«Киелі күнім – Ұлысым»

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 19 наурыз күні аудан кітапханасымен бірге 9- сыныптармен өткізетін «Киелі күнім –Ұлысым» атты әдеби-сазды кештің бағдарламасы.Мақсаты: Оқырмандарға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екендігін түсіндіру. Көрнекілігі: Тақырып аты жазылған плакат, ою нақыштар мен безендірілген ұлттық бұйымдар, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті мен жаңа кітаптардан кітап көрмесі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күйкен орта мектебі» ММ





Киелі күнім -Ұлысым

(әдеби-сазды кеш)

Өткізген: Н.Аманова





Бейнеу - 2015

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 19 наурыз күні аудан кітапханасымен бірге 9- сыныптармен өткізетін «Киелі күнім -Ұлысым» атты әдеби-сазды кештің бағдарламасы.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: Тақырып аты жазылған плакат, ою нақыштар мен безендірілген ұлттық бұйымдар, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті мен жаңа кітаптардан кітап көрмесін шығару.(Кітапханашы мен оқырмандар ұлттық киім киген, кештің шымылдығы қазақтың ұлттық көрнекілерімен ашылып, шашу шашылады.)

1-жүргізуші:

Армысың, ақ ниетті іргелі елім,

Тілегім өзің менен бірге елім.

Шалқиын мұхиттайын тебіреніп,

Желкенін желге тосып жыр -кеменің.

2-жүргізуші:

Жыл тағы бүгін бөлек түрленеді,

Уа, жұртым есігіңді аш, Жыл келді.

Ақ ұлпа сәби жылдың дидарында

Қуаныш пен бақыттың тұр бедері.

1-жүргізуші: Қымбатты оқырмандар дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесі құтты болсын!

2-жүргізуші:Мереке мерекеге ұлассын, жыл құтты болсын! Жүрдек уақыттың жетегінде жүріп, көгілдір көктемнің алғашқы айы -Наурызға да жеттік. Қытымыр қыстың ызғарынан соң шұғыласын шашып келетін шуақты да нұрлы көктемдегі әрқайсымыздың тағатсыздана күтетініміз рас.

1-жүргізуші: Наурыз айы мерекелерге толы ай. Күн мен түннің теңесетін 22-наурыз -Ұлыстың ұлы күні еліміздің барша жұртшылығы Әз Наурыз мерекесін ерекше бір қуанышпен шаттыққа толы көтеріңкі көңіл күйде атап өтеді.

2-жүргізуші: Бұл күні адамдар бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақ жарылқап тілек айтады, алдағы күндерге үміт артады.

1-жүргізуші: Ия, үміт пен сенім бар жерде еселі еңбек, қуатты тірлік, толағай табыс бар. Ендеше бүгінгі кешімізді «Наурыз айы туғанда» әнін шырқаумен бастасақ. (Ән орындалады)

2-жүргізуші: Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Бұл күн даланы Қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді «Қыдыр түні» деп атаған. Бұл күні барлық ыдыс атаулыны дәнге, суға толтырып қояды. Өйткені ырыс мол болсын деп тілеген.

1-жүргізуші: Ия, мұсылман ұғымы бойынша 21 -наурыз күні түнгі сағат 3-те аспаннан «Қыдыр ата» түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой - арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деген ырым еткен.(осы кезде Қыдыр ата келеді)

Хормен: Қош келдің, Қыдыр ата!

(Қыдыр ата бата береді:)

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайлаған таңы болсын,

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын,

Елдің іргесі берік болсын,

Жақсы ізет, кәріге құрмет болсын.

Мына Ұлыстың ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Аумин

1-жүргізуші:

Қарашы, арайланып ақ аспаным,

Үйлесіп жаңа күнмен жарасқанын.

Ақ көрпе қар жамылып, монтияды

Үлбіреп ақ бөпедей ағаштарым.

2-жүргізуші:

Бүлкілдеп тынбай ағып жылғалары,

Көгіме қадам басып Жыл барады.

Дарытып құт-береке өміріме,

Жаңа Жыл, жаңылмай жаз жалынамын - дей келе кешімізді ақындарымыздың Наурыз жайлы өлеңдеріне кезек берсек.

1-оқырман: «Наурыз» өлеңі оқылады. Гүлжауһар Сейітжан

Көтеріп қыс түсірген ұнжырғасын,

Ұзартқан бой жаздырып күн мырзасын,

Оятқан Жер ананы ұйқысынан

Наурыз депті қазақ жылдың басын.

Талаппен елге құтты,

Ізгі,

Ардақты

Қадайтын жерге түрен біз бармақты

Наурыз келеді екен жылда бізге

Із тастай қадамына қызғалдақты.

Ажыратып қыспен ірге жұраттықтан,

Батырдай қатал, үлкен сынаққа ұтқан,

Айнымас табиғаттың анасындай,

Мәңгілік тіршілікті мұрат қылған.

