Сабақ жоспары № 12 сабақ. Бауырмалдық және кең пейілділік 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп «Жеңіс» негізгі мектебі

Мерзім 16.11-21.11.2015

Мұғалім: Суханова Алтынай Абдраманқызы

Сынып: 6 «А»

Оқушылар саны 21

Тақырып: № 12 сабақ. Бауырмалдық және кең пейілділік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.

Мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашып, олардың бойындағы кең пейілділік, бауырмалдық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін дамыту. Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға кешірімшіл болу туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы шынайылық шыншылдық қасиеттерін қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды қамқор риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, бояуыштар, плакат

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» дауыстап айтамыз

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті.

Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мағауиннің «Бір атаның балалары»

повестінен үзіндісін оқып келу.

  • Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

  • Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • Егер сен Ахмет атанаң орнында болсаң осылай жасар ма едің?

Ескерту

Дәйексөз.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ-жүректен шығады.

Ш.Құдайбердиев

- Кең пейілділік сөзін естігенде сендерге қандай ой түседі?

- Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Кең пейілділік, бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқайсыңдар?

- Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не?

- Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма?

(Дәйексөзді дәптер бетіне түсіру)

Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

Достықтың осындайы

Өте жақын екі дос болған екен. Біреуі - Берік - елгезек әрі пысық болса, екіншісі - Серік - ұялшақ әрі момақан болады. Берік - кедей, Серік болса ауқатты отбасынан шыққан болады. Бірақ кедей-бай демей екі дос туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді. Серік барлық нәрсесімен Берікпен бөлісіп өседі. 7 жасында басталған достықтары университетке түскен жылдары да жалғасады. Бір күні Серік бір қызды ұнатып соған үйленбекші болады, ұялшақ болғаннан сезімдерін аша алмай жүргенде, Берік жаңағы қызға сөз айтып, үйленіп алады. Серік мұңайып қалса да, достықты жоғары көріп, ешнәрсе білдіртпейді.

Университеттің соңғы жылдарында Серіктің ата-анасы жол апатына ұшырап, қайтыс болады. Серік қайғы ішінде біраз уақыт жұмыс таппай қалады. Қаржы жағдайы күрт өзгереді. Берік болса жақсы жұмысқа орналасып, лауазымды қызметте болады. Серік досының қасына барып көмек сұрауды қанша ойласа да, олай істеуге батылы да намысы да бармайды. Одан әрі ақшасыздыққа шыдай алмай, соңында досының офисіне барады. Офистегі хатшы қыз Беріктің орнында жоқ екенің, кейін хабарласуын сұрайды. Ертеңіне барса да тура осындай жауап алады. Ақырында хатшы қыз оған Берік жазған хатты ұстатады. Хатында Берік досына көмектесе алмайтынын жазады. Серік жаман күй кешеді. Көшеге шығып естігендеріне сене алмай мұңайып жүреді. Бір кезде Серіктің қасына жасы үлкен кісі жақындап "Балам, ауыр науқасым бар. Кедей болғаным үшін дәрі ала алмай жүрмін", - деп Серіктен көмек сұрайды. Серік соңғы ақшасын шығарып жаңағы кісіге керекті дәрілер алып береді. Жомарттығына қайран қалған кісі негізінде кедей емес, бай кісі болатын. Көп ұзамай ол қайтыс болып, барлық мирасын Серікке тастап кетеді.

Серік қайтадан бай болса да, досының көмектеспей, теріс қарағанын ұмыта алмады. Досының кеңсесі қасынан үлкен үй салғызады. Бір күні үйінің алдында жасы үлкен қайыршы әйелді көреді. Қайыршы аш болғанын, ешкімі жоқ екенін айтады. Серіктің жаны ашып, оның да ешкімі жоқ, қаласа оның үйінде тұрып үй жұмыстарына қарауын сұрайды. Әйел қуанып, келіседі. Бір күні әйел "Неге жақсы бір қызбен танысып үйленбейсің?" деп сұрайды. Серік ондай қызды танымағанын, егер де оның ойлаған біреуі бар болса, таныстыруын сұрап қалжыңдайды. Бірнеше ай толмай Серік көмекші әйелдің көмегімен үйленетін болып шығады. Тойға дайындық басталады. Досын әлі де ұмыта алмай жүрген Серік тойға шақыру билетін Берікке де жібереді. Той күні Серік микрофонды қолға алып бар өкпесін елге айтады; осылай да осылай бір досым болған, кішкентайынан оған көмек көрсетіп жүрдім, мен жақсы көрген қыздан да достығымыз үшін бас тарттым. Өйткені оны шын досым деп санайтынмын, ол үшін ешнәрсемді аямайтынмын. Бірақ менің жағдайым жаман болғанда, досым көмектескісі келмеді! Алайда менің досыма деген өкпем жоқ. Өйткені шынайы доспыз! - деп айтады.

Алдында үндемей отырған досы орнынан тұрып микрофонды қолға алып былай дейді: "Менің де бір кездері жақын досым болды. Мен қиналғанда үнемі көмектесіп тұрды. Студенттік жылдары жаман бір қызбен танысып, оған үйленетінін айтқанда, не айтсам да бекер екенін түсініп, ол қызға досымнан бұрын үйлендім. Досымды жаман жардан құтқарудың басқа амалын таппадым. Жұмыссыз жүрген кезде маған келіп жұмыс сұрады. Байлыққа үйренген біреудің біреуден (досынан болса да) жұмыс сұрауы қаншалықты қиын екенін сездім. Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім. Күндердің бірінде досымның алдынан шыққан кәрі кісі - менің әкем болатын. Әкем қатты науқастанып жүрген кезі еді, досыммен танысып барлық ақшасын оған мирас етуін қаладым. Үйіне келген қайыршы әйел - менің анам. Досымның жалғыз қалғанын біліп, оған әрі үйін тазалап, әрі тамағын дайындап оған көмек көрсетуін қаладым. Қазір үйленуге таңдаған жары да - менің қарындасым. Досыма жақсы қарай алатын, оған адал жар болатын тұған қарындасым. Қадірлі қонақтар, міне біз осындай шынайы доспыз!" - дейді.

1.Серік пен Берік қандай отбасынан шыққан жандар?

2.Серік Берікке не үшін өкпеледі?

3.Олардың достықтары шынайы достық па?

4.Беріктің жасаған тірліктері сіздерге қандай ой қалдырды?

5.Достарыңа көмектескен кездерің көп болды ма?

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Бауырмалдық және кең пейілділік» тақырыбында

І топ Коллаж жасау

ІІ топ Сахналау

ІІІ топ Жағдаят шешу

Топпен ән айту.

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

Үй тапсырмасы.

Өздеріңнің жеке өмірлеріңнен бауырмалдық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, жазып келу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз . Ақкөңілділік,жайсаң мінезділік, дарқандық,кеңдік,молқолдылық жомарттықты білдіреді.Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді.Мырзалық,қолы ашықтық, дарқандық,кеңдік,молқолдылық жомарттықты білдіреді.Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз,міндет етпестен қызмет қылып,жақсылық жасауға кеңпейілділігінен,нақты ісінен көрінеді.Жомарт болу үшін дүние-дәулеттің мол болуы шарт емес.

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде!

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, - бүкіл әлемде!

Қолданылған әдебиеттер:

1. Өзін-өзі тану оқулығы . 6- сынып. Алматы 2010

2.Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық . Алматы 2010

3.Аңыз әңгімелер жинағы.







© 2010-2022