Ашық сабақ Тәуелсіздіктің негізі-бейбітшілік пен бірлік 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ашық сабақ Тәуелсіздіктің негізі- бейбітшілік пен бірлік 7 сынып

Біржанова Элмира Рахметқызы - қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Чкалов арнайы (түзету)

мектеп - интернаты» КММ

білім жоғары, педагогикалық өтілі 22 жыл ,екінші санатты



Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған ашық сабақ

7 сынып


Тақырыбы: Тәуелсіздіктің негізгі - бейбітшілік пен бірлік

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру, бай әдебиетімізді пайдаланып, тілді үйренуге, білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік мәні: оқушылардың патриоттық сезімдерін жүректерінде ұялату, өз елін, жерін, Отанын сүйіп қастерлеуге, татулық - бірлікте өмір сүруге, Отаны үшін аянбай еңбек етуге баулу.

Түзету жұмысы: оқушылардың ойлау, есте сақтау, зейін, танымдық қызметтерін дамыту, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, музыка, география, тарих.

Сабақта пайдаланатын әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жинақтау, шығармашылық жұмыс.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: ҚР картасы, кітап көрмесі, шаңырақ, Отан туралы, ынтымақ-бірлік туралы мақал мәтелдер, Астана туралы слайд-шоу, компьютер, оқушылардың суреттері.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі : амандасу, түгендеу

Психологиялық дайындық

Ал сабақты бастайық

Жалқаулықты тастайық

Мұғалімнің айтқанын

Ынтамен еске сақтайық

1.Әнұранды орындау

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сабағымыздың тақырыбы: «Тәуелсіздіктің негізі - бейбітшілік пен бірлік».

«Тәуелсіз Қазақстан» мәтінің мұғалім оқып береді,

а) оқушылар мәнерлеп оқиды.

ә) сұрақтарға жауап береді:

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Мемлекеттік тілі қандай тіл?

  • Мемлекеттік рәміздерді ата?

  • Қазақстан Президенті кім?

  • Қазақстан қандай пайдалы қазбаларға бай?

  • Әр азаматтың қандай борышы бар?

ІІІ. Үйге берілген тапсырмалар, шығармашылық жұмыс:

1.үйге берілген шығармаларды оқушыларға оқыту.

2.салған суреттерін көрсету.

3.Отан туралы мақал айту.

  • Отан - оттан да ыстық

  • Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  • Ел іші - алтын бесік

  • Туған жердей жер болмас

  • Туған елдей ел болмас.

Асыл өлкем ерекше,

Қазақстан мекенім!

Беп-белгілі емес пе,

Сенің ғажап екенің.

Биік болсын шоқтығың

Атынды айтам ән қылып,

Желбірейді көк туың -

Төбемізде мәңгілік.

Қазақстан - туған жерім, мақтанышым,

Өзін жайлы қанша жырды жаттадым

Ертендерге шақырады еріксіз,

Әр күн күліп атқан ақ таным.

Қазақстан туған жерім, - мақтанышым,

Жемістерін ұсынады бақтарың

Одан сайын даңқы өтті - әлемге, Байқоңырың, ең байлығын, ақ наның.

Мұғалімнің сөзі: Қазақстан Егеменді, тәуелсіз ел болғалы 24 жыл өтті. Жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр.

  1. «Тәуелсіздік» өлең

Өзіндікі - Елің де,

Өзіндікі - Жерің де.

Өзіндікін өзің еткен Бақ -

Тәуелсіздік төрінде!

Асқар тау да - сенікі,

Бақша, бау да - сенікі.

Қолтықсыз дос пенен

Қатал жау да - сенікі

ІҮ. Сөзжұмбақ шешу: «Тәуелсіздік»

1.Рәміз. 2. Қазақ ханы 3.Жыл басы 4. Киелі сан 5. Бұрыңғы астана

6. Ресей халқы 7. Алып жануар 8. Қасиетті ай 9.Мұз айдыны

10. Жыртқыш құс 11. Қазақстан қаласы

у

2.Т

Ә

у

к

е

3.н

А

У

р

ы

з

4.ж

Е

т

і


5.А

Л

м

а

т

ы

6.о

р

Ы

С


7.п

І

л

8.Р

а

м

А

З

а

н

9.м

Е

Д

е

у

10.б

ү

р

К

І

т

11.Ө

С

К

е

м

е

н

«Бірлік» 1. Молшылық (достаток) 2. Таңба (след) 3. Гимн

  1. Халық 5. Сөйлейтін құрал 6. Жарық , жылу береді

1.Б

Е

р

е

к

Е

2.І

З



3. ә

н

ұ

Р

А

н



4. е

Л


5.т

І

Л



6.К

Ү

н


Мұғалімнің сөзі: Біздің Мемлекетіміз Тәуелсіздік алғанына 24 жыл. Халықы-мыз тату тәтті ынтымақ - бірлікте (в единстве) өмір сүріп жатыр.Балалар ынтымақ- бірлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • Бірлік болмай,

Тірлік болмас

  • Алтау ала болса

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

  • Ырыс алды - ынтымақ

  • Ынтымақтың түбі - игілік,

  • Тірлік түбі - бірлік

  • Берекелі жерден мереке кетпес

  • Ынтымақ болмай - іс оңбас

Ү. Картамен жұмыс: Біздің Қазақстанымыздың Елордасы - Астана.

Кім картадан астананы көрсетеді?

«Астанам»

Астанам Сарыарқаның биігісің

Азия құрлығының кіндігісің.

Батырдай жорықтарға қол бастаған,

Баста елді қазағымның бірлігі үшін.

ҮІ.Астана туралы слайд-шоу көрсету.

ҮІІ.Сабақты қорытындау: Балалар, біз кең-байтақ Отанымыз Қазақстанды жырладық, татулығымызды, бірлігімізді бүкіл әлем біледі. Біздің көп ұлтты мемлекетіміз алтын шаңырақ астында гүлденіп, жасай берсің! Бүкіл әлемде тыныштық, бейбітшілік орнасын.

«Әрқашан күн сөнбесін» әнің балалар шаңырақ көтеріп қазақ, орыс тілінде орындайды.

VIІI. Үй тапсырмасы: Өздері ұнатқан өлеңді, мақалды жаттап келу.


© 2010-2022