2-оқырман: «Наурыз» өлеңі. Бірғали Байекеев

Күн бүгін дара күткен,

Сағынып дала күткен,

Асыр сап жүгіреді,

Мәз - майрам бала біткен.

Құпия ашалық бір,

Той-мейрам жасалық бір.

Наурыз келбетімен

Көк белдер жасанып тұр.

Наурыз төрге келіп,

Жылуын жерге беріп,

Өмір тұр дөңгеленіп,

Төрт түлік көмбеленіп,

Барады төлдер өріп.

Ақ дәмін сезеді ерен,

Тәп-тәтті - ақ көжелерім,

Арулар су тасуда

Толтырып көзелерін.

1-жүргізуші: Наурыз -жыл басы, яғни жаңа жыл. Наурызда адамдар бір-біріне болған өкпе -реніші болса кешіріп, төс соғыстырып көрісіп, қайта татуласатын болған.

2-жүргізуші: Наурыз атауы бұрынғы тарихы мәдениеті ортақ болған халықтарда бүгінге дейін ұқсас аталып келеді. Қазақта бұл мейрамды «Әз - наурыз» дейді.бұл күні қыздар ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан «ұйқы ашар» жасайды. Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты силықтар береді, оны «селт еткізер» дейді.

1-жүргізуші: Жылы - жұмсақтан қарттарға арнап «белкөтерер» деп аталатын дәм жасалып тартылады. Бұлардың соңы келер күні «наурызнамаға» жалғасады. Таң атысымен адамдар орнынан тұрып, таза киімдерін киіп, далаға шығып бір-бірімен құшақтасып көрісіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын, төрт түлік ақты болсын, ұлыс береке берсін, пәле - жала жерге енсін!» деп тілек тілеп жаңа көтерілген күнге тәу етеді.

Кезекті оқырмандарға берсек:

3-оқырман: Бұл күні жарылған, кетілген ыдыстарды сындырған. Содан әрі қарай бір жерге жиналысып, бұлақ көздерін ашып, тал егетін болған, сонымен бірге балуан күресі, көкпар, ат жарысы, теңге ілу сияқты ұлттық ойындарға ұласады да, барлық үйде «Наурыз көже» дайындалады. Көжеден дәм татқандар «Ұлыс мұратты болсын, көктем шуақты болсын, өзен суатты болсын, ел іші берекеге толсын!» деп бата беріседі.

4-оқырман: Наурыз мерекесі қазақ халқының ертеден келе жатқан жаңа жылын тойлау мейрамы болып есептеледі. Наурыз -жыл басы, яғни жаңа жыл. Бұл мереке ынтымақ - берекенің де мерекесі болып табылады. Ренжіскен адамдар бір-бірін кешіреді. Ал татуласпағандарды көрсе «Бұл күні Самарқанның тасы көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?», деп татуластырады екен.

5-оқырман: «Наурыз көже» бұл тағам жайлы айтатын болсақ, бұны ел ішінде ертеде «көп көже», «тілеу көже» деп атайтын болған. Бұл туралы да ел ішінде көптеген аңыз әңгімелер бар. «Наурыз деген Алаштың ағасы екен, өмірден ұрпақсыз өткені үшін інісі Алашқа өзін жылына бір рет еске алып атап отыруды тапсырған, содан бастап Наурызды тойлау қалыптасқан екен» десе, енді бір басқа аңызды мысал етеді. Аңыз қалай айтылса да осы күні қазақтың әр үйінде қазан асылып, оған қыстан әдейі сақталған сүрі салынып бидай көже істеген.

6-оқырман:Наурыз көжеге кемінде жеті түрлі дәм салынған. Олар:бидай, қатық,(олар болмағанда сүзбе,құрт), тары, күріш, ет, тұз, су. Ал қолында барлар оданда көбейтіп, тақ сан негізінде қоса береді. Қыстай келе алмаған қарттарға, сапарға, алысқа кеткен жолаушыларға арнап сыбаға сақталады. Топталып та, жекелеп те қыдырып келіп ішеді. Барған үйінен ыдысқа құйып ала кетуге де болады. Сондықтан бұны да берекенің көктің асы деуге болады.

1-жүргізуші:

Наурыз - жыр, Наурыз - көктем, Наурыз - дастан.

Бойға сіңген ежелден, бала жастан,

Қауыштырған ағайын, дос - жаранды,

Саулет - сауқат жеткізген ауылдастан.

Тойлап өткен Наурызды Ғұн бабамыз,

Өмірлері ғаламат, тұрған аңыз.

Ала көл - сұламадан аман қалып,

Ұрпағына бұйырған бұл даламыз.

2 - жүргізуші

Тарихтың парақтарын ақтарамыз,

Дәм татқан бал көжеден Сақ бабамыз.

