін дамыту тенденциялары аясында оқушылардың шығармашылық қалыптастыру негіздерін айқындау.

2. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларының мүмкіндіктерін көрсету.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, Қазақстан Республикасындағы елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты оқушылардың шығармашылығын қалыптастырып, жеке тұлғаның сапалық қасиеті, құндылық бағдары ретінде мәні мен мазмұны ашылса және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; оқушылардың субъект ретіндегі дербес шығармашылық мүмкіндіктері жүйелі түрде танымдық қызығушылығына сай ұйымдастырылса және дидактикалық тұғырлары анықталса; шығармашылық қызығушылық жеке тұлғаның субъектілік және қоғамдық мәнін арттыратын өзегі ретінде танылса, онда бүгінгі қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып, білім беру саласындағы жаңашылдық бағдар іске асып, инновациялық процесс қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің жетекші идеясы: Білім берудің жаңа оқыту жағдайында оқушылардың шығармашылық қалыптастырудың

теориялық негізі, инновациялық-дидактикалық әрекеттің құндылық бағдары, өзегі ретінде танылуы - оқушылардың шығармашылық іс-әрекет мәнін терең ұғынып, танымдық қызығушылықтарына сай, рухани, интеллектуалдық жетілуі іске асып, жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндік туындайды.

Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат тәжірибелерін зерделеу,әңгімелесу, сараптау, нәтижелерді жүйелеу, графикалық бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.

.Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасы, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы», басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты Отандық педагогикалық еңбектері.




«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан , ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Зерттеулер бойынша , «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық : жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда.

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді.

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты.

Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады.

Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.

Инновациялық іс-әрекет - дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Қазіргі оқытудың басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте боламын.

Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін.

Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазба дағдыларын меңгерту көзделеді.

Викториналар,ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.

Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді.

Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т.б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түсемін.

Қай сабақта болсын тест әдісін өте жиі қолданамын.

Сабақта көрнекіліктерді көру арқылы балалардың есте сақтау қабілеті артады, әрі көп бала сабақта белсенділік танытады.

Мәтінді кесте ретінде жазылған оқыту арқылы қорытындылаймын.

Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық

тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технология әдістерін қолданамын.

Біріншіден,үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға

шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамын.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды женуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.

1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).

2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).

3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, (әлеуметтендірушілік) маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, колледж, жоғары оқу орындары оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Соңғы кезде оқу үрдісінде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, , Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы),Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ , профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы мектептерде осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу- тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ , онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат.

Сынақ -жұмыстардың басты міндеті, жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д. Б. Элконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір- бірімен тығыз байланыстыәрі мынадай ұстанымдардан құралады.

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықты оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

  3. Оқу материалын жетелдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

  6. Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін- еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігініңдамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д. Б. Элконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндетіжан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қаладыСондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.


  1. Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы- мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе , бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек - ақ.

Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория - Л. С. Выйготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды даму аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы.

Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

Бұлар -әнгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады.

Қарапайым жаттығу - мысылдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр.

Сондағы айтантындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс- әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді.

Оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс- әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі үш деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықтымазмұндалған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтлатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?» деген сұрақ туады.

Бұл мәселенің шешуі қарастырылған. Олар мыналар:

  • барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.

Бұл қалайша жүзеге асырылады?.

Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы оқитындығына қарамастан «оқушылық міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.


Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген ынталылығын арттыру жолдары

Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны баршаға мәлім. Қазіргі кезенде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату, білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, саналы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.

Ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру.

Окушылардың білім сапасын мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдері әр түрлі.

Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруге тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда.

Бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады.

Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Мен аралық мемлекеттік бақылауға дайындық жұмысын оқушы білімін бақылауда үй тапсырмасын сұраудан бастап, сабақты бекітуге дейін жүргіземін.

Ол жалпы сыныптық сұрау, бақылау, өздік жұмыстары, белгілі бір тақырып бойынша жекелеген тапсырмалар, диктанттар. Бұл әдістердің жетістіктерімен қатар жүретін кемшіліктері де жоқ емес.

Ол кемшіліктердің бірі - мұғалімнің уақыты мен еңбегін жоғалтатын, оқушы қабілетін дұрыс бағалауға қиындық тұғызатын білімді бағалаудың бес балды жүйесі.

