Қасым Аманжолов. сабақ жоспар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: Пәні: әдебиет Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін,ақын өмірін таныту;

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын кеңейту,даралап,деңгейлеп оқытуда өз бетімен шығармашылық дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, анықтау, салыстыру.сұрақ-жауап, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, дәйексөздер
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Қалқаман атаға хат» жазу

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Ақылшы,адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр».(Тахауи Ахтанов).

«Маған айта берсең ұмытып қалармын,жазып көрсетсең есіме сақтармын,өзіме жасатсаң үйреніп алармын» (Шығыс нақылы)

Өмір жолы

Шығармалары

Өлеңдері

Поэмалары

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.

Семей интернатында оқыған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Түрлі газеттерде жұмыс істейді.

«Өмір сыры» деген өлеңдер жинағы жарияланды

Сарыарқа»

«Ертіс»

«Жайық»

«Орал»

«Мен табиғат бөбегі»

Ақын өлімі туралы аңыз»

«Қытай қызы»

«Құпия қыз»

«Бикеш»

«Естай-Қорлығайы

Жамырап күнде жас өмір

Жамырап күнде жас өмір,

Маңырап тұрған марқасы,

Сауыры семіз құтты жер

Қазақтың Сары Арқасы.

Қоңырау үнді құлыншақ,

Желкілдеп желмен айдары

Ойнаған кырда асыр caп,

Жарысып құнан-тайлары.

Даласы мауыт-пүліштей,

Дария дарқан думан жер.

Өзені аққан күмістей,

Дариға, біздің туған жер!

Даламыз толы байлыққа,

Қаламыз толы білімге!

Асылы елдің ашылды

Тереңнің жатқан түбінде.

Сөздік жұмыс

Марқа -ерте туған қозылар

Құнан- жылқы малы

Тай -жылқы малы, 1 жастан асқаны

Пүліш-мата

Сабақты бекіту:

Кестемен жұмыс

Ақын нені мақтан етеді?

Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың?

Бейнелі сөз

Түрі (эпитет, теңеу)

Мәні

Эвристикалық деңгей-өлең ішіндегі сөздерге мақал-мәтел жазу.

Сөздер

Мақал-мәтел

Туған жер

Құнан,тай

Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Ата қоныс - алтын мекен.



Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы.

Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.
***
Қойдың сүті - қорғасын.

Инцерт әдісі

Не білемін?

Не білгім келеді?

Үйренерім

Қасым өмірі

Қасым өлеңдері

Үйге тапсырма беру: Қ.Аманжолов «ЖАМЫРАП КҮНДЕ ЖАС ӨМІР» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларды бағалау:



© 2010-2022