Разработка на казахском языке Кешірім мен келісім

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Кешірім мен келісім

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: Кешірімділік, татулық, бірлік

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 4а,ә,б,в

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «достық» құндылығы және «кешірімділік»,«татулық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

  • шынайы достыққарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімділікке, қайырымдылыққадостыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.

Дәйексөз.«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық».

М.Әуезов

Адамдар абайсыздабірінбірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап татуласады. Ал татулық-адамдар сыныптастар,достар арасындағы ең асыл қасиет.Өйткені татулық бар жерде сыйластықта,махаббат пен бақытта бар.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Мақтаншақ жолбарыс

Ертегі

  • Жолбарыспен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендер де осындай жағдайлар болды ма?

Жаңа ақпарат

Басқа адамның кешілігін,қателігін кешіружәне өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрауадам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.

Дәптермен жұмыс: Оқушылардың сабақтан түйген ойларын дәптердегі жүрекшелердің ішіне өз ойларымен толықтырып жазулары тапсырылады.

Қорытынды:

Адамдар арасындағы келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш,өрескелдік байқалып қалады.Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дос кешіре біледі, достық пен досты қадірлейді.

Үйге тапсырма.

Жағдаяттың ізін өз ойларыңмен жалғастырып келу.





© 2010-2022