Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары Табиғат денсаулық мекені

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән өзін-өзі тану Сынып 2 Мерзімі......................

Сабақтың тақырыбы

Обал мен сауап № 2

Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің.

Халық даналығы

Сабақтың мақсаты

«Мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері

  • Обал мен сауап туралы түсінік беру.

  • Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру.

  • Мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал

Оқулық, дәптрер, ...

Шаттық шеңбері

Оқушылармен бірге шеңбер құрып тұру, сәлемдесу. Дауыстап өлеңді оқып беру.

Ой, обал-ай, обал - ай!

Енді қарным ашпайды!

Деп, Кер сұмдық бастайды:

Нан артылса, қоқсыққа

Лақтырып тастайды.

«Ой, обал-ай, обал-ай!»

Ас «артық» деп төгеді,

Аш қап, азап шегеді.

«Үнемді жасай біл!» десең,

Сөлекеттеп, сөгеді.

«Ой, обал-ай, обал-ай».

Тапсырма

Сабақтың белсенділігін арттыру үшін тапсырмадан басталады.

Торғай

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапаныны көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті...

* Әңгімені жалғастырыңдар.

- Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болды, өйткені адамның, жануардың, табиғаттың қиналғанын көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады.

- Сендерге үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай жағдайларда айтты?

Балалардың жауаптары.

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет ұсынылған. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайларды обал болатынын айту тапсырылады.

Жаңа ақпарат

Сабақта оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын ұсыну.

Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануарлардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.

Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.

Құс ұясын бұзбайық!

Ө. Тұрманжанов

Ей, балалар, балалар! Жабаға жүнді жияды,

Аман болсын аналар! Жайлы қып жасап ұяны,

Құстарда да ана бар, Жұмыртқасын салады.

Құстарда да бала бар, Бір қуанып қалады.

Кім сүймейді баласын?!

Осылар еске түскенде, Тырнақтай құстың жауы көп,

Бір ойланып қаласың! Құрулы ажал - ауы көп...

Балалық қып қызбайық!

Өсіруге баланы, Құс ұясын бұзбайық!

Құстар ұя салады. Жұмыртқасын алмайық!

Жасауға жұмсақ ұяны, Обалына қалмайық!..

* Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?

* Құс өз балапанын қалай мәпелейді?

* Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?

Сергіту сәті

Сабақты қорытындылау алдында балалардың бір сәт денесі сергітіледі.

Аппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/

Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/

Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады/

Тапсырма

Оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінетіндері туралы тапсырма береді.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И.Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.

қорытындылау

  • Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта - тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуі жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.



© 2010-2022