Урок по казахскомк языку на тему Однородные члены предложения

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Мақсаты : Сөйлем мүшелерін пысықтау, Сөйлем мүшелерінен жасалатын бірыңғай мүшелерді, оның ерекшеліктерін оқыту.

Оқушылардың сөйлем мүшелері, айқындауыш мүшелер туралы білімдерін пысықтап қорытындылау.

Тәрбиелік-оқушыларды терең білімді блуға,ұжымдастыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу.

2.Жаңа сабаққа жол,1.Қызығушылықты ояту.

Өткен сабақ материалдарын пысықтай келе жаңа сабақпен байланыстыру

Бүгінгі сабақтың ұраны:М.Мақатаевтың өлеңі жаңа сабақпен байланыстыру

1.Ең бірінші бақытым -Тілім менің...

Ұлтты, халықты тек тілі арқылы ғана тани аламыз.

Мысалдар

Сөйлем мүшелері

Сұрақтары

Сөз табы

1.Ұлтты, халықты тек тілі арқылы ғана тани аламыз

Бірыңғай толықтауыш

кімді

Зат есім

2.Ана тілінсіз ұлт әдебиеті,ұлт мәдениеті болмайды.

Бірыңғай бастауыш

Не

Зат есім

3.Ана тілі -айбарымыз,айбатымыз,

ардағымыз.

Бірыңғай баяндауыш

Не

Зат есім

4.Қазақ тілі-дамыған,жетілген , бай,икемді тіл.

Бірыңғай анықтауыш

Қандай

Сын есім

5.Тілдің байлығы бүгін де,ертең де,тіпті ғұмыр бойы таусылмас қазынамыз сияқты.

Бірыңғай бастауыш

Қашан

Үстеу

Әр мысалдағы сөйлем мүшелерін таптық.Енді осы мысалдардан қандай ерекшеліктер байқадық?

Оқушылар төмендегі ерекшеліктерін айтады:

1.Мысалдардағы сөйлем мүшелері сан жағынан біреу ғана емес,бірнешеу болып бірыңғайласып тұр.

2.Белгілі бір сөз табынан жасалып тұр.

3.Олар бір ғана сұраққа жауап беріп,бір ғана ортақ мүшемен байланысып тұр.

Оқушылар айтқан ерекшеліктерді түзетіп,қосымша толықтырып ,рержесін бірге шығарамыз.

Ереже шығару.Бірыңғай мүшелер.

Сөйлемдегі қызметі ,тұлғасы ,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады.

Оқулықпен жұмыс.62-жаттығу.

Жаттығудағы сұрақ-тапсырмаларды топқа бөліп орындату.

1.Сөйлегенде не жазғанда сөйлемнің бірыңғай мүшелері не үшін қолданылады.

2.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері барлық сөз таптарынан бола бере ме?Мысал келтіріңдер.

ІІ.Ал,екінші бақытым-Халқым менің...

1.63-жаттығу.Өлеңді екіге бөліп,екі топқа жазғызу.

Өлеңдегі тыныс белгілері қойылмаған бірыңғай сөйлем мүшелерінің тыныс белгісін қойып,ондағы сөйлем мүшелерін анықтау.

Оқулықпен жұмыс.64 -жаттығу

Ойтолғау жазу

ІҮ.Бағалау

Ү.Үйге тапсырма:65-жаттығу.

Ереже жаттау.



© 2010-2022