Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмасы

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 нұсқа

1. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А)Кейде; В)Ән бе екен?; С)Төмен қарай; Д)Намыс пен ерлік; Е)Бар ма?

2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А)Көз шырымын алды; В)Мен келдім; С)Мүмкін, келер; Д)Оқыған оқушы; Е)Меніңше, дұрыс.

3. Жай сөйлемді ажыратыңыз.

А)Абайдың шәкірті; В)Дала тастай қараңғы екен;

С)Ұрыншақ жігіт; Д)Ауыл іші; Е)Төбе шашы тік тұру.

4. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Асқар онша әнші болмағанмен, музыкалық сауаттылығы жоғары еді; В)Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі; С)Қоңырау соғылды; Д)Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл жүні бар; Е)Екпей, егін болмас, үйренбей, білім болмас.

5. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.

А)Ер жолдасы- тәуекел; В)Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында; С)Көп түкірсе, көл болады; Д)Айласыз батыр алданар; Е)Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.

6. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

А)Үй тарлығынан қысылып отыр; В)Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер; С)Тарлық тірі жанға не істетпейді?; Д)Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?; Е)Үйі тар болғандықтан, қонақ та шақыра алмады.

7. Үстеу қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.

Оқты жаңбырша жаудырды.

А)Пысықтауыш; В)Бастауыш; С)Толықтауыш; Д)Баяндауыш; Е)Анықтауыш.

8. Стильдің анықтамасын табыңыз.

А)Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі; В)Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі; С)Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім; Д)Жазу мәдениеті , көне сөздерді қолдану тәсілі; Е)Ауызша айту әдебі.

9. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.

А)Бұ-лтты-лық; В)Бұлт-ты-лық; С)Бұл-тты-лық; Д)Бұ-лт-ты-лық; Е)Бұ-лт -тыл-ық.

10. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

А)Ақыйу; В)Ахию; С)Ақіиу; Д)Ақиу; Е)Ақию.

11. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А)Фотокөрме; В)Шаңсорғыш; С)Қызкеліншек; Д)Қонақжай; Е)Алтыбақан.

12. Сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгілеңіз.

А)Фонетика; В)Синтаксис; С)Пунктуация; Д)Лексика; Е)Морфология.

13. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Уай, шіркін, ән деп осыны айт.

А)Бірыңғай мүше; В)Қаратпа; С)Одағай; Д)Еліктеу; Е)Қыстырма.

14. Туынды сын есімнен жасалған.

А)Құрт-құмырсқа; В)Апыл-ғұпыл; С)Ұрмай-соқпай; Д)Жігіт-желең; Е)Үлкенді-кішілі.

15. «Ма», «ме», «ба», «бе» - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз.

А)Етістік жұрнағы; В)Көсемше жұрнағы; С)Есімше жұрнағы; Д)Рай жұрнағы; Е)Болымсыз етістік жұрнағы.

16. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Қараңғы түсті де, жұлдыздар көріне бастады; В)Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды; С)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді; Д)Түлкінің қызылдығы өзіне сор; Е) Ұлың өссе, ұлығың.

17. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.

А)Құмырсқа бел - жіңішке бел; В)Сәлем - сауқат; С)Бажа - абысын; Д)Аш - тоқ; Е)Аралас - құралас.

18. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

А)Бос шылбырды сүйретіп қайтесің?; В)Аққу жүзді сызылып; С)Орманның оңтүстік тарапына жатады; Д)Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан; Е)Жиырма бестерге келген қыз екен.

19. Деректі зат есмідер қатарын табыңыз.

А)Ауа, жел; В)Ақыл, ес; С)Көңіл, сезім; Д)Мектеп, ағаш; Е)Ой, сана.

20. Ыңғайластық жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.

А)Өйткені, себебі, неге десең; В)Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі; С)Сондықтан, сол себепті; Д)Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ; Е)Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде.

21. Басыңқы сөздің тұлғасын белгілеңіз.

Марат оқыған.

А)Сын есім; В)Есімдік; С)Есімше; Д)Ырықсыз етіс; Е)Етіс.

22. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

А)Жаздық; В)Жаздай; С)Жаз; Д)Биыл; Е)Білім.

23. Еркін сөз тіркесін табыңыз.

А)Бағы жанды; В)Ақсақ құлан; С)Алпыс - жетпіс; Д)Ит өлген жер; Е)Қас қаққанша.

24. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркестерін көрсетіңіз.

А)Өнерлі жастар; В)Өзіміздің балалар; С)Мектеп оқушылары; Д)Еңбектеген бала; Е)Көңілді қария.

25. Қосымшаның түбір сөзге дұрыс жалғанған түрін белгілеңіз.

А)Грамі; В)Граммі; С)Граммы; Д)Грамми; Е)Грамы.

26. Толықтауыштағы қатынастағы сөз тіркесін табыңыз.

А)Шаруақор адам; В)Ерте тұру; С)Сауықшыл жігіт; Д)Тебеген ат; Е)Бұйымдарды сату.

27. Жақты сөйлемді табыңыз.

А)Сауын биені онда апарып байлауға болмайды; В)Сондай дөрекі мінездің керегі не?; С)Япыр-ай, Абайжан-ай!; Д)Енді қорықпаймын; Е)Әрнені білмек керек.

28. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек; В) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық; С) «Қазақ солдаты» романы талданды; Д) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр; Е) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.

29. Көнерген сөзді табыңыз.

А)Мен Біржан күннен-күнге айқындалған,

Көкшетау дуанына даңқым барған; В)Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады; С)Жер-жерге үндеухат жазылды; Д)Үйге кеше ағайым келді; Е)Басқарма мүшелерінің жиналысы болды.

30. Күшейтпелі шырайлы сын есімді табыңыз.

А)Пысықтау бала; В)Ақшыл көйлек; С)Тым жақын; Д)Жап-жақсы әңгіме; Е)Зор денсаулық.







2 нұсқа

1. Сұрау есімдігінің 1 жақта жіктелген түрін көрсетіңіз.

А) Кімде?; В) Кімбіз?; С) Қаншасы?; Д) Қалай?; Д) Кімі?

2. Антоним сөздерді табыңыз.

А)Үстем-басым.; В) Ызақор- шақар.; С) Үздік- создық.; Д) Жөндеу- бұзу.; Е)Ұялшақ-ұяң.

3. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын әріпті көрсетіңіз.

А) Қ; В) Т; С) С; Д) К; Е) В

4. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз.

А) -атын,-етін.; В) -хана,-паз.; С) -қан,-ген.; Д)-дың.-дің.; Е) -шыл,-шіл.

5. Бейнелік мағынаны бідіретін сөздерді табыңыз.

А)Ебелең-ебелең, селтең-селтең.; В)Аудандық, мейрамхана.; С) Тырс-тырс, дүңк-дүңк.; Д) Кейбір, әлдене.; Е) Отыр, жазғыз.

6. Шылау арқылы байланысты көрсетіңіз.

А) Көрген сайын сұрайды.; В) Тойдың соңы.; С) Оқиғаны зерттеу.; Д) Қызметке тұру.; Е) Күміс білезік.

7. Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

А) Байқаймын- ол мені танитын адамға ұқсайды.; В) Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ.; С) Менің білуімше, ел бір заманда қой баққан сияқты.; Д) Ең әуелі: жайдақ суға теңердіңіз.; Е) Амал нешік келдім.

8. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіз.

Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!

А) Біріңғай мүше; В) Одағай.; С) Оңашаланған айқындауыш; Д) Қыстырма сөз.; Е) Қаратпа сөз.

9.Тәуелденіп барып септелген сөзді көрсетіңіз.

А) Ұялмаған бұйырмағанды ішеді.; В) Барға қанағат ет.; С) Өлімнен ұят күшті.; Д) Жүрегімнің түбіне терең бойла.; Е) Оқудан оралды.

10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Тарлан ат.; В) Аққан жұлдыз.; С) Тарихи мұражай.; Д) Табанынан таусылу.; Е) Еңбекақы төлеу.

