Сыныптан тыс жұмыс Қазақ тілі мен әдебиеті поезды

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» пойызы

Жұмыстың мақсаты:

Білімділік: өткенді еске түсіру, пысықтау, тиянақтау.

Тәрбиелік: халық мақалы, бағдарламалық материялдар арқылы оқушы бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті оятып, патриоттық қасиетке үндеу.

Дамытушылық: тапқырлыққа, шешендікке баулу.

Түрі: аукцион.

Барысы: Әр сыныпқа өздерінің бағдарламаларына сай поез билеттерін саудаға саламыз.

5-сыныпқа-Алматы қаласына;

6-сыныпқа-Өскемен қаласына;

7-сыныпқа-Семей қаласына;

8-сыныпқа-Астана қаласына;

9-сыныпқа-Павлодар қаласына;

10-сыныпқа-Екібастұз қаласына;

11-сыныпқа-Қарағанды қаласына;

«Қазақ тілі мен әдебиеті» поезы 12-сәуір күні, кешкі сағат 6-00 де Жалғызтөбе елді мекенінен аттанады. Поез билеттері сынып оқушыларының білімдеріне байланысты сатылады.

5-сыныпқа: Қазақ тілі бойынша:

  1. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?

  2. Кәсіби сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

  3. Сөздің тура мағынасы деп қандай мағынаны айтамыз?

  4. Фонетика нені қарастырады?

  5. Бітеу буын деп қандай ерекшелігіне байланысты айтылады?

Қазақ әдебиеті бойынша:

  1. «Сағындым» өлеңінің авторы кім?

  2. «Қар күреген бала» кім?

  3. «Бала Шоқан» шығармасының кейіпкерлерін атаңдар?

  4. «Қыс» өлеңінің авторы кім, жатқа оқып беріңдер?

  5. «Ақырғы бәйге» шығармасының авторы кім?

6-сыныпқа:

1.Сөз таптарын зерттейтін тіл білімінің саласын ата?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Сел, жалт, тарс, жалп деген сөздер қай сөз табына жатады?

4. Тұйық етістікке мысал келтіріңдер?

5. Лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табы?

Қазақ әдебиеті бойынша:

1. «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің авторын атаңдар?

2. А. Құнанбаевтің туған жері қай жер?

3. Түбінде адам болатын баланың аты кім?

4. «Қайырлы түн», «Қара өлең» шығармаларының авторы кім?

5. «Шыңырау» повесінің басты кейіпкері кім?

7-сыныпқа:

  1. Сөз тіркесінің құрамын атаңдар.

  2. Матасу туралы не білесіңдер?

  3. Тұйық етістіктің қосымшасы қандай?

  4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар?

  5. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу, атаңдар?

Қазақ әдебиеті:

1. А. Құнанбаевтің табиғат лирикасы тақырыбындағы шығармасы?

2. Құрмаш қай шығарманың кейіпкері?

3. «Атаның әлдиі» өлеңнің авторы кім?

4. «Маса» атты жинақтың авторы кім?

5. І. Жансүгіров Әсеттің әні туралы жазылған өлеңі? «Әнші»

8-сыныпқа:

1.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ата?

2. Сөйлем мүшелерін атап бер, тұрлаулы мүше дегеніміз не?

3. Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлерін атаңдар?

5. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

Қазақ әдебиеті бойынша:

1. О. Сүлейменовтің «Арғымақ» өлеңін оқып бер.

2. М. Мақатаевтің лирикалық поэмасын ата.

3. М. Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасындағы басты кейіпкерлер кімдер?

4. М. Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасындағы Ноян ғашық болған қыз кім?

5. Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы не жайлы?

9-сынып бойынша:

  1. Ғылыми стильдің ерекшелігі туралы айтыңдар?

  2. Леп белгісінің қолданылу ерекшелігі.

  3. Сызықша. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

  4. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер.

  5. Ауыз екі сөйлеу стилі.

Қазақ әдебиеті бойынша:

  1. «Асқар таудың өлгені...»

  2. Абай «Өлсем орным қара жер...»

  3. Ж. Жабаев «Ленинградтық өренім»

  4. Лиро-эпостық жырлар деп қандай жырларды айтамыз.

  5. «Қыз Жібек» жырынан үзінді айтыңдар.

10-сыныпқа:

1.Қазақ тілі- ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілі туралы Заң қашан қабылданды?

2. Сөйлеу тілі мен кітаби тілдің айырмашылығы қандай?

3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін атап бер.

4. Тұйық етістіктің жасалу жолы мен қосымшасы.

5. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Қазақ әдебиетінен:

1. Ы. Алтынсарин кім? Қашан, қайда дүниеге келген?

2. Абайдың неше қара сөзі бар?

3. Шоқан Уәлихановтің ғылыми еңбектерін атап бер.

4. Жамбылдың ҰОС жылдарындағы өлеңдерін атаңдар?

5. Махамбет өзін қалай таныстырады?

11-сыныпқа:

  1. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын атаңдар? \ Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім\

  2. Күрделі сөздердің ерекшеліктері.

  3. Қазақ тіліндегі буын түрлері.

  4. Көпшілік алдында сөйленетін сөзге психологиялық дайындық ерекшелігі.

  5. Сөйлем мүшелері нешеу?

Қазақ әдебиеті бойынша:

  1. Ш. Уәлиханов кім?

  2. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

  3. «Кім кінәлі?» шығармасының авторы кім?

  4. М. Жұмабаев шығармашылығынан мысалдар келтіріңдер.

  5. О. Бөкей қай жердің тумасы?

Сапарларыңыз сәтті болсын!



Бекітемін: Тексерілді:

Мек. директоры:С. Құрмашов ОІМ: Э.Ә.Оспанғалиева

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

5-11-сыныптар


Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» поезы



Пән мұғалімі: Д.О.Баймулдинова






2015

© 2010-2022