• Преподавателю
  • Другое
  • 9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сыныптан кейінгі оқуға түсушілерге арналған қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары


1. Лексика нені зерттейді?

А) Сөйлем мүшелерін В) Сөздік құрамын С) Сөз тіркесін

D) Тіл дыбыстарын Е) Сөз мағынасын

2. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші-көлем В) Жұт-жұрт С) Соғыс-бейбітшілік

D) Арман-мұрат Е) Салт-дәстүр

3. Синонимдес сөз тізбегін көрсетіңіз

А) Ағаш, темір В) Ер, батыр С) Тас, жер D) Ауыр, жеңіл Е) Қысқа, ұзын

4.Сан есімнен жасалған сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Аялдаманың қасында В) Екеуі кездесті С) Олар әдепті

D) Біз кездестік Е) Жақын жолдасым

5.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Үлкен алаң В) Екі оқушы С) Кітапты алды

D) Шығысқа қарай Е) Дәріханаға бару

6. Барыс септігіндегі зат есімді табыңыз.

А) Көктемде В) Табиғатты С) Көлдің D) Қаладан Е) Досыма

7. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Жақ,, от В) Өрт, ас С) Марал, ән D) Бұғы, ұлт Е) Арқа, көңілге

8. Тәуелдік формада тұрған сөзді табыңыз.

А) Әнім В) Тісте С) Басылды D) Ойландым Е) Достан

9. Етістікті табыңыз.

А) Аулада В) Шығыстан С) Жинадым D) Көрікті Е) Білім

10. Келер шақтың жұрнақтарын табыңыз.

А) -ып, -іп В) -ншы, -нші С) -а, -е, -й D) -ма, -ме Е) -ды, -ді

11. Бастауыш қай сөз табынан жасалғанын табыңыз: «Жақсы - ісімен жақсы».

А) Сын есімнен В) Зат есімнен С) Етістіктен D) Үстеуден Е) Сан есімнен

12. Түркістан қаласының бұрынғы аты.

А) Фарабн В) Яссы С) Ақмешіт D) Ақтау Е) Верный

13. Көп нүктенің орнына қажетті септеуліктерді жазыңыз. Ол Отан … ерлік көрсетті.

А) және В) туралы С) үшін D) қарсы Е) дейін

14. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Ақ көйлек В) Істің ақ, қарасы тексерілді. С) Жігерлі адам мақсатына жетеді.

D) Қара киім Е) Қызыл шапанын киіп Аяз Ата келді..

15. Антоним қайсы?

А) Аштық, аш В) Жіңішке, ұзын С) Түзу, тура

D) Арамтамақ, жалқау Е) Оңай, қиын

16. Омоним сөздерді табыңыз.

А) Шапан, келін В) Жеті, алпыс С) Ат үрку, ол атты

D) Оқыр, бұзбас Е) Бәрі, тегіс

17. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.

А) Үлкен терезе В) Биік қабырғалы С) Олардың қатары

D) Екі кітапты Е) Сен доссың

18. Сөйлем басында тұрған қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.

А) Тырнақша В) Қос нүкте С) Нүкте D) Үтір Е) Леп белгісі

19. Салыстырмалы шырайдағы сөзді тап.

А) Жақсы В) Жеңілдеу С) Ең үлкен D) Жеп-жеңіл Е) Қызыл

20. Өткен шақта тұрған етістіктерді анықтаңыз.

А) Халықпен В) Жазады С) Сөйлесті D) Көремін Е) Ойнап жүр

21. Тұйық етістікті атаңыз.

А) Отыру В) Барамын С) Жүрсіз D) Ойлайды Е) Тұрды

22. «Бір сөзімді кеше өзіңізге айттым ғой….»

Есімдікті тауып оның түрін анықтаңыз.

А) Сілтеу В) Сұрау С) Өздік D) Болымсыз Е) Жалпылау

23. Мезгіл үстеулер қандай сұраққа жауап береді.

А) Қайда? Қайдан В) Қанша? Нешелеп? С) Неге? Қалай?

D) Қайтіп? Қалайша? Е) Қашан? Қай уақыттан?

24. Есімдіктер мен зат есім тіркесін табыңыз.

А) Сол бала, бұл оқушы В) Әдемі сурет, биік үй С) Алтын қасық, темір жол

D) Жаңарған дала, дамыған ел Е) Бес кітап, он қыз

25. Тура мағынада жұмсалынып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қалың қол В) Қалың кітап С) Қалың жаңбыр D) Қалың ел Е) Қалың мал

26. Қай сөз антоним бола алмайды?