11. Тура толықтауышты тіркесті табыңыз.

А) Ойында сақтаулы.; В) Келгеніне риза болды.; С) Ауылдан келді.; Д) Оны білгенін жасырды.; Е) Ауданға барды.

12. Біріңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

А) Тыңда, дала, Жамбылды.; В) Мен сендерге естіген әңгімелерімді кітап қылып тартамын.; С) Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым- жырт.; Д) Дариға, домбырамды берші маған!; Е) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.

13. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжептәуір судың иіріміне қойып келіп кетеді.

А) Себеп- салдар; В) Түсіндірмелі.; С) Кезектес.; Д) Ыңғайлас.; Е) Талғаулы.

14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Бұларыңыз бүлдіршіндерге үлкен сыйлық.; В) Досанның тауға қайтадан барғысы келді.; С) Ауылдың малы балалап, айран шықты аз- көпті.; Д) Асан ұйықтап қалды.; Е) Ермек өте жақсы оқиды.

15. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

А) Бала жігіт бұйрықты екі етпейтінін айтты.; В) Әркім- әуелі өз ауылының баласы.; С) Бұл- ойланатын нәрсе.; Д) Туған жер- алтын бесік.; Е) «Білмеске сөзің қор боп кетер»,- деген М. Дулатұлы.

16. ХIV- XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.

А) Майқы би.; В) Абай, Ыбырай.; С) Б. Адамбаев, С. Негімов.; Д) Асан қайғы, Жиренше шешен.; Е) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

17. Ашық буынды сөзді табыңыз.

А) Тар.; В) Дара.; С) шалқар.; Д) Жұмбақ.; Е) Кең

18. Күрделі зат есімді табыңыз.

А) Күндік.; В) Жайдары.; С) Өнеркәсіп.; Д) Сұлулық.; Е) Малшы.

19. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

А) -ар, -ер, -р; В) -қан, -кен.; С) -ғалы, -гелі.; Д) -мақ, -мек.; Е) -па, -пе.

20. Өздік есімдігін көрсетіңіз.

А) Атаңыз.; В) Әрқашан; С) Бет- әлпет.; Д) Өзіңіз.; Е) Түзу.

21. Мекен үстеуді табыңыз.

А) Осынша.; В) Төмен.; С) Бекерге.; Д) Әзер.; Е) Кеше.

22. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін анықтаңыз.

А) Салалас, сабақтас, аралас.; В) Жай, күрделі, көп бағыныңқылы.; С) Хабарлы, сұраулы, лепті.; Д) Толымды, толымсыз, жайылма.; Е) Жақты, жақсыз, атаулы.

23. Тағы басқа, тағы сол сияқты деген тіркестерді қысқартып жазғанда, әрбір әріптен кейін қойылатын белгіні көрсетіңіз.

А) Қос нүкте.; бВ) Нүктелі үтір.; С) Көп нүкте.; Д) Нүкте.; Е) Үтір.

24. Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз.

Туу, ит- ай...Сонша ұмытпай жүр бәрін.

А) Ғылыми стиль.; В) Ауызекі сөйлеу.; С) Көркем әдебиет.; Д) Публицистикалық.; Е) Іс- қағаз стилі.

25. Қай сөзде « ақ» сөзі бөлек жазылады.

А) Ақ (ниет); В) ақ (қала); С) ақ (иқат); Д) ақ (қу); Е) ақ (сүйек)

26. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

А) Рахмет күлді, қуанды.; В) Мен елдің елшісімін.; С) Біздің заманымыз қандай екен?; Д) Талай сырды ақтардық.; Е) Қазақтың осынысы ұнайды.

27. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз.

А) Шопан бұған да жауапты еді.; В) Бұл жазушының байқағыштығын көрсетеді.; С) Қайың- күй таңдамайтын ағаш.; Д) Көрмес- түйені де көрмес.; Е) Болат қайнауда шынығады.

28. «Біріншіден, екіншіден» деген қыстырма сөздердің мағынасын анықтаңдар.