Наурыз тойдың тасытып тайқазанын,

Келешекке керемет аттанамыз.

Пенде,сірә,Наурызға тағар ма мін,

Елжіреткен көк тасын Самарқанның.

Иіткен тұла бойын күллі әлемнің,

Сенің арқаң көктесін, жаңарғаным -дей келе кешімізді

«Наурыз» әнімен жалғастырсақ: (ән орындалады)

1-жүргізуші:

Толғатып тұр Жер - Ана , бүгін далам,

Қылқобызбен күй тарқан бұрын балам.

Қасиетті дарысын, дарқандығы,

Ұлы күннің қадірін ұлылаған!

2-жүргізуші:

Қыдыр бабам, мінекей, жүр маңында,

Шабыт сыйлап ақберен, шын дарынға.

Жырламауға да Наурызды мүмкін емес

Тәуелсіздік басымда тұрғанында! - дей келе енді кезекті көрініске берсек:

Бала: сүйінші... сүйінші... сүйінші, дүниеге сәби келді, ағайын сүйінші...

Көпшілік: құтты болсын, бөбектің бауы берік болсын!

1 - қонақ: Осынау ұлыстың ұлы күнінде өмір есігін ашып жатқан кішкентай

періштеміздің бесік тойын тойлағанға не жетсін!

1 - қонақ: Алдымен бөбек өз атын иеленсін,азан шақырып ат қою рәсімін

атап өтейік,ал,көпті көрген ауыл әжесі,өзіңіз азан шақырып,атын қойып,

бесікке бөлесеңіз, біз тыштырмаға тояр едік, солай емес пе?

3 - қонақ: Ендеше, періштемнің атын қойыңыз.(Жаялыққа бөленген жас

нәрестені ауыл әжесіне ұсынады, ауыл әжесі бөбектің алдымен оң жақ

құлағына есімін жария етеді)

Ауыл әжесі: Ал олай болса, бүгінгі ұлыстың ұлы тойының сыйы боп өмірге

келген періштемнің есімін Наурыз қойсам деймін, келесіздер ме?

Көпшілік: Әрине, келістік, Наурыз болсын.

4 - қонақ: Ал, әжесі міне қазақтың қара бесігі. Ендігі кезек тағы сізді

деймін-ау .

Ауыл әжесі: Ал, ендеше бұл бесікті алдымен отпен аластау қажет, міне осылай, содан соң бесік құралдарымен таныстырып өтейін сіздерді.

Ия, мынау бесік көрпесі, жөргегі, қол бауы, құс жастығы, құс төсегі, тізе

жастығы, тізе бауы, түбек және шүмегі болды. Енді бесіктің құрылысына

мән берейік,олардың да өз атаулары бар. Олар:алдыңғы басы, артқы басы, бел ағаш, қайқы табаны, жақтауы, тақтайшасы.

  • Ал, қане, Наурыз жанымды бере гой, бесікке бөлеп, әлдилейік.

Алдымен бесікке бөленген бала таза жатады, баланың қол-аяғының түзу өсуіне септігі тиеді, бесіктен шыққан бала керіліп-созылып рахаттанады балаға олда пайдалы, бесікте жатқан балаға суық тимейді, қымтаулы жатады, естеріңде болсын, қарақтарым........

Ал, бесік астына қолдарыңды созыңдар, қане, қалып қоймай, тыштырмадан

ауыз тиіңдер қонақтар, ал балаларым.....

Ауыл әжесі:

Бөл - бөл, бөбек, бөл - бөбек,

Бөлейін, бері кел, бөбек.

Бедерлі бесік, төрт есік,

Төгілте салдым тер төсек.

5 - қонақ:

Бөпешім бесік - отауың

Отауыңа кір, бөбек.

Бөл - бөл, бөбек, бөл - бөбек,

Бүлдіршін шүмек, бәйтерек.

Балалы үйрек, бас бармақ,

Кішкене бөбек, бес бөбек.

6 -қонақ:Бәрекелді,әнді де шырқадық енді «Шілдехана» әнін жырлаймыз ба?

7 -қонақ:Бәрекелді, әнді де шырқадық енді «Қара жорға» биіне билесек

қалай болды?

Көпшілік: Билейік - билейік!

1 - жүргізуші:

Ілесіп наурыз бенен көктем жетсін,

Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.

Еңсесі көтеріліп ер - азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін!

2-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

1- жүргізуші:

Өлкемізге күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді

жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді.

2- жүргізуші:

Жыл құтты болсын,ұлыс оң болсын!Осындай әдемі тілектер менен бүгінгі

«Киелі - күнім - Ұлысым» атты әдеби - сазды кешімізді аяқтаймыз.

Кешімізге қатысып белсенділік танытқан оқырмандарға көп - көп рахмет.

Сау болыңыздар!

© 2010-2022