Орыс тілінде оқытылатын мектептердің 9-сыныптарында қазақ тілінен аралық мемлекеттік бақылау өткіздің негізі - тестік бақылау. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. әрине, тест ең керек ақпаратты береді.

Тест жасаудың өзіне тәжірибе, ғылым керек.

Тестті жасайтын мамандардың тәжірибесі мол болуы шарт. Меніңше, тест - өте жақсы әдіс.

Бірақ, бізге тестің түрлерін әлі де болса жетілдіру қажет. Еліміздегі тест жүйесін әлі де реттеу керек және болашақта әр деңгей бойынша әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін тест түрлерін дайындап, қазақ тілін оқушылардың білім дәрежесін көтеру керек.

Оқытудың коммуникативтік әдісінін енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауға да жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы педагогикалық тест, психологиялық тест, профессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингводидактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі. Осыған білуі мақсатында жүргізледі. Осыған орай бұл тест екіге бөлінеді:

  1. тілдік тест. Оған лексикалық, грамматикалық тест түрлері жатады.

  2. сөйлеу тілі тесту көбіне ситуативтік тақыраптағы сұрақ-жауап тапсырмаларынан тұрады.

Ал тест әдісін жүргізу баспалдақты жүйе негізінде жүзеге асырылады.

А) тест жүргізудің дайындық кезеңі

Ә) тест өткізу кезеңі

Б) тест тапсырмаласын қорытындылау, бағалау кезеңі

Лингводидактикалық тест әдісі оқушының өтілген материалдарды қорытып, өз бетімен жеке жұмыс істеуіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, пәнге қызығушылығының артуына көмектеседі.

Оқу процесін, оның білімділік жағын жетілдіру коммуникативтік принципін еңгізу мәселелеріне байланысты. Оқу орыс тілінде жүргігізілетін мемлекеттердегі қазақ тілі сабақтарында белгілі бір тақырыптардан кейін алған білімдерін бақылау негізінде лингводидактикалық тест тапсырмалары берілгені тиімді. Қазір тестік бақылаудың бірнеше түрі таратылып жүр. Ашық, тұйық (жабық) сәйкестікті табу, қосымшалық тест, жұмбақтық тест, т.б.

Орыс сыныптарында қазақ тілінен білім сапасын бақылау үшін бұдан басқа да көптеген тәсілдер қолдануға болады. Мысалы жазба жұмыс түрлері. Диктантты тек жазып қана қоймай оған көптеген тапсырма беремін. Деңгейлі бақылау түрін ұйымдастыру. Ауызекі сөйлеу, оған қосымша сұрақ қою, баланың ой-өрісін кеңейтіп, сауатты сөйлеуін бақылау үшін тиімді әдіс.

Сыныпта жүргізілетін әр түрлі бақылау жұмыс түрлері бақылау жұмыс түрлері оқушының білім сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Тоқсан сайын, жарты жалдық, жылдың соңындағы әкімшілік, қалалық білім басқармасының тексерістері баланың білім сапасын нақты көрсетіп береді.

Қорыта келе, мен өз оқушыларымның білім сапасын мемлекеттік стандарт талабына сай бақылауды үнемі жүргіземін. Ол үшін талмай ізденіп, баланың білім сапасын арттырып, оған қойылатын талапты нақты орындауы керек. өйткені, қазіргі оқушы - ертеңгі ел азаматы.

Қазақ тілі мен әдебимет сабақтарында жаңа технологияны тиімді пайдалануы

Қазақ тiлi мен әдебиет сабақтарында жаңа технологияны тиiмдi пайдаланудағы өз тәжiрибемдегi сабақ жоспары.

Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Қалай нәтижелі оқытуға болады?

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.

Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармаларының негізгі талабы- мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету.

«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағына-ны білдіреді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,

оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістері-мен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Мысалы: қалыптасқан әдістер:

а) сұрақ-жауап;

б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану;

в) аударма

г) сөйлем және сөзді толықтыру;

д) мәтін бойынша әңгімелесу;

е) тест сауалдарымен жұмыс;

ж) мақал- мәтелдер жарысы;

з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.

Жаңама жаңғыртып оқыту әдісі

а) пікірсайыс (дебат) әдісі

б) коммуникативтік әдісі

в) драматизация әдісі

г) іскерлік әдіс

д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі

е ) жобалы сабақ өту әдісі

ж) саралап оқыту әдісі т.б.

Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Күтілетін нәтижелер:
- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;
- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;
- өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу жұмыспен айналысуға көмектеседі;
- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;
- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады.
Өз жұмысымда жаңа технологияларының элементтерін пайдаланып жүрмін.

Оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.

Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:

- қызығушылықты ояту;

- мағынаны тану; ой толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.

-Модульдік оқыту технологиясы;

- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

-Дамыта оқыту технологиясы;

- Тірек- сызба технологиясы;

-Проблемалық оқыту технологиясы;

-Ойын арқылы оқыту технологиясы;

-Өздігінен даму технологиясы.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсе

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.








Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.



Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Нәтиже көрсеткіштері



2010-2011

2011-2012

2012-2013

2013-2014

2014-2015

2010 жылы ҰБТ-ге оқушыларды сапалы дайындаған үшін мадақтамен марапаттау(Павлодар қаласының білім беру бөлімі)

Жалпы білім беру пәндері бойынша ұстаздардың практикалық-әдістемелік көрнекті құралдар байқау сайысы «Ұстаз сандығына»-III орын

IV Қалижан Бекхожин оқулары «менің жырым-өрен тасқын...»аталымы бойынша тамаша өнер көрсеткен үшін 7 «В»сынып оқушысы Гергерт Т. марапатталды.

V Қалижан Бекхожин оқулары «менің жырым-өрен тасқын...»аталымы бойынша тамаша өнер көрсеткен үшін 5 «Г»сынып оқушысы Жанжігітова Д. марапатталды.

«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»КММ-мақала «12-жылдық білім берудің өзекті мәселелері мен оның шешу жолдары»аймақтық конференциясының материал жинағына кірді

Павлодароблысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны»аймақтық ғылыми-тәжірибелікорталығы.Шығармашылық сайыс «Өнегелі өрім»-мақала «Қазақ тілі мен әдебиет оқытудың өзекті мәселелері».,56 б. «Ертіс дарыны»хабаршысы.

50 қалалық пән олимпиадасында сапалы нәтиже көрсеткен үшін Жұнусова А.-10 «А»

Пермяков В.-8 «Д»

сынып оқушылары

марапатталды

51 қалалық пән олимпиадасында сапалы нәтиже көрсеткен үшін

Пермяков В.-9 «Д»

сынып оқушысы -I орынға ие болды


52 қалалық пән олимпиадасында сапалы нәтиже көрсеткен үшін

Пермяков В.-10 «Б»

сынып оқушысы -Ш орынға ие болды


Қалалық XII Абай мен Шәкәрім оқуларында «Өлең-сөздің патшасы,сөз

сарасы»номинациясында

белсендік танытқан 6 «В» сынып оқушысы ЯковенкоА.марапатталды.

Қазақ тілі пәні бойынша оқушылар арасындағы облыстық пән олимпиадасына Пермяков В.-9«Д»сынып оқушысы қатысты.

Қалалық XIII Абай мен Шәкәрім оқуларында «Өлең-сөздің патшасы,сөзсарасы»номинациясында

белсендік танытқан 8 «В» сынып оқушысы Яковенко А. III дәрежелі дипломмен марапатталды.



Қалалық XIII Абай мен Шәкәрім оқуларында «Өлең-сөздің патшасы,сөзсарасы»номинациясында

белсендік танытқан 7 «В» сынып оқушысы Яковенко А. III дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»КММ-сертификат «12-жылдық білім берудің өзекті мәселелері мен оныңшешужолдары»аймақтық конференциясыны қатысу үшін берілді





Оқушының жетістігі

Мұғалімнің жетістігі

Дидактикалық

материал

Журнал

Конференция жинақтарына шыққан мақала

ҰБТ

Облыстық

2012-2013оқу жылы -Пермяков Владислав,9 «Д»

сынып оқушысы

Жалпы білім беру пәндері бойынша ұстаздардың практикалық-әдістемелік көрнекті құралдар байқау сайысы «Ұстаз сандығына»-III орын (2011-2012)

Павлодароблысының білім беру басқармасының «Ертіс дарыны»аймақтық ғылыми-тәжірибелікорталығы.Шығармашылық сайыс «Өнегелі өрім»-мақала «Қазақ тілі мен әдебиет оқытудың өзекті мәселелері».,56 б. «Ертіс дарыны»хабаршысы.

