Теңге - тәуелсіздік тірегі ашық сабағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қайнар» колледжі




Мастер класс





Теңге - тәуелсіздік тірегі ашық сабағы








Дайындаған: Ходжаева К.К.








Ақтау - 2011 ж.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру).

2.Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

3.Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Тәрбиелік:

1.Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый-кішіге жол көрсету).

2.Еңбек тәрбиесі (еңбекке баулу, еңбек адамдарына сый құрмет, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие).

3. Сұлулық тәрбиесі (табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу).

Дамытушылық

1.Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, классификациялау).

2.Жалпы қабілеттілікті дамыту (әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану).

3. Еріктілікті дамыту.

4. Танымдық қызығушылықты дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, буклеттер.

Пән аралық байланыс: ақша, қаржы және несие, банк ісі, экономикалық теория негіздері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Негізгі кезең.

- «Теңгенің шығу тарихы» (оқушы баяндамасы).

- Ескі теңгелер мен жаңа теңгелер ерекшеліктерін қарастыру (буклет).

ІІІ. Қорытынды кезең.

- Анаграмма ойыны.

- Әр елдің валюта бірлігін атау (жаттығу).

ІІ. Негізгі кезең.

«Теңгенің шығу тарихы» Олжабай Ақмаралдың баяндамасын тыңдау.

Теңгенің шығу тарихы.

1993 жылы шілде айында Ресейде Ұлттық валюта енгізілді. Қазақстанның басшылы-ғы осы Ресейде енгізілген ақша белгілерін Қазақстан енгізуге дайындығын хабарлады. Ресейдің орталық банкі екі аптаның ішінде Қазақстан жаңа ақшалар мен қамтамасыз ететініне уәде берді. Қыркүйектің 23-де Қазақстан мен Ресейдің ақшасы жүретіні туралы келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстанда енгізілетін жаңа ақша белгісі теңге деп аталады. Қазіргі кезде пайдаланатын «деньги» деген сөз көне орыстың «деньга» деген сөзінен шыққан. Ол өз кезегінде түрік сөзінен «тенге» деген сөзінен шыққан.

1992 жылдың бірінші жартысында Республиканың басшылары Ресейдің рубліне сенім артуға болмайтынын түсініп, өзінің валютасын шығаруға алғашқы қадамдар жасады. 1992 жылы қараша айында «Харриссан» атты ағылшын фирмасы Қазақстанның ақ-ша белгілерін шығаруға келісім берді және контрактқа қол қойылды. 1993 жылдың көктемінде жеті купюр 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар қағаз болып келді. 1993 жылдың қараша айының 12-ші жұлдызында Қазақстанның президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Респуликасында Ұлттық валютаны енгізу туралы» үкімге қол қойды. Осыған байланысты 1993 жылдың қараша айының 15-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының жерінде айналысқа Ұлттық валюта теңге енгізілді.

Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаетың жеке басшылығы-мен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзімде - бір жыл екі ай ішінде Англияда аяқталды. Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1жылқоса алғанда аяқталды.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдауға тиіс.

Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа шығарады. Бұл шараға бірқатар факторлар себепші болды және ұлттық валютаны қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.

Айырбастаудың басты мақсаты тұтастай алғанда елдің экономикасына да, сол сияқты жекелеген азаматтар мен экономикалық субъектілерге де зор нұқсан келтіретін жалған ақша жасаушылыққа қарсы әрекет болып табылады. Ескі ақшаны жаңасына ауыстыру - әлемнің барлық елдеріне дерлік тән, әдеттегі практика. Және де бұл түпнұсқалық банкноталардың көшірмелерін 99 пайызға дейінгі дәлдікпен жалған ақша дайындаушылар да қапы жібермейтін ең жаңа жоғарғы компьютерлік технологиялар кезеңінде әсіресе маңызды. Міне, сондықтан да Интерпол табанды түрде әлемнің барлық елдерінің орталық банктеріне мезгіл-мезгіл - әрбір 5 - 7 жыл сайын - өз валюталарының дизайнын және техникалық сипаттамаларын ауыстыруды ұсынады.

Ұлттық Банк алда тұрған айырбастау барысында теңгенің экономикалық, сапалық сипаттамалары, оның сатып алушылық қабілеті, қолданылып жүрген валюталық режим, айырбастау бағамы өзгермей қалатынына кепілдік береді.

