Қазақ тілі сабағы. Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш

Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш туралы толық білу,өзіндік ерекшеліктерін сөйлемдегі қызметін түсіну.

Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,ой қозғау.

Қолданылатын модульдер:Диалогтық оқыту,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,АКТ-ны қолдану,оқыту үшін бағалау оқуды бағалау.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,оқулық,бағалау парағы,нақылсөздер,стикер,плакат,маркер

Күтілетін нәтиже: Пысықтауыш туралы толық білімдерін шыңдайды,сыни тұрғыдан ойлай алады,өз ойларын жеткізе алады,бір-бірін пікірін тыңдай алады.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық жасалады.Түрлі түсті қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді.Әрбір топ өздерінің топбасшысын,хатшы,таймкипер сайлайды.

I.Кіріспе бөлім. Үй жұмысын тексеру.Білу (Блум таксономиясы)

А)1-2 топтан оқушылар тақтаға шығып,сөйлемдерін талдайды.

3-4 топ. «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын тексеру.Әр топтан бір -бір оқушыдан шығып,берілген сұрақтарға жауап береді.

ә)Диалогтық оқыту (сұрақ-жауап) Әрбір топ бір-біріне сұрақ қояды.

II.Тұсаукесер бөлім. Түсіну. Жаңа тақырып

А)Араб сауаттылығы. П..С..ҚТ..У..Ш түсіп қалған дауысты дыбыстарды орнына қойып,тақырыпты ашу.Мақсат қою.

ә)Дөңгелек үстел әдісі. Әр топқа а-4 қағазына жазылған сөйлемдер таратылады.Мысал беріледі. Сөйлемдерді талдап,пысықтауышты тауып,қандай сұраққа жауап беріп,қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.Ережесін шығару.

б) Әр топқа тапсырма беремін.(постер құрастыру)

1-топ.Пысықтауыш қандай сөз таптарынан жасалады.

2-топ.Пысықтауыштың негізгі белгілері:байланысу түрі.

3-топ.Құрылысына қарай бөлінуі.

4-топ.Мағынасына қарай бөлінуі.(әр топтан бір оқушыдан басқа топқа барып түсіндіру,бірін-бірі оқыту)

III.Негізгі бөлім.Қолдану. Талдау.

А)1-2 топ.Семантикалық кестені толтыру.(жұппен жұмыс,одан соң топпен жұмыс)

Ә)3-4 топ.Даналық сөздер.(сыни тұрғыдан ойлау)Мағынасын ашу пысықтауышты тауып,түрін анықтау.М:Тумай жатып,толдым деме,толмай жатып,болдым деме.

Б)Қазақ тілдік домино. (интерактивті тақтада) Шашыраңқы пысықтауыштың түрлерін рет -ретімен орындарына қою.

IV.Қорытынды бөлім. Жинақтау.Бағалау.

А)Сызықтық диктант. Интерактивті тақтада берілген сұрақтардың «иә» жауабы кезінде графикті жоғары көтереді, «жоқ» жауабы кезінде түзу сызық ретімен белгілейді. 0-1-2-3-4-5-6-7

1.Пысықтауыш тұрлаулы мүшеге жата ма?

2.Пысықтауыш еліктеу сөзден жасала ма?

3.Байланысу түрі қабысу бола ма?

4.Қиқаң-қиқаң дара пысықтауыш па?

5.Қашан? деген сұрақ мекен пысықтауыштікі ме?

6.Ағамда деген сөз тура толықтауыш па?

7.Барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктердегі сөз жанама толықтауыш бола ма?

Бағалау:Әр топбасшысы топ мүшелерін бағалайды,жиынтық бағаны қоямын.

Үйге тапсырма:72-жаттығу.

Рефлексия.Кері байланыс. Стикер.



© 2010-2022