«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»КММ-сертификат «12-жылдық білім берудің өзекті мәселелері мен оныңшешужолдары»аймақтық конференциясыны қатысу үшін берілді

2010 жылы ҰБТ-ге оқушыларды сапалы дайындаған үшін мадақтамен марапаттау(Павлодар қаласының білім беру бөлімі)

2013-2014 (19,6-орташа балл)

Аймақтық




«Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы»КММ-мақала «12-жылдық білім берудің өзекті мәселелері мен оның шешу жолдары»аймақтық конференциясының материал жинағына кірді (2014-2015)


Республикалық







1.Оқушының аты-жөні - Пермяков Владислав Игоревич

2. Туған жылы -1997 жылы, 12 тамыз

3. Туған жері: Павлодар қаласы 4.Мекен-жайы - Павлодар қаласы, Шөкин көшесі, 93 үй, 10 пәтер, телефон: 34-45-32 5.Оқуды қашан бастады - 2003 жыл

6Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.. Сынып: 11 «Д»

7.Ұлты: орыс

8.Ата - анасы: Апбергенова Жанар, Пермяков Игорь

Тұлғалық ерекшеліктері

Ақылды, парасатты, өз айтқанынан қайтпайтын қайсар, қолына алған істі соңына дейін жеткізетін, үлкендерді сыйлай білетін, салмақты ұл. Қиын қыстау күндері достарына көмек бере алатын, адал ұл. Тәртіпті, білімді, ұқыпты шәкірт.

2011-2012 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша оқушылар арасындағы 50-қалалық пән олимпиадасында сапалы нәтиже көрсеткен грамотамен марапатталды. ( 8 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ)

2012-2013 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша оқушылар арасындағы 51-қалалық пән олимпиадасында I- ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ( 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ)

2012-2013 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша облыстық пән олимпиадасына қатысты

2013-2014 оқу жылында қазақ тілі пәні бойынша оқушылар арасындағы 52-қалалық пән олимпиадасында III- ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН (10 сынып оқушысы)

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.1.Оқушының аты-жөні - Яковенко Александр Андреевич

2.Туған жылы -1999 жылы, 12 сәуір

3. Туған жері: Павлодар қаласы

4.Мекен-жайы - Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 48 үй

5.Телефон: 34-37-81

6.Оқуды қашан бастады - 2006 жыл

7. Сынып: 7 «В»

8. Ұлты: орыс

9.Ата - анасы: Яковенко Андрей Витальевич, Яковенко Ольга Ивановна

Танымдылық мінездемесі:

Білімге қызығушылығы жоғары, ерекше зеректілігімен көрінеді. Алдына қойған мақсатына жетуде жоғары табандылық көрсетедіӨздігінен танымдылығы басым көрінеді. Дербес түрде жұмыс істеуді қалайды. Мектептен тыс іс-шаралар көңілінен шығады. Өзіне сын көзбен қарап, кемеліне жетуге ұмтылады. Александр өте мейрімді, кеңпейілді, ұғымтал.

Күрделі және ұзақ мерзімді тапсырманы қанағаттанып қабылдайды. Жаңа білімдер мен идеяларды жеңіл меңгереді, білімін ерекше әдістермен комбинациялайды. Әлеуметтік жағдаяттарда өзін еркін сезінеді. Қарым-қатынас дағдысы жақсы қалыптасқан. Көшбасшылык қабілеті жоғары. Берген уәдесінде тұрады және оны жақсы орындайды. Өзінің ойлары мен сезімдерін ашық және анық жеткізеді.

2011-2012 оқу жылында 6 «В» сынып оқушысы - «XIII Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы» қалалық оқуларында «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясында белсенділік танытқан үшін дипломмен марапатталды.

2012-2013 оқу жылында қалалық XIII Абай мен Шәкәрім оқуларында «Өлең-сөздің патшасы,сөзсарасы» номинациясында

белсендік танытқан 7 «В» сынып оқушысы Яковенко А. III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қалалық XIII Абай мен Шәкәрім оқуларында «Өлең-сөздің патшасы,сөзсарасы»номинациясында белсенділік танытқан 8 «В» сынып оқушысы Яковенко А. III дәрежелі дипломмен марапатталды.


Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

1.Оқушының аты-жөні - Гергерт Теодор Владимирович

2.Туған жылы -1999 жылы, 4 ақпан

3.Туған жері: Павлодар қаласы

4.Мекен-жайы - Павлодар қаласы, Смоленская көшесі, 93/2 үй

5.Телефоны: 50-31-35

6.Оқуды қашан бастады - 2006 жыл

7.Сынып: 9 «В»

8.Ұлты: неміс

9.Ата-анасы: Гергерт Владимир Теодорович, Гергерт Татьяна Васильевна

Танымдылық мінездемесі:

Орта буындағы сыныптардан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәніне жоғары қызығушылық танытты. Мейірімді, кішіпейіл, досшыл, шыншыл. Шат көңілді, өмір сүйгіш, эмоционалды. Айналадағылардың құрметіне бөленген. Қиялдағыш. Көшбасшылыққа ұмтылмайды, достық қарым-қатынасты қалайды. Күш-жігерді, ұшқыр ойды, шытырман оқиғаларды ұнатады. Табандылығы жоғары, ынтасы жеке еңбегін көрсетуде анықталады. Ұнататын пәні бойынша ұғымдарды, материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті.

Теодор 2012-2013оқу жылында « IV Қалижан Бекхожин оқуларында» «Менің жырым-өрен тасқын...» аталымы бойынша тамаша өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталды








1Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту..Оқушының аты-жөні - Жадан Юлия Сергеевна

2.Туған жылы -1999 жылы, 17 маусым

3.Туған жері: Павлодар қаласы

4.Мекен-жайы - Павлодар қаласы, М.Горький көшесі, 37/395 үй

5.Телефоны: 67-87-11

6.Оқуды қашан бастады - 2006 жыл

7.Сынып: 9 «В»

8.Ұлты: орыс

9.Ата-анасы: Жадан Сергей Николаевич, Жадан Ирина Анатольевна

Танымдылық мінездемесі:

Орта буындағы сыныптардан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәніне жоғары қызығушылық танытты. Мейірімді, кішіпейіл, досшыл, шыншыл. Шат көңілді, өмір сүйгіш, эмоционалды. Айналадағылардың құрметіне бөленген. Қиялдағыш. Көшбасшылыққа ұмтылмайды, достық қарым-қатынасты қалайды. Күш-жігерді, ұшқыр ойды, шытырман оқиғаларды ұнатады. Табандылығы жоғары, ынтасы жеке еңбегін көрсетуде анықталады. Ұнататын пәні бойынша ұғымдарды, материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті.

Юлия 2012-2013оқу жылында « V Қалижан Бекхожин оқуларына» «Менің жырым-өрен тасқын...» аталымы бойынша конкурсқа қатысты.









Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

1. Оқушының аты-жөні - Жанжігітова Ділназ Руслановна

2.Туған жылы -2002 жылы, 21 желтоқсан

3.Туған жері: Павлодар қаласы

4.Мекен-жайы - Павлодар қаласы, Кубанская көшесі, 63 үй ,9 пәтер

5.Телефоны: 34-81-81

6.Оқуды қашан бастады - 2009 жыл

7.Сынып: 5 «Г»

8.Ұлты: қазақ

9.Ата-анасы: Руслан Шораниевич,Жайнагү Қадыровна







Танымдылық мінездемесі:

5 сыныптан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәніне жоғары қызығушылық танытты. Мейірімді, кішіпейіл, досшыл, шыншыл. Шат көңілді, өмір сүйгіш, эмоционалды. Айналадағылардың құрметіне бөленген. Қиялдағыш. Көшбасшылыққа ұмтылмайды, достық қарым-қатынасты қалайды. Күш-жігерді, ұшқыр ойды, шытырман оқиғаларды ұнатады. Табандылығы жоғары, ынтасы жеке еңбегін көрсетуде анықталады. Ұнататын пәні бойынша ұғымдарды, материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті.

2012-2013оқу жылында « V Қалижан Бекхожин оқуларында» «Менің жырым-өрен тасқын...» аталымы бойынша бойынша тамаша өнер көрсеткен үшін 5 «Г»сынып оқушысы Жанжігітова Д. грамотамен марапатталды

.









