Коучинг: Айқын мақсат - жетістік желкені

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:










Айқын мақсат - жетістік желкені

(коучинг жоспары)


Коучинг: Айқын мақсат - жетістік желкені






Коуч: Нұрмұхан Бибігүл Байболатқызы











2015 жыл


Күні-айы

__ __________ 2015 жыл

Тақырыбы

Айқын мақсат - жетістік желкені

Жалпы мақсат

Өмірден өз орнын таңдап алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап , кез-келген ортада білімі мен білігін көрсете алатын, ойы мен пікірін еркін айта алатын, өмірге бейім жеке тұлға қалыптастыру

Оқытудың нәтижесі

-Оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;

-Қиындық деңгейі жоғары күрделі жағдайлардан

шығуға ұмтылады;

-Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі

-Логикалық ойлау қабілеттерін артады

-Тыңғылықты дайындық қалыптасады

-Өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді

Негізгі идеялар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.

Сілтеме

Ұлттық бірыңғай тест туралы ғаламтор материалдары

Дереккөздер

Интербелсенді тақта, мәтін, ватман, маркерлер,стикерлер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

1.АКТ

2.СТО

3.Диалогтық

2.Топтық жұмыс

4. Рөлдік ойындар

Жұмыс түрі

бөлінген уақыты

коучтың

іс-әрекеті

мұғалімдердің

іс-әрекеті

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғыз

5 мин




  1. Пән бірлестіктері бойынша топқа бөлу

Топтарға бөлінеді. Топ мүшелері бір -біріне тілек айтып, жағымды атмосфера орнатады.

5 мин

2. Топтың ережесін құру тапсырылады.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және таныстырады.

2 мин

3.Рөлдерге бөлу

Топ мүшелері рөлдерді өз ара келісіп, бөлісіп алады.

1.Төраға

2. Идея келтіруші (идеялар генераторы)

3.Суретші

4.Талдаушы

(немесе сұрақ қоюшы)

5.Уақыт қадағалаушы (таймкипер)

ІІ. Топтарға

тапсырма

15 мин


Бірлік -белеске бірге жеткізеді

Қоян мен тасбақа

(тәмсіл)

Көргенімнен түйгенім...

Мақсат

Меже

Нәтиже

Мақсатқа жету қалай көзделді?

Межеге жету жоспарланды ма?

Нәтиже

қалай көрінді?

Мәтін беріледі.

Сократтың қос сақинасы


І -топқа Мәселені талқыға салып, мәтінді жалғаңыз .

Мәтін ұстаздар диалогы арқылы өрістесе...

ІІ -топқа Мәселені талқыға салып, мәтінді жалғаңыз.

Мәтін ұстаздар мен оқушылар диалогы арқылы жалғасса...

ІІІ -топқа Мәселені талқыға салып, мәтінді жалғаңыз.

Мәтін ұстаздар мен директор диалогы арқылы аяқталса...

Тәмсіл бейнебаян түрінде көрсетіледі.




Ресурстар арқылы бөлінген рөлдер бойынша топ мүшелері өз ойларынан постер дайындайды.


«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»

2) Қаңқаның басына қарастырылатын проблема белгіленеді

3) Жоғарғы бұтақтарына кедергілер себебі белгіленеді,

төменгі сүйекшелерінде негізгі мәселені себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4) Балықтың құйрығында қорытынды жазылады

Постер қорғау

Әр топ 5 минуттан

Постер қорғау, сұрақ қою.

Дайындаған постерлерін қорғайды.

Бір - бірін тыңдайды, дайындаған постерлеріне байланысты сұрақтар қояды

Релоксация

4 мин

Сергіту сәті

Мұғалімдердің көңіл күйлерін көтеру.

Бағалау

5 минут

Жұмыстарын өз ара бағалау

Басқа топтардың жұмысына «Екі жұлдыз, бір тілек» айту

Ыстық орындық стратегиясы

1минут

1.Физика пәнінің мұғалімі ҰБТден неге былтыр нәтиже төмен болды деп ойлайсыз?

2.Қазақ тілі пәнінің мұғаліміне:

Жоғары нәтижеге қол жеткізуіңіздің себебі неде?

3.Мектеп директорына:

Биылғы оқу жылында ҰБТ дан қандай нәтиже күтесіз?

