План урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8-класс

  Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік.8-сынып Мақсаты: 1. Құрмалас сөйлемнің мағынасы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Жай сөйлеммен ұқсастығы мен ерекшеліктерін атау. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталу.                    2. Оқушыларының ойын , тілдік қабілетін, тілдік ерекшелігін дамыту.Өз  бетінше жұмыс жасап, ой қорыта алу қабілетін арттыру. 3. Адалдық, достық, өзара түсінісушілік қасиеттеріне тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: СТО стратегиясы. / түртіп алу, Вен диаграммасы...                                       ә/ Мағынаны ажырату. 1. Түртіп алу стратегиясы бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Стратегияның төрт талабы /Белгілі / V/. Жаңа ақпар. /+/ Сұрақ /?/. Келіспеймін. /-/ 2. Тақтамен жұмыс. Түртіп алу стратегиясының талаптары бойынша тақтаға түсіру. 3. Мұғалімнің қорытынды сөзі.   б/ Слайдпен жұмыс. Интерактивті тақтаға жай сөйлемдер беремін. Оқушылар осы жай сөйлемдер арқылы құрмалас сөйлемдер құрайды. Салыстыра отырып, өзгерісті атап өтеді.   в/ Ой қорыту. Құрмалас сөйлемні...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

План урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- классПлан урока Құрмалас сөйлем туралы түсінік. 8- класс





Сабақ жоспары

Құрмалас сөйлем туралы түсінік

қазақ тілі 8-сынып



Пән мұғалімі : Сарина А.Т.




Әлжан ауылы

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік.8-сынып

Мақсаты: 1. Құрмалас сөйлемнің мағынасы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Жай

сөйлеммен ұқсастығы мен ерекшеліктерін атау. Құрмалас сөйлемнің түрлеріне тоқталу.

2. Оқушыларының ойын , тілдік қабілетін, тілдік ерекшелігін дамыту.Өз

бетінше жұмыс жасап, ой қорыта алу қабілетін арттыру.

3. Адалдық, достық, өзара түсінісушілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: СТО стратегиясы. / түртіп алу, Вен диаграммасы./

Көрнекілігі: Слайд материалы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. І топ: Жай сөйлемдер.

ІІ топ: Құрмалас сөйлемдер.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а/ Сұрақ-жауап.

1. Жай сөйлем дегеніміз не?

2. Жай сөйлемнің түрлерін атаңдар?

3. Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?

4. Толымды, толымсыз сөйлем дегеніміз не?

5. Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

6. Атаулы сөйлем дегеніміз не?

ә/ Үй жұмысын бекіту.


2. Жаңа сабақ.

а/ Ой қозғау.

Ассосация жасау.

Құрмалас сөйлем


ә/ Мағынаны ажырату.

1. Түртіп алу стратегиясы бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Стратегияның төрт талабы /Белгілі / V/. Жаңа ақпар. /+/ Сұрақ /?/. Келіспеймін. /-/

2. Тақтамен жұмыс. Түртіп алу стратегиясының талаптары бойынша тақтаға түсіру.

3. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

б/ Слайдпен жұмыс.

Интерактивті тақтаға жай сөйлемдер беремін. Оқушылар осы жай сөйлемдер арқылы құрмалас сөйлемдер құрайды. Салыстыра отырып, өзгерісті атап өтеді.

в/ Ой қорыту. Құрмалас сөйлемнің ережесін шығарып айту. Слайдпен тақтадан көрсету.

г/ Жаттығумен жұмыс.

93-жаттығу.

І топ. Мәтіндегі жай сөйлемдерді теріп жазу. Тұрлаулы мүшелеріне талдау.

ІІ топ. Құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазу. Тұрлаулы мүшелеріне талдау.

Даналық сөздердің мағынасын түсіну.

94-жаттығу. Мәтінді оқып, түсіну.

Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасау. Тірек сөздерін табу. Тірек сөздерін қатыстырып өлең шығару.

д/ Сабақты бекіту.

Венн диаграммасын құру.

І топ. Жай сөйлемнің қасиеттері.

ІІ топ. Құрмалас сөйлемнің қасиеттері.

е/ Сабақты қорыту.Мұғалімнің сөзі.





© 2010-2022