А) Үлкен В) Ірі С) Жасыл D) Ауру Е) Қас

27. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ұзын сөйлемнің қысқа мағынасы. В) Үлкен - кіші бас қосты.

С) Сүйкімді, болат қанжар тұрсын жайнап.

D) Биік әрі әдемі үй. Е) Есті кісі, ақылды кісі.

28. Реттік сан есімді атаңыз.

А) Жүз алты В) Тоғызыншы С) Екеу D) Қырық Е) Бес мың екі

29. Атау септіктегі зат есімді табыңыз.

А) Кітапта бар. В) Журнал алдым. С) Қалам жатыр.

D) Кітаптың беті. Е) Кітаптан оқы.

30. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Дәріханада. В) Барады. С) Барғысы келді. D) Бара жатыр. Е) Бармасын.

31. Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а, е, ү, у В) а, о, ұ, ы С) о, у, ү, а D) а, у, ы,е Е) о, ү, ы, а

32. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А) Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлі дәстүрлері бар.

В) Таудан мөлдір бұлақтар ағады. С) Самат, сен орманда не көрдің.

D) Білім - адам үшін ең бағалы іс. Е) Түркістан қаласы - қасиетті.

33. ІІІ жақта тұрған етістіктерді тап.

А) Келдім В) Келді С) Келдің D) Келдік Е) Келдіңдер

34. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.

А) Көкке қарады. В) Ұзын бойлы С) Жылы сөз D) Қаланың іші Е) Он күн

35. Автор сөзіне лайықты төл сөзді табыңыз.

``...... `` , -деді Абай.

А) ``Кел, балалар, оқылық`` В) Әсемпаз болма әрнеге… С) Жақсылық пен игілікке алыс - жақын жоқ. D) Ақыл- Адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Е) Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.

36. Құрамында қаратпа сөз бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол Сәулеге әңгіме айтты. В) Отан оттан да ыстық.

С) Жолдас генерал, бізге хабар келді D) Самат бүгін кешке келді.

Е) Ғылым таппай мақтанба.

37. Түбірлес сөздерді табыңыз.

А) Мереке, дәріс, олжа В) Ел, елші, елдің С) Халық, жұрт, бес

D) Бақыт, алаң, дүкен Е) Сұлу, биік, арман

38. Тұрлаулы мүшелерден (жалаң сөйлем) тұратын сөйлемді анықта.

А) Біз алаңға бардық. В) Мен елдің жіберген емшісімін.

С) Айнаш күлді. D) Адамнан мықты не бар екен дүниеде. Е) Жазғытұрым.

39. Автор сөзінің алдында тұратын тыныс белгісін көрсетіңіз.

А) Сұрақ белгісі В) Сызықша С) Үтір D) Леп белгісі Е) Нүкте

40. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Адамның басы В) Терең су С) Есік ашық

D) Адамның мойыны Е) Техниканың тілі

41. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Шыдам, төзім В) Ер, шырайлы, тез С) Сұлу, керек, ақ

D) Бақ, айла, жер Е) Көрік, сөз, әдемі

42. Жинақтық сан есімді атаңыз.

А) Алтыншы В) Елу бес С) Жетеу D) Үш жүз бес Е) Екі-екіден

43. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсет.

А) п, ф, б, в, т, с, ш, ц В) д, ф, м, б, с, ш, ч, ц С) з, и, к, қ, т, с, х, ц, ч

D) п, ф,қ, к, т, с, ш, щ, х Е) ж, к, х, т, с, ш, қ, ц

44. Жұрнақ қосылған сөзді табыңыз.

А) Үйіміз В) Үйшік С) Үйден D) Үйді Е) Үйім

45. Одағай сөзді табыңыз.

А) Бақытыма қарай мен оқуға бардым. В) Сен, балам, үйге кел!

С) Қызым, сен қайдан келдің? D) Алақай, біз киноға баратын болдық.

Е) Мүмкін, ол ертең келеді.

46. Етістіктің осы шақ категориясын анықтаңыз.

А) Жүрсе . В) Үйрендім. С) Жазып отыр. D) Үйренбеді Е) Жүрмесін.

47. Артық сөзді табыңыз.