Рефлексия

3 мин

Коучинг: Айқын мақсат - жетістік желкені

Алған әсерлерін рефлексия парағына жазу.

1. Сізге бүгінігі коучинг ұнаса,желкенге жасыл түс жапсырыңыз.

2. Сізге бүгінігі коучинг ұнамаса ,желкенге сары түс жапсырыңыз.

3. Сізге бүгінгі коучингтің әлі жетілдіретін тұсы бар десеңіз,қызыл түс жапсырыңыз.

Алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді немесе жазады.


Сократтың қос сақинасы


Сыныптағы талқылауды дамытуға арналған құрал

  • Сын тұрғысынан ойлауды;

  • Қалай оқу керектігін ;

  • Өзінің және өзгелердің ойлау, сөйлеу, жазу дағдыларын бағалауды үйретеді.

Қатысушылар екі топқа бөлініп , қос шеңбер жасап тұрады. Ішкі шеңберде ең кемі 7 отырғыш болады. Оларға 6 қатысушы жайғасады.

7- отырғыш бос тұрады. Ішкі шеңбердегілер сұрақты, тақырыпты, мәтінді талқылайды.

Сыртқы шеңбердегілер талқылауға қатыспайды. Олар идеялар, пікір, ойларды жазып тұрады. Сыртқы шеңбердегі оқушы талқылауға қатысқысы келсе, бос отырғышқа жайғасады, бірақ бір қатысушы өз қалауы бойынша сыртқы шеңберге кетеді.

Талқылау аяқталған соң , сыртқы шеңбердегілер жұмыс жасайды. Олар кестелер, сызбалар жасап, айтылған идеялар мен пікірлерді тұжырымдап жеткізеді. Ішкі шеңбердегілер сыртқы шеңбердегілердің жұмысын бақылайды, бағалайды.

Ұйымдастырушының қызметі:

  1. Қатысушыларды талқыланатын тақырып, мәтінмен таныстыру.

  2. 2 топқа бөлу.

  3. Оларды қос шеңберге тұрғызу.

  4. Ішкі шеңберге талқылау үшін тапсырма, сұрақтар беру.

  5. Сыртқы шеңбердегі лердің жазбалар жасауына ықпал ету.

  6. Талқылауды тоқтату, сыртқы шеңбердегілердің сөйлеуін , қорғауын ұйымдастыру.

Ішкі шеңбердегілерге сыртқы шеңбердегілердің жұмысын критериалды бағалату












Сыртқы шеңбердегі оқушылардың жұмысын бақылау бетшесі

р/с

Бақылау нысаны

Әрекеттегілер

Жиілігі /сапасы

1.

Топта кім басшылықты алды?



2.

Хатшылықты кім орындауда?



3.

Кімдердің пікірлері тыңдалуда?



4.

Кімдердің жазбаларын пайдалануда?



5.

Бір - бірімен диалогке кімдер түсуде?



6.

Уақытты кім бақылап , ескертіп отыр?



7.

Тағы нені бақыладыңыздар?

__________________________

__________________________



8.

Жұмысты кім баяндады, қорғады?





Жұмысты бағалау критерийлері:

р/с

Критерийлер



Дескриптор



Ұпай

1

Ұсынылған пікірлерді ескеру, оларды негізгі ойды жеткізу үшін ұтымды пайдалана білу

өте жақсы

3

Тиімді

2

Ішінара ескерген

1

2

Негізгі идея, түйінді ойды тұжырымдап жеткізу, тіл байлығы

Жан-жақты ашылған

3

Барынша қамтылған, түсінікті

2

Кейбір мәселелер ескерілмеген, түсініксіз тұстар бар.

1

3

Қатысушылардың ынтымақтастығы, уақытты үнемдеу, белсенді іс -қимыл.

Топ тиімді жұмыс жасады

3

Тапсырма жекелеген қатысушылардың күшімен ғана орындалды.