А) Мақұлдау.; В) Өкіну.; С) Сендіру.; Д) Ой тәртібі.; Е) Көңіл- күй.

29. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.

А) Театрға жастар көп келді.; В) Менің басым ауырады. Бас ауырса, дәрі ішу керек.; С) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады.; Д) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады.; Е) Кеш көңілді өтті. Қателігімді кеш.

30. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Ұлы тау, тіл білімі.; В) Өнер кәсіп, арамы адам.; С) Баян ауыл, жәрдем беру.; Д) Бас қосу, қол басшы.; Е) Күн бағыс, түйе құс.






3нұсқа

1. Болжалдық сан есімді анықтаңыз.

А) Отыз шақты В) Бір жарым С) Он-оннан

Д) Қырық Е) Сегізінші

2. Сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Сен В) Кім С) Өзі Д) Мен Е) Осы

3. «Тазалық - саулық негізі, Саулық - байлық негізі» мақалының түйіні неде, табыңыз.

А) Батырлық В) Ынтымақ. С) Егіншілік. Д) Денсаулық. Е) Ас, тағам.

4. Жіктік жалғауының 1-жағының қосымшасын көрсетіңіз.

А) -ды, -ді. В) -сың, -сің. С) -пыз, -піз.

Д) -ған, -ген. Е) -ып, -іп.

5. Сөйлеушінің көңіл-күйін білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді қандай сөйлем дейді.

А) Лепті сөйлем В) Хабарлы сөйлем С) Сұраулы сөйлем Д) Бұйрықты сөйлем Е) Жай сөйлем

6. Ол бес деген баға алды. Сөйлемдегі тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.

А) Баға. В) Бес. С) Ол. Д) Алды. Е) Деген.

7. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Мен жеті жастамын В) Менің атым - Қожа

С) Қош келдіңіз Д) Ол үйде ме Е) Күн суытты

8. Анықтауышты табыңыз. Мен бұл әнгімені инженерге айттым.

А) Айттым. В)инженерге. С) бұл. Д) Мен. Е) әңгімені.

9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.

А) Қасақана. В) Ертеде. С) Ұялғаннан.

Д) Өршелене. Е) Бұл жолы.

10. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Жақсы. В) Оның айтуынша.

С) Қош. Д) Құдай-ақ. Е) Құп.

11. Сөйлем неден құралады, көрсетіңіз.

А) Ойдан В) Әріптен С) Сөзден

Д) Буыннан Е) Екпіннен

12. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Ит өлген жер В) Талдықорған С)Сары жапырақ

Д) Күн шықты Е) Жаз

13. Тура толықтауыш қалай жасалады, белгілеңіз.

А) Барыс септігі арқылы В) Көмектес септігі

арқылы С) Атау септігі арқылы

Д) Табыс септігі арқылы Е) Ілік септігі арқылы

14. Қысаң дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.

А) Ы, І, И, Э. В) Ү, І, Э, Е. С) І, Ы, Ұ, Ү.

Д) А, Ы, И, Ғ. Е) О, И, А, Ө.

15. «Қырықтарда» - сан есімнің қай мағыналық

түрі екенін белгілеңіз.

А) Болжалдық В) Есептік. С) Бөлшектік.

Д) Жинақтық. Е) Реттік.

16. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы зат

есімдерді көрсетіңіз.

А) Іле, Лепсі. В) Қарағанды, Жетісу. С) Адай, Балбырауын. Д) Амангелді, Ақбота. Е) Балқаш, Зайсан.

17. Шақыру одағай қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шынында, ол ауырды. В) Әжем сиырды «аухау- аухау» деп шақырды. С) Алақай, ағам келді.

Д) Шіркін, мен ұшқыш болсам.

Е) Ой! Сонда, қалай болды?

18. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді, көрсетіңіз.

А) 3 В) 1 С) 4 Д) 2 Е) 5

19.Тыныс белгілерін дұрыс қою ережелерінің жиынтығын табыңыз.

А) Фонетика. В) Морфология. С) Лексика. Д) Синтаксис. Е) Пунктуация.