6 сынып. Қазақ тілі Искакова Л.М

Сабақтың тақырыбы: Ақша

Сабақтың мақсаты:

Тақырыпқа байланысты алған білімдерін тереңдету, мәтінмен жұмыс, жаңа сөздерді меңгерту, сөйлесім әрекеттерін жандандыруға арналған тапсырмалар орындау, мәтін арқылы оқушылардың өз өйын айта білетін дәрежеге жеткізу, қазақ тілінде сөйлеудегі танымдық белсенділігін арттыру жолдарын ұйымдастыру.

1) Білімділік: Оқушыларға ақша туралы түсінік беру .
2) Тәрбиелік: Оқушыларды үйренген жаңа сөздерді қолдана отырып, тақырып бойынша қарым- қатынасқа түсуге баулу; мәдниеттілікке,еңбекшілдікке тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарт, нақыл сөздер ,мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу

Кезекшімен сөйлесу

II. Мотивация кезеңі: Мына ақшаларды алып топ құрастырайық

Бас не үшін керек ? - жақсы ойлау үшін,

Құлақ не үшін керек?- жақсы есту үшін,

көз не үшін керек ?- жақсы көру үшін,

қол не үшін керек ?- еңбек ету, жақсы баға алу үшін.

Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Үй жұмысын тексеру( слайд арқылы) дүкен атауларын топтастыру



Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

.Жаңа тақырыпқа шығу

  1. Дүкеннен тауарды сатып алу үшін не керек?

  2. Ассоциациялық сөздер - Ақша деген не?

- Қажеттілік
- Еңбек

-. Депозит
- Экономика
-. Несие кредит
- Жұмыс

-. Банк
-. Өнім продукция
- Пайда
- Алтын

3.Мақал-мәтелдермен жұмыс

Тапсырмалар:1. Мақал-мәтелдерді қазақ тілінде оқу

2. Мақал-мәтелдердің орыс тілінде баламасын табу

3. Тақырыбын анықтау

4. «Ақша» деген сөзге синонимдік қатар жазу

5. Дәптерге көшіріп жазу

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Сергіту сәті
2. Мәтінмен жұмыс . Ақша деген не?

Ақша-асыл қазына,халық байлығы. Ақшалар -өз елінің тарихынан, мәдениетінен хабар береді.

Елімізде занды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Ақша-баға белгілеу құралы. Ақша дегеніміз - еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу

Ақшаның ең басты ерекшелігі -құнды қасиет ,адамдарға қажеттілігі.

Әр елдің өз валютасы бар.

Тапсырмалар:

1. Іштей оқу 2. Дауыстап оқу . Мәнерлеп оқу 4.Сөздік құрастыру

5. Грамматикалық тақырып .Үндестік заңы

Жуан және жінішке сөздерге қосымшаларды жалғау:

Жуан сөздер

Жіңішке сөздер

Ақша +лар

Белгі+мен



3 .Тапсырма: Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру(берілген жоспар арқылы)

1-топ тақырыбы : «Ақша өмірдің маңызы емес,бірақ барлығы соған тәуелді ».

2-топ тақырыбы : «Ақша қымбат тұрады » .

3-топ тақырыбы : «Көпшілік ақша табу үшін денсаулыққа мән бермейді ... » .

А) Дауыстап оқып аудармасын беру.

1 топ.Жоспар бойынша талдау :

----------------------------------------------------------------бұл сөйлем нақыл сөзге жатады.

Сөйлемнің негізгі тақырыбы---------------------------- .

Ақша өмірдің маңызы емес,бірақ барлығы соған тәуелді ,себебі -----------------------2 топ. Жоспар бойынша талдау :

----------------------------------------------------------------бұл сөйлемге нақыл сөзге жатады.

Сөйлемнің негізгі тақырыбы------------------------------- .

«Ақша қымбат тұрады » ,себебі -----------------------

3 топ. Жоспар бойынша талдау :

---------------------бұл сөйлемге нақыл сөзге жатады.

Сөйлемнің негізгі тақырыбы-------------------------------- .

«Көпшілік ақша табу үшін денсаулыққа мән бермейді ... » . ,себебі ------------ .

Қорытынды. Топтарға не арқылы бөліндік?

Қандай ақша арқылы бөліндік?

Сабақтың тақырыбы қалай аталды?

Ақша дегеніміз не?

Бағалау: Сабақта кім қалай еңбек еткенін шеңбер арқылы бағалаймыз.

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.




Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.


Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.Тема самообразования: Қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.


© 2010-2022