Разработка урока на тему Алматы зоопаркінде. Сын есім

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 4 "А" сынып

Сабақтың тақырыбы:

Алматы зоопаркінде. Сын есім.

Сабақтың мақсаты: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Білімдік:

Алматы зоопаркі туралы мәлімет беру.Сөйлеу барысында сын есімдерді орынды пайдалана білу.

Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Мәтіндегі сөздерді түсініп,дұрыс қатесіз оқу дағдыла-

рын дамыту.Сауатты жазуға үйрету.Сөздік қорын байыту арқылы сөйлеу дағдысын күшейту .

Тәрбиелік:

Оқушылардың жануарларға, аңдарға деген

сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру. Кішіпейіл-

ділікке баулу.

Көрнекіліктер:оқу құралы,үлестірмелі карточкалар,суреттер, интербелсенді

тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс - тәсілдері: ыстық орындық әдісі, сұрақ-жауап әдісі.

7 модульді қолдану

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру. Сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындықты тексеру.

Психологиялық жайлы орта қалыптастыру.

Топтарға бөлу

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Зат есімнің ережесі.

Ыстық орындық әдісі арқылы үйге жаттауға берілген жануарлар туралы жұмбақтарды сұрау, тексеру.

Дарынды баларға берілген Арыстан жайлы әңгіме мен арыстан туралы жобаны интербелсенді тақтаның көмегімен тексеру.

Сергіту сәті

Жаңа сабақ

Тақырыбы мен мақсаты тақтаға жазылып қойылады.

Видео "Алматы хайуанаттар бағында"

Жаңа сөздер

Сөздікпен жұмыс. Оқу, аудару, қайталау.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді дауыстап және ішінен оқыту. Мәнерлеп оқу, аудару. Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қою.

Сын есімнің ережесін дәптерге жазу.

Кеспе қағаздармен жұыс.

Шығармашылық жұмыстар.

Тақырыпқа байланысты әр топ өз жобасын жасайды, қорғайды.

Сөз тіркестерін құрау. Сөйлем жазу.

Сын есімдерге ысалдар келтіру.

Бірін - бірі бағалау.

Қорытындылау.

Кластер құру арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекіту.

Үйге тапсырма: Сын есімнің ережесін жаттау. 153-бет, 5-тапсырма.

ББҮ әдісі арқылы оқушылардың ой-пікірін білу.

Бағалау.


© 2010-2022