Ұлттық Банк алдын ала әр түрлі зерттеулер жүргізді. Атап айтқанда, басқа елдердің қолма-қол ақша айналымын талдауға арналған ғылыми-практикалық әзірлемелері зерделенді. Бұл зерттеулердің негізгі қорытындылары халықтың айналыстағы банкноталарды тек қана әрбір номиналдың түстер үйлесіміне және өлшеміне сүйеніп қабылдайтынын және сәйкестендіретінін көрсетеді. Мысалы, кіші номиналдағы банкнота өлшемі бірдей үлкенірек номиналдың түсіне боялғанда, құны жоғары банкнота сияқты қабылданады.

Ұлттық Банк осыған дейін мұндай шатыстыруды болдырмау жөнінде шаралар қабылдаған еді, сондықтан 200 теңгеден 2000 теңгеге дейін банкноталар ауыстырылды, бұл аздаған өзгерістен кейін қателесу мүмкіндігін барынша азайтты.

2006 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы банкноталар қандай да бір номиналды қателесіп қабылдау ықтималдығына толық жол бермейді, өйткені барлық номиналдар түсімен де, сол сияқты өлшемімен де ерекшеленеді. Түстер үйлесімі кез келген құндағы банкнотаның дұрыс және тез танылатын бейнесін жасайтындай етіп таңдалынған. Әрбір келесі номинал алдыңғысынан ұзындығы 4 мм және ені 3 мм үлкенірек.

Барлық банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.

Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған. Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.

Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.

Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.

Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:

• Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.

• Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.

• Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.

• Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді

• Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.

• Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.

• Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.

• Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.

• Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

• Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.

• Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.

• Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.

• Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.

• Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.

• Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.

• Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.

Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.

Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.

Туманшаева Гүлшат «Ескі теңгелер мен жаңа теңгелер ерекшеліктерін қарастыру» (буклет).

ІІІ. Қорытынды кезең.

- Анаграмма ойыны.


- Әр елдің валюта бірлігін атау (жаттығу).

Анаграмма - бұл ойын арқылы оқушылардың білімін бағалау. Шарты: экономикалық терминдер тауып, мағынасын түсіндіру.


Э

А

К

Ц

Ж

Ы

Т

А

Б

А

М

И

Я

И

Р

У

А

К

В

Л

Д

С

А

Қ

А

А

Р

Т

И

А

О

С

Қ

Ш

Д

И

Т

Ғ

А

Н

Л

И

Я

А

Е

С

Б

А

Ш

С

Л

А

Р

К

Р

А

М

О

О

Б

Э

Е

В

Р

О

Л

Ы

Н

Т

Ю

М

И

Т

Е

Ж

А

Қ

Е

Т

Д

Т

Г

Е

Н

Т

Л

А

Қ

А

Ж

Е

Ң

Р

У

Б

Л

Ь

Ы

Т

Е

Әр елдің валюта бірлігін атау арқылы сабақты қорытындылау.

ҚЫТАЙ - ЮАНЬ ТҮРКМЕНСТАН - МАНАТ

МЕКСИКА - ПЕСО КОРЕЯ - ВОН

ПОЛЬША - ЗЛОТА СИРИЯ - ФУНТ

ГРЕЦИЯ - КРОН АҚШ - ДОЛЛАР

ЖАПОНИЯ - ИЕНА БОЛГАРИЯ - ЛЕВ

ЛАТВИЯ - ЛАТ САУД АРАВИЯСЫ - РЕАЛ

ИРАК - ДИНАР УКРАИНА - ГАРИВНА

Қорытынды.

Барлық пікірлерді қорыта келгенде халықаралық салада біздің жаңа банкноталарды табысты түрде іске асырылған көркем дүние ретінде қабылдады деп айтуға болады. Бұл олардың өзіндік ерекшелігімен танымдылығын баса көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте банкнота қорғанышының жоғары деңгейі, ең алдымен халықтың ақшаны қолына алған кезде ақша белгілерінің түп нұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Сөз соңында әр қазақтың құлақ түбінен іңгәнің сыбдыры мен теңгенің сыбдыры кетпесін, жасай бер қазақ теңгесі.

Елімізге енді бүгін жаңа теңге

Елбасымыз қолдаған оны кеше

Халқымызға әкелсін ол жақсылық

Мәңгілікке қалсын ол елімізде.

Осымен «Теңге - тәуелсіздік тірегі» атты сабағымыз аяқталады.

© 2010-2022