А) Халық

В) Жұрт

С) Ел

D) Бұқара

Е) Қонақ

48. Тұйық етістікті атаңыз.

А) Отыру

В) Барамын

С) Жүрсіз

D) Ойлайды

Е) Тұрды

49. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Ол жақсы оқиды, себебі жақсы маман болғысы келеді.

А) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

В) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

С) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

D) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

Е) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

50. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қар еріді, бірақ жер көгере қоймады.

А) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

В) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

С) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

D) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Е) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

51. Түбірлес сөздерді табыңыз.

А) Нан, сүт, айна.

В) Балық, ойыншық, кездесу.

С) Ой, ойла, оқушы.

D) Сурет, суретші, суретшінің.

Е) Аға, бала, іні.

52. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Отан үшін, туған жер үшін.

В) Даңғылда ұлы Абайға ескерткіш орнатылған.

С) Өзенде нелер болды.

D) Сары қымыз - дертке шипа, денеге күш.

Е) Балаларды екі топқа бөлдік.

53. Жіктік жалғаулысөзді анықтаңыз.

А) Кітапханамыз

В) Оқушымын

С) Дәптерде

D) Досымнан

Е) Күнделікті

54. Болымсыз етістікті белгілеңіз.

А) Сөйлей ме

В) Сөйлеген

С) Сөйлеме

D) Сөздік

Е) .Жарнама

55. Табыс септіктің жалғаулары қандай?

А) -ға, -ге

В) -нан, -нен

С) -ды, -ді

D) -мен, -бен

Е) -ның, -нің

56. Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар екенін көрсетіңіз.

А) Назарбаев

В) Астана

С) Алтын адам

D) Қазақстан

Е) .Мемлекет

57. Сөйлемде үстеу ненің қызметін атқарады?

А) Бастауыш

В) Пысықтауыш

С) Толықтауыш

D) Анықтауыш

Е) .Баяндауыш

58. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Күн суық әрі қар борап тұр.

А) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

В) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

С) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.

D) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Е) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

59. Антоним деген не?

А) Мағынасы бір-біріне жақын.

В) Сөз бен сөзді байланыстыратын.

С) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

D) Дауыссыз дыбыстар.

Е) Бастауыш пен баяндауыш байланысы.

60. Топтау сан есімді анықтаңыз.

А) Бес

В) Алтыншы

С) Төрт-төрттен

D) Жетеу

Е) Алты мың

61. Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Орыс

В) Құл

С) Жолда

D) Ерке

Е) Аласа

62. Есімше деген не?

А) Зат есімнің түрі

В) Септік жалғау

С) Сөйлем мүшесі

D) Етістіктің түрі

Е) Сөз құрамы

63. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Қара қағаз

В) Қара жұмыс

С) Қара көйлек

D) Қара ниет

Е) Қара сөз

64. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

А) Саяси арпалыс.

В) Арпалысқан ой.

С) Боранмен арпалысу.

D) Дұшпанмен арпалысу.

Е) Арпалысу, алысу.

65. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көз, қас, бақ

В) Ол, соған, біз

С) Кеше, ертең

D) Оннан бір, екі, бірінші

Е) Алыс, қашық, шалғай

66. Келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А) Оқисың

В) Бардың

С) Сұрады

D) Ойлап тұр

Е) Жүр

67. Бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Құстарға

В) Әліппе

С) Барғанда

D) Дастарқан

Е) Жұмысшы

68. Етістіктен зат есім тудыратын сөзді анықтаңыз.

А) Жеңіс

В) Жолдас

С) Күн

D) Кісінің

Е) Қарағай

69. Жіктік жалғауындағы сөзді табыңыз.

А) Адам

В) Барасыңдар

С) Қаламгер

D) Достарым

Е) Бүлдіршіндер

70. Туынды сөзді табыңыз.

А) Ал

В) Бар

С) Жаз

D) Отыр

Е) Білім

71. «Р» қандай дауыссыз дыбыс?

А) Үнді

В) Ұяң

С) Қатаң

D) Жуан

Е) Жіңішке

72. Өткен шақтың жұрнақтарын белгілеңіз.

А) -ым, -ім

В) -ыншы, -ініш

С) -а, -е

D) -ды, -ді

Е) -са, -се

73. Жіктеу есімдігін тап.

А) Оларды

В) Ешкімде

С) Кімнің

D) Өзінің

Е) Барлық

74. Қазақ батырларын белгілеңіз.

