Сабақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:







«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледж





директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары:_______Г.Аралбаева





Сабақтың тақырыбы: Қайсарлық пен батылдық

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға қайсарлық пен батылдық жайлы ақпарат беру

Дамытушылық: Білім алушыларды бойындағы ерік - жігер, табандылықтарын дамыту

Тәрбиелік : Білім алушыларды қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі:түсіндірме

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Ж.Ж Әкімбаева Өзін-өзі тану

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Қанағат,рақым ойлап қой

«Ынсап сайын береке» деген тақырыбына эссе

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Шаттық шеңбері

Сөзі мен әні М. Шахановтікі

Ерлікке шақыру. (Әнді аудиокасетадан тыңдатамыз)

Әңгімелесу

Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың? Олардың шешімін қалай табасың? (бір оқушының жауабы)

Өмірде болатын қиыншылықтарды болған оқиғаға байланысты әр түрлі қабылдаймын. Әрине кейде тосылып та қаламын, бірақ еш уақытта асығыс шешім қабылдамаймын.

Жиі тәуекелге барасың ба?

Жиі тәуекелге барамын деп айту қиын, дегенмен қысылған кезде тәуекел етемін.

Бір істі бастар алдында оған ой жіберіп, ақылға саласың ба?

Жеке басыма түскен істе әрине ойланамын, достарымның шешіміне ойланбастан кірісіп кететін кездерім болады.

Адам неліктен көзсіз батылдыққа барады?

Менің ойымша көзсіз батылдыққа бару жастықтың салдарынан болса керек.

Мәтінмен жұмыс

М.Кемеловтың ізімен (бір оқушының жауабы)

Мәтінді оқығанда қандай ой түйдің?

Өмірдің өзі күрес, шын мәнінде жеңіл жетістікке жете берсең оның да мәні болмайды. Құламасаң-тұрмайсың, жоғалтпасаң-таппайсың деген сөз өте орынды пікір деп есептеймін.

Өзің ерік-жігеріңді шыңдаудың қандай амалдары мен жолдарын жасар едің?

-алдыма мақсат қоямын

-қиындыққа мойымаймын

-өзімді өзім жігерлендіремін

-өз күшіме сенемін

Видеоролик

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

Тапсырма

« Ерлік деген не?» тақырыбында сұхбат жүргізіңдер де, ортақ белгілерін табыңдар.

Оқушылалдың сұхбат жүргізуге құрған сұрақтары

Сіздің аты -жөніңіз

Ерлік дегенді қалай түсінесіз?

Сіз өз өміріңізде ерлік жасап көдіңіз бе?

Өз ауылымызда өмірі ерлікке толы кісі бар деп айта аласыз ба?

Оқу ақпараты бойынша әңгімелесу

Адам рухының күштілігі мен әлсіздігін қалай білуге болады?

Рухы күшті адамдар басына қандай іс түссе де мойымайды, қайта жігерлене түседі.

Рухы әлсіз адамдар өміріндегі болмашы сәтсіздікке күйзеліп өмірден үмітін үзеді.

5

Үйге тапсырма

Қайсарлық пен батылдық

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау


Пән оқытушысы: Г.Таурбаева

© 2010-2022