План урока лессон стади Магжан Жумабаев !Сагындым

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Заградовка орта мектебі



Қазақ әдебиеті пәнінен 8 сыныпта Лессон Стади әдісі бойынша өткізілген

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Өткізген: С.М.Абильжанова



2015 - 2016 оқу жылы

8 -сынып қазақ тілі

Сабақ жоспары

Зерттеу әдісі: сын тұрғысынан ойлау

Күні: 10.12.15

Сабақ: 1

Сабақтың тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев «Сағындым»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды "Мағжан сөзіне" қызықтырып отыра, өз қабілеттеріне сай тапсырмалар орындату.

Оқудың нәтижесі:

Мағжан сөзіне қызығады, қабілеттеріне сай тапсырмалар орындалады.

Көрнекілігі:

Тапсырмалар, , түрлі-түсті фломастерлер, магнитофон, кітап, карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

1-әрекет

Ұйымдастыру кезеңі



Сәлемдесемін.

Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

- Бүгін сабақта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Кыстың қай айы?

- Желтоқсанның нешесі?

- Бүгін аптаның қай күні?

Сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

3 мин.

2-әрекет

Ынтымақтастық

атмосферасын орнату

Шеңбер құрап, балалар бір біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар шеңбер құрап тұрады.. Ойынның ережесін тыңдайды. Тапсырманы орындайды.

5 мин.

Топқа бөлу





Оқушыларды сиқырла сандық арқылы жребий көмегімен топтарға бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.

Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады.

3-әрекет

Үй тапсырмасын сұрау



Үйге берілген тапсырманы естеріне саламын.

Оқушылар қолдарын көтеріп, тақтаға шығып, жаттаған өлеңдерін айтады.

7 мин.

4-әрекет

Өткен сабақ пен байланыстыру.

Жаңа сабақ.

Миға шабуыл.


Өткен сабақтарда Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» тақырыбына өткен болатынбыз.

Класстер толтыру.

Видеоролик жағу.

Жаңа сөздермен таныстыру.

Класстер толтырады. Өтілген тақырыптарды пысықтайды.

5 мин.

5-әрекет

Таныстырылымдайындау.




Әр топқа жеке парақта «Сағындым» өлеңі таратып беріледі.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, деңгейлік тапсырманың сұрақтарына жауап береді.

Өлеңді визуалдық есте сақтауын тексеру мақсатында қабырғада тұрып есінде қалғанын жазу.

Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады.

10 мин.

Таныстырылымды қорғау


Оқушыларды тақтаға шақырамын.

Әр топ өз таныстырылымы аясында әңгімелейді.

6-әрекет

Сергіту сәті


«Есіңе сақта» ойынын ойнауға шақырамын.

«Есіңе сақта» ойнын ойнайды.

3 мин.

7-әрекет

Сөздерді табу

Ақынға қатысты сөздер табу. (лаберинт)

Сөздер табады.

3 мин.

8-әрекет

Ойды қорыту


Осы сабақ барысында сендерге қандай ойлар ұнады, қандай сөйлемдер естеріңде қалды, соларды айтып көрейік.

Сабақта айтылған сөйлемдерді айтып, әңгімелейді.

3 мин.

9-әрекет

Үй тапсырмасы

«Сағындым» өлеңінің 4 шумағын жаттау.

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.

2 мин.

10-әрекет

Бағалау

Әр топтың бағалаушысы келесі топтың бағаларын айтады.

Бағаларын күнделіктеріне қояды.

3 мин.

11-әрекет

Рефлексия

Мағжан Жұмабайевтың «Сүйемін» әнін тыңдатқызамын.

Мағжан Жұмабайевтың «Сүйемін» әнін тыңдайды.

1 мин.

© 2010-2022