Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөйлем мүшелері (8-сынып)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөйлем мүшелері (8-сынып)Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөйлем мүшелері (8-сынып)Қазақ тілінен сабақ жоспары Сөйлем мүшелері (8-сынып)Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8-сынып

Мерзімі: 3.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, талдау машықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

4. Лепті сөйлем дегеніміз не? 5. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сөйлем мүшелері дегеніміз - сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

Сөйлем мүшесінің белгілері

Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап береді.

Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек

Толық мағыналы сөз болуы керек

Сөйлем мүшелері құрамына қарай үшке бөлінеді.

Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше

Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен,шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше

Кемінде екі не одан көп сөзден құралып,бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы үйірлі мүше болады.

Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу.Әр сөзді сөйлем мүшесіеің белгілерінен қарастырып,сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?

  2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?

  3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 35-жаттығу, ереже жаттау, шығармашылық тапсырма.


© 2010-2022