Гимнастика сабағы. Қысқа алдыға және артқа домалау

  Мен, Сулейменов Мадениет Нажмадинович сіздердің қоржындарыңызға өз сабақ жоспарымды салып отырмын. Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағы. Қысқа алдыға және артқа домалау деп аталады. Сабақтың мақсаты:  1)Гимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың                                             білімдерін қалыптастыру.     2)Алдыға,артқа домалауды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс  тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту.  3)Дене жаттығуларымен өз беттерімен шұғылдануға,  ұйымдастырушылыққа, ұйымш...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Гимнастика сабағы.Қысқа алдыға және артқа домалау

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика сабағы.Қысқа алдыға және артқа домалау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қысқа алдыға, артқа домалау әдісін үйрету.

Сабақтың міндеттері:1)Гимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.

2)Алдыға,артқа домалауды

үйрету арқылы қимыл-қозғалыс

тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту.

3)Дене жаттығуларымен өз беттерімен шұғылдануға,

ұйымдастырушылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке

үйрету.

Сабаққа керекті құралдар: Гимнастикалық

төсеніш,праектор.

Өтетін орны: Спортзал.

Р/с

Сабақтың мазмұны

Жаттығу мөлшері

Методикалық нұсқау

I

Кіріспе бөлім

14мин.

1

Сапқа қатарға тұрғызу,кезекшінің мәлеметін тыңдау сәлемдесу.

1мин

Денені тік ұстау, тыныштық сақтау.

2

Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.

2мин

Мұқият тыңдау.

3

Саптағы жаттығулар.Оңға,солға, артқа бұрылу.

30с

Жаттығуды бір қалып пен орындау.

4

Жүгірудің түрлері.

  • Жеңіл жүгіру.

  • Оң,сол қапталмен жүгіру.

  • Кері, артпен жүгіру.

  • Тізені көтеріп жүгіру.

  • Жылдам жүгіру.



  • Баяу жүгіру.

3мин

Сапты бұзбау.

Сол иықтан қарау.

Денені тік ұстау.

Арақашықтық сақтау.

5

Терең тыныс алып, демді басу.

1мин

Терең дем алып, дем шығару

6

Саппен жүріп келіп, бір лектен төрт лек құру.

30с

Арақашықтық сақтау.

7

Бір орында тұрып, дененің барлық бөлігіне дамытуға қатысты жалпы дамыту жаттығу тобын орындау.

Бір қатарға сапқа тұру.

7мин

Жаттығуларды бір қалыппен орындау.

II

Негізгі бөлім

28мин

1

Сапқа тұру, проектор арқылы негізгі бөлімге көшу.

Алға және артқа қарай домалап түсу - денені жинап, жиырып алып аударылып түсу деген сөз.Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайымы қолды жерге тіреп отырып, алға қарай аударылып түсу. Ол үшін төмен жүрелеп отырадыда, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыпта бастайды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түседі. Бұл кезде арқа доғаша иіліп, бұлшық еттер қатаяды.Осындай қалыптағы жиырылу аяқтың денені итеру күші жүрелеп отыру қалпына келгенге дейін созылады. Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін: 1)Бастың еденге тиюі.2)Жиырылған денені уақытынан бұрын жазу.3)Домалап түсудің бастапқы кезінде колды алға таман жылжытып жіберу. 4)домалап түскеннен кейін аяқты жазып,көсілу.

Домалап түсудің ең негізгі қажетті элементі жиырылу.



4-5мин

Тыныштық сақтау,мұқият тыңдау,көру.



Алдыға домалау.

Гимнастика сабағы.Қысқа алдыға және артқа домалау





Артқа домалау.

Гимнастика сабағы.Қысқа алдыға және артқа домалау

3

Көрсетіп түсіндірілген жаттығуларды жасау қайталау.

23-24мин

Домалау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. Мұғалімнің немесе әріптесінің көмегімен жаттығуларды орындау.

III

Қорытынды бөлім

3-мин

1

Класты бір қатарға сапқа тұрғызу.Сабақтағы жеткен жетістіктер мен кемшіліктерді айтып кету.

1мин

Демалуын қалыпқа келтіру.

2

Бағалау.

1-мин.

3

Үйге тапсырма беру.

Жаттығуларды қайталау

4

Қоштасу.

Бір қатармен залдан шығу.











© 2010-2022