А) Тоқтар Әубәкіров

В) Райымбек, Бауыржан Момышұлы

С) Сәкен Жүнісов

D) Жаяу Мұса, Бұқар жырау

Е) Үкілі Ыбырай, Ақан сері

75.Болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Әлде

В) Өзім

С) Қашан

D) Ешкім

Е) Барлық

76. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Ор, өз

В) Баға, бала

С) Зор, көл

D) Ін, із

Е) Бел, тау

77. Шартты райда тұрған етістіктерді анықта.

А) Жинайды

В) Жинап отыр

С) Жинаса

D) Жиналдық

Е) Жинама

78. Қалау райда тұрған етістікті анықта.

А) Үйрендім

В) Жазбады

С) Келсең

D) Ойнап жүр

Е) Үйренгім келді

79. Жатыс септіктің жалғауын табыңыз.

А) -а, -е

В) -ның, -нің

С) -нда, -нде

D) -нан, -нен, -дан, -ден

Е) -ға, -ге

80. Осы шақтың көмекші етістігін анықта.

А) Айт

В) Келеді

С) Жатыр

D) Бардық

Е) Бармады

81. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз.

А) тұрақты тіркес

В) үндестік заңы

С) көп мағыналылық

D) нақыл сөз

Е) тыйым сөз

82. Әнұран авторларын белгілеңіз.

А) Т.Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева

В) Н.Назарбаев, Қ. Мырзалиев, Л.Хамиди

С) Ш.Ниязбеков, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов

D) Ш.Уалиханов, Ш.Қалдаяқов, Ж.Мәлібеков

Е) Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов

83. Қай тұрақты тіркес « шебер» деген мағынаны береді?

А) Тонның ішкі бауындай

В) Ала жіпті аттамау

С) Қара қылды қақ жарды

D) Он саусағынан бал тамған

Е) Мұрнынан шаншылу

84. Біріккен сөзді табыңыз.

А) Тісін қайрады

В) Ашық ауыз адам

С) Бес дәптер

D) Қоңыр ала

Е) Талдықорған

85. Қалау райлы етістікті табыңыз.

А) жүдеп қалыпты

В) еңбек етсем

С) айтқысы келген
D) тынығыңыз

Е) амандасайын.
86. Қазақ тіл білімінің атасы кім?.

А) М.Әуезов

В) М.Дулатов

С) А.Құнанбаев
D) Ы.Алтынсарин

Е) А.Байтұрсынов

87. Шартты райлы етістікті табыңыз.

А) Беліңді бекем буғайсың.

В) Содан кейін мені бір сына.

С) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.
D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.

Е) Бір көрсем, арманым болмас еді
88. Одағай қатысқан сөйлемді табыңвз.

А) Жылт - жылт етеді, жылғадан өтеді.

В) Үй ішінде де майда самал ескендей.
С) Көкжиекте аққудай тізілген ақша бұлттар шуақтап жатқан

тәрізді.

D) Япырау, қайда сол күндер!
Е) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!

89. Күрделі анықтауышты табыңыз.

А) Аласалау үйден түтін шығып жатыр.

В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.

D) Далада кішкентай балалар ойнап жүр.
Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.

90. Күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Аспанды бұлт торлады.

В) Оқу инемен құдық қазғандай.
С) Жел кешке қарай саябырсыды.

D) Олар бұл мәселеге біраз ойланды.
Е) Сенің айтқаның болсын.

91. Қай сөйлемде пысықтауыш бар?

А) Аспан жүзі түнерген бұлт.

В) Ортадағы қоңыр төбелі үйден төрт- бес жігіт шығып келеді.
С) Бөжей - қалың жігітектің адамы.

D) Барлық қонақтар аттанып кетті.
Е) Кешеден бері бірталай жұмыс тындырылды.

92. Синтаксис нені зерттейді?

А) Сөз мағынасын

В) Тіл дыбыстарын

С) Сөз таптарын

D) Сөйлем мүшелерін

Е) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін

93. «Алдау» мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

А) Аузына су құйылу

В) Көзге оттай басылу

С) Мұзға отырғызып кету

D) Іші удай ашу

Е) Мойны жар бермеу

94. Есімше тұлғасында тұрған сөзді табыңыз.

А) жауындатқан

В) күтумен

С) сайраса

D) танысқалы

Е) қорғалан

95. Шартты райды табыңыз.