2

Тапсырманы орындауда қиындықтар болды

1


Барлығы








Бірлік -белеске бірге жеткізеді

Қоян мен тасбақа

(тәмсіл)


Баяғыда тасбақа мен қоян жақсы дос болыпты. Күндіз де, түнде де бірге айнымас достар екен. Тек бір жаманы, қоян тасбақаның шабандығын мазақтай беретін болса керек. Бір күні, қоянның мазағынан шаршаған тасбақа оны жарысқа шақырады. Өзінің жүйріктігіне сенген қоян қабыл алады. Белгіленген күні, белгіленген уақытта, белгіленген жерде тасбақа мен қоян кездеседі. Ақтық меже сызығы ретінде төбешікті белгілеп, жарысты бастап кетеді. Қоян ә дегеннен ұзаққа кетіп қалады. Артына қараса, тасбақаның өзі тұрмақ, төбесі де көрінбегесін қоян жолда дамылдап алуды ұйғарып, көлеңкеге қисая кетеді. Ұйқысы қанып, дамылдап алып әрі қарай жүгіріп кетеді. Ақтық межеге келсе, тасбақа көлеңкеде тәтті ұйқыны соғып жатыр екен.

ҚОРЫТЫНДЫ: БІРҚАЛЫПТЫ ҮЗДІКСІЗ ЕҢБЕК ШЫҢҒА ЖЕТКІЗЕДІ.

-Қалай ғана мен тасбақадан жеңіліп қалдым,-деп қапаланған қоян тасбақаға:

-Екеуіміз тағы жарысайық,-дейді.Тасбақа келісімін берген соң белгілі уақытта, белгілі жерде екеуі кездеседі. Ақтық меже ретінде тағы да төбені алып, жарысты бастап жібереді. Бұл жолы намыс қысқан қоян еш жерге тоқтамай, жүгірген бойы межеге алғаш болып жетеді .

ҚОРЫТЫНДЫ: ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТПЕН ІСТЕЛІНГЕН ІС ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ.

Шабан болса да, қояннан жеңілгенін өзіне кешіре алмаған тасбақа күні-түні ойланып, қалай жеңудің жолын ойлап табады. Қоян тағы да өз күшіне сеніп, келісімін береді. Белгіленген уақытта, белгіленген жерде екеуі тағы да кездеседі. Тасбақа бұл жолы ақтық меже ретінде әуежайды ұсынады.

Келісімін берген қоян алға басып, озып кетеді. Жүгіріп келе жатып алдынан өзен шыққанда әрі қарай жүгіре алмай, орнында тұрып қалады. Асықпай жеткен тасбақа өзенге қойып кетеді де, жүзіп әрі қарай кетіп қалады.

ҚОРЫТЫНДЫ: ӨЗ МҮМКІНШІЛІГІ МЕН КҮШІН ДҰРЫС БАҒАЛАҒАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.

Қоян мен тасбақа қайтадан жарысуды ұйғарады. Бұл жолы кім озады деп емес, қанша уақытта жеңіске жетуге болатынын анықтап білмек. Содан ақтық меже ретінде қайтадан әуежайды алып, белгіленген уақытта, белгіленген жерде кездеседі. Жарыс басталарда қоян досына қарайды. Жарыс басталғанда қоян тасбақаға қарап тұрады да, досын жолда қалдырғысы келмей,арқалап алып жүгіріп кетеді. Өзенге келгенде қоян досына қарайды, тасбақа жерге түсіп,қоянды арқасына салып алып, өзеннен жүзіп өтеді.

ҚОРЫТЫНДЫ: БІРЛІК -БЕЛЕСКЕ БІРГЕ ЖЕТКІЗЕДІ.

Мәтін

Мектепте «Алтын белгі» белгісіне үміткер үш үздік оқушы бар еді. 10 сыныпты үздік аяқтаған оқушылар ҰБТ- ға дайындықты бастап та кетті. Алайда қанша дайындалғанмен нәтижелері төмен болып отыр. Оқу жылы басталғалы 3 бақылау тестісі өтіп , үшеуінен де үздік оқушылар «3» пен «4»- тік баға алады. Бұл оқушылардың осы жағдайы пән мұғалімдеріне қиын соғады. І оқу тоқсаны аяқталып ,тоқсандық баға шығаратын мезгіл жақындап қалады. Пән мұғалімдері «5» бағасын қояйын десе, үздіктердің ҰТБ көрсеткіштері төмен, «4»- ке шығарайын десе, оқушыларының көңілін қимайды.


© 2010-2022