Урок по профказахскому языку на тему Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Топ:2АІ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Сабақтың түрі: Білім, икем, дағдыны қалыптастыру сабағы;

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: сабақта қолданылатын жаңа сөздермен таныстыру, алған білімдерін пысықтау;

ә) дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, ауызекі тілдерін дамыту;

б) тәрбиелік: алға қойған міндеттерді шығармашылық жолмен шешуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу;

Қолданылатын әдебиет: Исаев С. «Сопоставительная грамматика казахского и русского языков». А., 1996;

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу;

ә) сабаққа қатысуды тексеру.

2. Оқушылардың білімдерін тексеру.

2.1. Сұрау әдісі: жеке жауаптар, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.

2.2. Сұрақтар (тапсырмалар).

Жұрнақтарды пысықтау.

3. Сабақтың тақырыбы. Мақсаттардың ашылуы.

3.1. Жаңа материалдың берілу жоспары.

Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі көбінесе тұрақты болып келеді:

1. Етістік-баяндауыш әрқашан сөйлемнің соңында тұрады: Студенттер дәрісханада отыр. - Студенты сидят в аудитории.

2. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрады: Студенттер жарық дәрісханада отыр. - Студенты сидят в светлой аудитории.

3. Сұраулы сөздер етістік-баяндауыш болмағанда, сөйлемнің соңында тұрады: Бірінші дәрісхана қайда? - Где первая аудитория?

4. Сөйлемнің етістік-баяндауышы болғанда, сұраулы сөздер солардың алдында келеді: Қарлығаш қайда отыр? - Где сидит Карлыгаш?

1-тапсырма. Мына сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастырыңыз.

Алма, балмұздақ, оқу, мұғалім, жақсы көру, жек көру, жиналыс, кітапхана, келеді, сатып ал.

2-тапсырма. Мәтінді оқу, аудару. Сөздердің орын тәртібіне тоқталу.

Менің бөлмем

Менің пәтерім бесінші қабатта орналасқан. Пәтерім бес бөлмелі. Әр бөлмеде жиһаз бар. Менің бөлмем пәтердің сол жағында орналасқан. Бөлмем кең, жарық. Терезесі оңтүстікке қарайды. Менің тереземнен Усолка ықшамауданының үйлері көрініп тұрады. Менің бөлмем өзіме қолайлы. Жиһаздар ыңғайлы орында тұр. Қабырғада кітаптар сөресі бар. Бөлменің сол жағында кереует, терезе алдында жұмыс үстелім тұр. Мұнда мен сабаққа дайындаламын, бос уақытымда әуен тыңдаймын.

4. Жаңа материалды бекіту. Сұрау түрі (ауызша).

4.1. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қай жерінде орналасады?

4.2. Анықтауыш пен пысықтауыш қандай сөздердің алдында келеді?

5. Сабақты қорытындылау:

5.1. Үйге тапсырма: ережелерді оқу.

5.2. Оқушылардың білімдерін бағалау.



© 2010-2022