А) Асықпай оқы.

В) Жауабы табылып қалар.

С) Іздесең, табасың.

D) Жауабын тапқың келе ме?

Е) Ендеше ойлан.

96. Біріккен сөздерді белгілеңіз.

А) Әрі-сәрі, әзіл-оспақ

В) Белбеу, меймандос

С) Құпиялық, сыйымсыз

D) Бүркіт, біраз

Е) Сарыарқа, еріксізден

97. Қазақ жазба әдебиетінін негізін салған кім?

А) А.Байтұрсынов

Б) Ш.Уәлиханов

С) Ы.Алтынсарин

D) М.Әуезов

Е) А.Құнанбаев

98. «Ұшу» сөзін қай тізбектегі сөздерге тіркестіріп сөз тіркестерін

құрауға болады

А) Зәресі, кітап, гүл, шеге

Б) Үрей, жылқы, иманы, зәресі

С) Аспанға, оққа, иманы, мұрттай

D) Құс, дала, күн, оңай, есек

Е) Ұшақ, қону, түсу, көк, бор

99. Қай қатардағы сөздерде у әрпі дауысты дыбысты таңбалап тұр

А) Бу, қу, дау

Б) Дәу, ту, суы

С) Су, бару, келу

D) Уақыт, желбау, асау

Е) Ау, белбеу, жауап

100. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз

А) Дәптер

Б) Іскер

С) Өтініш

D) Айғақ

Е) Дүниеқор

101. Біріккен сөзді тап:

А) Бара - бара, көре - көре

Б) Иткөйлек, Екібастұз

С) Бесік тойы, кіндік шеше

D) Жоғары - төмен, сәл - пәл

Е) Жаз айы, қыс мезгіл

102. Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.

А) Филология

Б) Философия

С) Жаратылыстану

D) Тарих

Е) Археология

103. «.......Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте». Өлең жолдарының авторын көрсет.

А) С.Торайғыров

Б) А.Байтұрсынов

С) М.Мақатаев

D) Қ.Мырзалиев

Е) А.Құнанбаев

104. -ды, -ді, -ты, -ті етістіктің қай шағының жұрнағы, көрсетіңіз.

А) Көмекші етістік

Б) Ауыспалы шақ

С) Осы шақ

D) Өткен шақ

Е) Келер шақ

105. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Алтыбақан

Б) Қонақжай

С) Шаңсорғыш

D) Қызкеліншек

Е) Фотокөрме

106. Синоним сөздердің тізбегін табыңыз.

А) Болашақ, келешек

Б) Көтерем, семіз

С) Ел, жер

D) Хабар, ұсыныс

Е) Үй, жиһаз

107. Одағайды табыңыз.

А) Өзімдікі болса игі еді

Б) Охо, өлкемдегі өмір қандай!

С) Балам, ойымды таба алмадың

D) Мынау не деп тұр?

Е) Қой деймін, бала

108. Қазақ тілі қай тілдер тобына жататынын көрсетіңіз.

А) Түркі

Б) Кавказ

С) Словян

D) Фин - Угор

Е) Үнді - Еуропа

109. Қимылдық мағынаны білдіретін сөзді табыңыз.

А) Қызыл, ақ, көк

Б) Біреу, екі, үш

С) Күлу, оқы, тоқу

D) Паһ-паһ, ойпырмау

Е) Күлкі, мінез, ой

110. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) к, ғ, қ, п, т, р.

Б) л, м, ң, н,, р, с.

С) а, ә, і, ө, о, я.

D) к, ғ, р, л, қ, д.

Е) б, в, ғ, г, д, ж, з.

111. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.

А) Орман іші

Б) Ауылдың малы

С) Баланың бесігі

D) Сәуленің қуыршағы

Е) Зәуренің болашағы

112. Табыс септігі жалғауын табыңыз.

А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Б) -да, -де, -та, -те, -нда, -нде

С) -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не

D) -м, -ым, -ім

Е) -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін

113. «Демеулік», «септеулік», «жалғаулық» деген сөздер неге тән?

А) Зат есім

Б) Есімдер

С) Есімше

D) Оқшау сөздер

Е) Шылау

114. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) Жүзер

Б) Кептер

С) Дәптер

D) Асар

Е) Күндер

115. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.

А) Оқыр

Б) Келмес

С) Барар

D) Отыр

Е) Жүр

116. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Ол әжесінен рұқсат сұрады.