2 20. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Тек. В) Мыс. С) Егер. Д) Әйткенмен.

Е) Арқылы.

21. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Қала мен ауыл арасы. В) Алты қанат

ақ үй. С) Көпке тараған ән. Д) Қас пен көз арасында. Е) Ел арасында.

22. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Марат жүгіріп кетті. В) Аяғын аспаннан келтіру. С) Оларға келуге болмайды.

Д) Ақ жейделі бала. Е) Жаз.

23. Қарсылықты салаластың

жалғаулықтарын табыңыз.

А) Және, әрі, да, де. В) Сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті. С) Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда. Д) Бірде, біресе, кейде.

Е) Немесе, яқи, я, болмаса.

24. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Жауып тұр қар далада. В) Мен Павлодар қаласында тұрамын. С) Бар сенің екі ағаң.

Д) Болып істейді менің әкем инженер.

Е) Мектеп жанында сіздің үйіңіз.

25. Дерексіз зат есімді табыңыз.

А) Қүс В) Тамақ. С) Өсімдік. Д) Жылқы Е) Талап.

26. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Үрпию- ербию. В) Қарау-көру.

С) Тұнжырау-жадырау. Д) Шабу- ору.

Е) Жанды- жақты.

27. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

А) Дұшпанға тастай қатты бол. В) Тіл- сарқылмас ғылым. С) Көп алғысы көгертер. Д) Ақылды адам айтқызбай біледі. Е) Япырмау, қайда сол күндер.

28. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Өркенің өссін, балам! В) Бәрекелді, ұлы сөз! С) Сөз жоқ, тағы келеміз.

Д) Қап, мынаның айтқаны-ай!

Е) Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

29. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.

А) Қыстырма сөзден кейін В) Бірыңғай мүшелердің арасында С) Одағай сөзден кейін Д) Атаулы сөйлемнен кейін

Е) Бастауыш пен баяндауыш арасында

30. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сырын жасырмау В) Таң сібірлеп атты.

С) Ауылдың малы. Д) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.

Е) Тон пішер.







Тест 4 ңұсқа

1. Үндестік заңының неше түрі бар?

а) 4 в) 2 с) 1 д) 3 е) 5

2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар екенін анықтаңыз.

а) 11 в) 9 с) 10 д) 7 е) 6

3. Сөйлемнің баяндауышы нешінші жақта тұрғанын анықтаныз: Әрбір талапкердің оқуға түскісі келеді.

а) I жақ в) II жақ с) I жақ, көпше түрі

д) III жақ е) II жақ, сыпайы түрі

4. Шәкен Айманов қандай мамандық иесі?

а) әдебиетші в) тарихшы с) жазушы

д) актер е) аудармашы

5. "Қой ауызынан шөп алмас" тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

а) ұялшақ в) ерке с) жалқау д) момын е) үндемес

6.Шартты райдың қосымшасын көрсетіңіз.

а) -ған, -ген в) -а, - е с) -ды, - ді д) -ғы, -гі е) -са, - се

7. " Шәкірт" сөзінің синонимін табыңыз.

а) мұғалім в) оқушы с) жолдас д) ұстаз е) жетекші

8. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

а) 5 в) 6 с) 4 д) 7 е) 8

9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.

а) да, де, та, те, және, әрі. в) бірақ, алайда, дегенмен

с) не, немесе, әлде, яғни д) біресе, кейде, бәрде

е) себебі, өйткені, неге десең

10. Мақалды аяқтаңыз. Төзім мен еңбек - бәрін де ...

а) толтырмақ в) айтпақ с) жеңбек д) үйренбек е) апармақ

11. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а) Биыл ауылда болдым және жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.

в) Биыл ауылда болдым, бірақ жайлаудағы ағаларымның үйіне бармадым.

с) Биыл ауылда болмадым, соңдықтан жайлаудағы ағаларымның үйіне бара алмадым.

д) Биыл ауылда болдым, яғни жайлаудағы ағаларымның үйіне де барып қайттым.

