Ашық сабақ Ұлттық спорт түрлері (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Ашық сабақ

Ұлттық спорт түрлері

7 - сынып



Мұғалім: Малдыбаева

Шолпан Ганатовна





Ильинка орта мектебі

2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық cпорт түрлері.

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу. Тоғызқұмалақ пен көкпар ойыны туралы мәлімет беру;сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға , ой- өрісін толық дамыту ,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.

Cабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреттері, сандық, ноутбук.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

Еңбек етіп ерінбей,

Бестік баға алайық

Тіл жаттықтыру үшін сайыс өткізу (сен маған,мен саған)

ІІ .Ұй тапсырмасын тексеру.

Диалогты кезек-кезекпен оқып береді.

III. Жаңа сабақ..

Сабақтың тақырыбы қандай екен.

Ұлттық спорт түрлері

-Қазір ,балалар ,біз сендермен біріншіден екі топқа бөлінеміз.ол үшін мына сиқырлы сандықтан кәмпит аламыз (оқушылар келіп бір-бірден кәмпит алады)

-кімде қызыл кәмпит -1 топ

-кімде көк кәмпит -2 топ

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

І топ Топтың аты- «Көкпар ».

ІІ топ Топтың аты- «Тоғызқұмалақ ».

IV.Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім: - Балалар, мәтінді оқып ,аударып,осы тақырып бойынша постер жасайсындар.

Көкпар

Көкпар-қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Бұл ойын Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар жігіттердің күш - жігерін, төзімділігін,батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

Ойынға екі команда қатысады. Ойынға салмағы 30-40 кг болатын серкені алады. Ойында қарсыласының қазандығына ең көп салым салған команда жеңімпаз болып танылады.

Жаппай көкпар - кез келген жастағы адамдар ойнайтын көкпар түрі.

Дода көкпар - аталас ауылдар мен рулар сайысқа түсетін көкпардың бір түрі.

Айналма көкпар - серкені бір ғана белгіленген жерге апарып тастайтын түрі.

Мәре көкпар - серкені әр жақ өз мәресіне жеткізетін көкпардың түрі.

Жаңа сөздер.

Көкпар - национальная спортивная игра,скачки с козлом

Серке - туща козла

Күш-жігер - сила

Төзімділік - терпеливость

Батылдық - мужество

Ептілік - ловкость

Қазандық - котел

Салым - очко

Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Тоғызқұмалақ - шахмат, дойбы секілді арнаулы Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Бұл ойын терең ойды талап ететін оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған. Тоғыззқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.Тоғызқұмалақ - еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.

Жаңа сөздер.

Құмалақ - сухие овечьи катышки

қолданады - применяют

раскладывают - салады

қатысады - участвуют

ұяшық - ячейка

бірдей сан - парное число

қарсы жақ - противная сторона

әр топі шығып постерді қорғайды, екінші топқа стикермен бағалайды.

Мәтінді бірнеше рет оқып, сосын мәтінді жасырып, қима қағаздан бір сөйлемнен мәтінді құрастыру, қай топ бірінші құрастырады.

V. Ойын «Орамал тастау»

Оқушылар орамалды бір-біріне тастап, шашағында байлаған сөзді оқып тәуелдейді.

Мысалы, менің денсаулығым, сенің денсаулығың, сіздің денсаулығыныз, оның денсаулығы.

VI. Сергіту сәті «Көңілді күн».

VIІ. Топтық жұмыс.

Оқушылар грамматикалық тапсырма орындайды.

Карточкомен жұмыс, сөйлемдер құрастыру керек:

Сұрақтар

Етістіктер

Жауаптар

Самат кім?

Ашық сабақ Ұлттық спорт түрлері (7 сынып)

Самат - жүзуші.

Ол суда жузіп жүр.

Ашық сабақ Ұлттық спорт түрлері (7 сынып)

Ашық сабақ Ұлттық спорт түрлері (7 сынып)

Ашық сабақ Ұлттық спорт түрлері (7 сынып)

VIІІ. Ой қорыту: Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім?

ІХ. Үйге тапсырма: Ұлттық ойындардың бір түрін әңгімелеп келу.

Х. Бағалау. Смайликтерді тарату.


© 2010-2022