Б) Адам еңбегімен бағаланады

С) Жасымда ғылым бар деп ескермедім

D) Әке мен шешені сыйлаңдар

Е) Еңбекке баулы

117. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Қалам

Б) Арманың

С) Баласы

D) Балама

Е) Балаңыз

118. Биыл Шығыс күнтізбесі бойынша қандай жыл?

А) Сарышаян

Б) Доңыз

С) Тауық

D) Тышқан

Е) Ит

119. Баяндауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.

А) Жаңыл кеше келді.

Б) Ол ренжи қарады.

С) Ананың ойлағаны болар.

D) Еңбегін бағалансын.

Е) Емтихан басталды.

120. «Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ» Афоризмнің авторы кім?

А) А.Құнанбаев

Б) М.Әуезов

С) Ғ.Мүсірепов

D) Ш.Айтматов

Е) Б.Момышұлы

121. Қазақстан - тәуелсіз .... , халық саны .... , ал жер көлемі .... шаршы шақырымнан асады.

А) республика, көп, 2,7 млн.

Б) мемлекет, 18 млн., 1,7 млн.

С) ел, шамамен 19 млн., 2,7 млн.

D) мемлекет, 15 млн., 2,7 млн.

Е) республика, аз, 2,7 млн.

122. Мына мақалды аяңтаңыз. Сөйлесе білген - .....

А) келісе біледі.

Б) төзе біледі.

С) ойлай біледі.

D) тіл табыса біледі.

Е) үйлесе біледі.

123. Есімдікті тап.

А) көр

Б) жаз

С) ол

D) көрме

Е) көк

124. Өткен шақтағы етістікті тап.

А) келер

В) келедi

С) келмейді

D) келген

Е) келе жатыр

125. Байырғы сөздер дегеніміз не?

А) диалектизмдер

Б) неологизмдер

С) кірме сөздер

D) варваризм

Е) архаизм

126. Сөздердің мағыналық, стильдік әрі грамматикалық сипаттамаларын беретін сөздік қалай аталады?

А) түсіндірме сөздік ;

Б) фразеологизм сөздік;

С) қысқаша сөздік ;

D) антонимдер сөздігі;

Е) синонимдер сөздігі

127. Спецификалық дыбыстар дегеніміз не ?

А) заттың атын білдіретін сөз

Б) заттың түсін, түрін білдіретін сөз

С) іс-қимылды білдіретін сөз

D) қазақ тіліне тән дыбыстар

Е) тек жуан буындылардан тұрақты сөз

128. Мына мақалды аяқтандар : Жақсы сөз-

А) қызыл тіл ;

Б) атылған оқ ;

С) жарым ырыс ;

D) аталы сөз ;

Е) батылы сөз

129. Белгілі бір аймаққа тән жергілікті сөйлеу ерекшеліктері қалай аталады ?

А) Термин

Б) диалект

С) неологимз

D) варваризм

Е) архаизм

130. Күшейтпелі шырайлы көрсетіңіз

А) ең күшті, әдемірек

Б) үлкеңірек, әдемірек

С) өте үлкен, ең үлкен

D) ең күшті, жастау

Е) қызыл, жасыл, көк

131. Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы қалай аталады ?

А) лексика

Б) термин

С) диалект

D) варваризм

Е) диалектизм

132. Фонетика саласына жатаын термин сөз

А) мақал-мәтел

Б) сөз тіркесі

С) қатаң

D) омоним

Е) етістік

133. Тәуелдік жалғаудың дұрыс нұсқасын көрсетіңіз

А) мын,-бын,-тын

Б) пенен,- бенен,-менен

С) -іміз, /-іміз, /-ымыз,-імен

D) ым,/-ім,/м

Е) -сы, /- сі,-і, -пен, -дан

134. Мезгіл үстеумен тіркескен сөз тіркесін табыңыз

А) ежелден таныс

В) тауып алды

С) отыз адам

D) жаңа киім

Е) жақсы белгі

135. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз

А) сағат бұралды /ма/

В) жайлауға келді /ме/

С) сөзді бөл /ме/

D) бөл /ме/ жарық

Е) институтқа түсті /ме/

136. Белгісіздік есімдікті анықта

А) мен, біз

В) ешкім, ешжерде

С) қырық, бір

D) біреу, әлдекім

Е) отыр, тұр

137. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз

А) Балалар далада ойнап жүр

В) Сен қашан келесін

С) Келгеніңе қанша болды

D) Аттең, кешігіп қалдың-ау

Е) Жауап бер

138. Морфология нені зерттейді?