е) Биыл ауылда болдым, жайлаудағы ағаларымның үйіне бардым.

12. Жинақтау сан есімнен болып тұрған мақал - мәтелді көрсетіңіз.

а) Ас - адамның арқауы. в) Ағайын - алтау, ана - біреу.

с) Еңбек ер ынталандырады. д) Туған жердей жер болмас.

е) Күшіне сенбе, адал ісіне сен.

13. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын зерттейтін ғылым түрін айқындаңыз:

а) Лексика в) Морфология с) Фонетика д) Синтаксис

е) Сөз таптары

14. Қалау райда жазыңыз. Мен қазақ тілін біл... кел...

а) -ейін, -ді в) -іп, -еді с) -іп, -генсің

д) -гім, -еді е) -се, -ді

15. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз:

а) Көмектесіңіз в) Жапырақ с) Мектебім

д) Дәрігермін е) Балаңыз

16. Антоним дегеніміз не?

а) Сөздің ауыспалы мағынасы в) Мағыналары жуық сөздес) Мағыналары қарама - қарсы сөздер

д) Біріккен сөздер е) Айтылуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер

17. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз:

а) Қарағым, оқуынды оқы.

в) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол.

с ) О, бәрекелді, өлеңді жақсы шығарыпсың!

д) Сіздікі, расында, дұрыс еді.

е) Айналайын, мені көшеден өткізші.

18. Болымсыз етістіктің жұрнақтары.:

а) -қы, -кі, ғы, гі в) -са, -се с) -ды, -ді, -ты, -ті

д) -а, -е, й е) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

1119. Төмендегі тұрақты сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз: Не успеешь оглянуться.

) Көз көргені в) Көзді ашып жұмғанша

с Көзі ашылу д) Бір шоқып, екі қарау

е Көз тоқтау

20. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды:

а) 1991 ж. в) 1993 ж. с) 1992 ж. д) 1990 ж. е) 1994 ж.

21 21. Реттік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз:

а) Кім? Не? в) Қандай? с) Нешеу? д) Неше? Қанша?

е) Нешінші?

2 22 . Елбасының " Қазақстан - 2030" Жолдауы қашан жарияланды:

а) 2005 ж. в) 2000 ж. с) 1996 ж. д) 1997 ж. е) 1999 ж.

23. Заттың іс - қимылының мезгілін, мекенін, жай - күйін білдіретін сөздерді қалай атайды?

а) Сын есім в) Үстеу с) Етістік д) Сан есім е) Зат есім

24.Берілген сөздер ішінен синонимдік қатарды табыңыздар:

а) Белгілі, атақты, атаулы в) Әдемі, жақсы, ұзын

с) Тез, жылдам, баяу д) Білімді, ақылды

е) Таза, жарық, үлгілі

25."Қуану" деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.

а) Жұмған ауызын ашпау в) Тас жүрек с) Бетінен от шығу

д) Жүрегі жарылу е) Көз ілмеу

26. "Жаңа сөздер" сөзінің дұрыс аудармасын табаңыз:

а) Крылатые слова в) Неологизмы с) Устаревшие слова

д) Термины е) Многозначные слова

27. Жақсыз сөйлемді ажыратыңыз:

а) Оның қайта жазғысы келмеді. в) Ол сабағын оқыды.

с) Оқушылар сайысқа дайындалуда. д) Мен кітапханаға бара жатырмын. е) Күзде жаңбыр жиі жауады.

28. Жай сөйлемнің түрін анықтаныз: Жиналыс аяқталды

а) Толымсыз в) Жалаң с) Жайылма д) Атаулы

е) Жақсыз

29. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын айқынданыз:

а) да, де, та, те, және, әрі в) сондықтан, себебі, өйткені

с) бірақ, алайда, дегенмен д) біресе, кейде, бірде

е) не, немесе, я, әлде

30. Жазылуы мен айтылуы бірдей, мағыналары түрлі сөздер қалай аталады:

а) Антоним в) Синоним с) Омоним д) Полиссимия

е) Фразеологизм








© 2010-2022