Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар.
Сабақтың мақсаты: Өз ойларын толық байланыстыра отырып, сөйлеу шеберлігін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір - біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.

Оқытудың нәтижесі: Оқушылардың жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар: Топтық жұмыста өзін - өзі реттей алады. Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзете алады.

Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.
Үй тапсырмасын тексеру.

Ыңғайластық жалғаулықтар. Мен,бен,пен,менен,бенен,пенен,да,де,та,те,және,әрі.

Қарсылықты жалғаулықтар. Алайда,әйткенмен,бірақ,дегенмен,әйтпесе,сонда да.

Талғаулықты жалғаулықтар.Немесе,болмаса,әлде,не,яки.

Кезектестік жалғаулықтар.Біресе,бірде,кейде.

Себеп-салдарлық жалғаулықтар.Себебі,сондықтан,себепті.

Шарттық жалғаулықтар.Егер,егер де,онда.


Жаңа сабақты түсіндіру
Шылау сөз
Толық лексикалық мағынасы болмайды, Түрленбейді, Сөйлем мүшесі бола алмайды, Сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және қосымша мән үстейді
Шылау сөз Септеулік шылау, Демеулік шылау, Жалғаулық шылау.

Демеулік шылаулар - өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту,тежеу,шектеу,сұрау,болжалдық,күмән сияқты қосымша мағына үстейтін шылау түрі.

Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге ,кетігін тап та бар,қалан. (Абай.)

Демеулік шылаулардың түрлері

Жалғаулықтар

1

Сұраулық демеуліктер

Ма (ма,ба,па,пе),ше

2

Күшейткіш демеуліктер

-ақ,-ау,-ай,да (де,та,те).

3

Шектік (тежеу) демеуліктері

Ғана (қана),тек,кейде,-ақ.

4

Болжалдық демеуліктер

-мыс (міс)

5

Болымсыздық немесе қарсы мәнді,салыстыру демеуліктері

Түгіл,тұрсын,тұрмақ

6

Нақтылау мәнді демеуліктер

Қой (ғой),-ды, (-ді,-ты,-ті)

7

Қомсыну мәнді демеуліктер

екеш


Оқулықпен жұмыс
355 - жаттығу.Демеулік шылаулардың қай сөз табына ,қандай тұлғалы сөзге тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Әлдақашан - ақ,қойған ғой,тұр ма,тағы да,жоқ па,қашты ма,ұрлады ма? болған-ды,жарты-ақ,жаңа ғана,айналып қана,жеттік-ау,болды ма,жоқ па.?

356-жаттығу.Демеулік шылауларды табыңдар,мағыналарын анықтаңдар,жазылуын түсіндіріңдер.

Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: лексикалық мағынасы жоқ
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөйлем мүшесі бола алмайды
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөздерге, сөйлемдерге қосымша мән үстейді.
Үйге тапсырма: Ереже жаттау,мысал келтіру.
Бағалау.

ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау

Білем

Білгім келеді

Үйрендім






© 2010-2022