А) сөз таптары

В) сөйлем

С) фонема

D) дыбыс

Е) сөз тіркесі

139. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) бал-бала

В) барды-барады

С) ұйықтады-ұйықтаған

D) қызыл-сары

Е) бар-жоқ

140. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз

А) Кеше қар жауды

В) Сен де келесің бе

С) Жайнай бер, туған жер

D) Шіркін, ауыл кеші ерекше ау

Е) Ең төменгі баға алды

141. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсетіңіз

А) Базаралы келді

В) Күн едәуір көтерілді

С) Ол қуанғанынан жылап та жіберді

D) Күн кешкіріп, жолаушылар жолға шықты

Е) Жаңбыр аралас қар жауып, күн тез бұзылды

142. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

А) Сәуле кеше келді

В) Алатау әсемдіктің символы

С) Ол шешесіне хат жазды

D) Сымбат-үлгілі қыз

Е) Баласы тиянақты екен

143. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды

В) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт

С) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады

D) Әйгерім әнін үзгенше Абай қозғалмады

Е) Әні өте әдемі екен

144. Сабақтаса құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады

В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды

С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты

D) Телехабарда ән де, кино да кезектесіп жүріп жатты

Е) Саяхатшылар көп келеді

145. Үндестік заңы дегенміз не?

А) Сөздің ара қарай бөлінбейтін бөлшегі.

В) түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп өзгеруі.

С) Сөз тудырушы жұрнақтар.

D) Сөздердің орын тәртібі.

Е) буын.

146. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

А) топтау

Б) реттік

С) жинақтық

D) есептік

Е) болжамдық

147. Топтау сан есімді табыңыз

А) жүз мыңға таяу

Б) ондаған

С) бес - алтыларда

D) отыз - қырықтан

Е) он жетіде

148. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.

А) а, ә, б, ғ.

В) к, қ, п, с, т, ф.

С) д, ж, з, һ,

D) й, м, н, р.

Е) а, н, р, и.

149. Етістіктің тұйық етістік тұлғасымен тіркескен тіркесті табыңыз

А) отыра кетті

В) барса игі еді

С) оқығысы келді

D) тез келу

Е) тексерді

150. Екі ұяң дауыссыз қатар тұрған сөзді табыңыз.

А) Бозбала

В) Түсқағаз

С) Бойжеткен

D) Тұрғынжай

Е) Сенімхат

151. Омоним болатын сөз қайсы?

А) Ауыз

В) Құлақ

С) Тіл

D) Балшық

Е) Сау

152. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Менен, жетеу

В) Сөк, түс, көз

С) Ардақты, қадірлі

D) Сырмақ, шекпен, алаша

Е) Қыс-жаз, күз-көктем

153. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жазған, оқы, бар

В) Тақ, қақ, ара

С) Кең, тар, биік, төмен

D) Ажар, пішін

Е) Қызыл, жасыл, жақсы

154. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Қала мен ауыл арасы.

В) Алты қанат ақ үй.

С) Қас пен көздің арасында.

D) Көпке тараған ән.

Е) Ел арасында.

155. «Ашық» деген сөздің ауыспалы мағынада қолданып тұрған жерін көрсетіңіз.

А) Ашық есік

В) Ашық жер

С) Ашық бөлме

D) Ашық мінез

Е) Ашық көрпе

156. Фонетика саласына жататын термин сөз.

А) Мақал-мәтел

В) Сөз тіркесі

С) Қысаң

D) Синоним

Е) Жұрнақ

157. Сұрау есімдікті көрсетіңіз.

А) Бұлар

В) Қайсысы

С) Мұнымен

D) Бізді

Е) Сіздер

158. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз.

А) Ешқайсысы

В) Әлдекім

С) Әлдеқалай

D) Қайсыбір

Е) Мүмкін

159. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мал жайлауда еді.

В) Сәуле кеше келген.

С) Егіншілер қос басында.

D) Омар хат жазып отыр.

Е) Дала ақ көрпеге оралған.

160. Барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп түрған шылауды көрсетіңіз.

А) Сенімен бірге

В) Саған дейін

С) Сенен кейін

D) Сенімен қатар

Е) Сенен






© 2010-2022