Урок по Қазақ тілі 6 сынып Етістік

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ «Етістік» 6 сынып

51

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік және, ақыл-ой тәрбиесін беру, халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жинақтау

Көрнекілігі: Интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқының салты бойынша иіліп сәлем берейік және күлкі сыйлайық.

Күлкі деген керемет,
Бәрімізге ол керек.
Қуаныш пен шаттықтың,
Белгісі болып есептеледі.

- Бүгінгі біздің сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Етістікті жинақтау сабағы болғандықтан біз «Жеті ата» ауылына саяхатқа шығамыз.

Мұндағы мақсатымыз - етістіктен алған білімдерінізді көрсету және одан әрі жетілдіру.

Саяхатқа шығу үшін көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз көлік ретінде нені пайдаланды?

- Атты, түйені,өгізді.

- Сендер оның қайсысын қалайсындар?

- Атты.

- Жарайды, онда атты жолға әзірлейік.

- Атты жолға қалай әзірлейміз?

- Атты шанаға, арбаға жегу керек.

- Қазір қыс мезгілі болғандықтан, атты шанаға жегеміз.

- Ал атты шанаға жеккенде қандай жабдықтар керек?

- Қамыт, доға, ершік, шана, делбе.

- Ал енді күн болса суық, қар көп жауған, жол жаман, атқа жөндеп отырайық. Саяхатымызға аттанайық. Топ басшылары атты айдаңдар: «Айт, шу жануар!».

- Алдымызда көрінген қай ауыл екен, қарайықшы? (интерактивті тақтада саяхатқа баратын ауылдар картасы көрсетіліп отырады).

- Балалар, біз жеткен «Ата ауылы» сендердің білімдерінді «Бәйге» ойыны арқылы тексермекші.

- Интерактивті тақтада сұрақтар көрсетіледі. Оқушылар өздері ұпай таңдайды. Әр сан артында сұрақтар жасырынған.

- Міне, ата ауылының тапсырмасын жақсы орындадық. Саяхатымызға әрі қарай жалғастырайық. Алыстан көрінген қай ауыл екен?

- «Әке» ауылы.

- Бұл ауыл да бізге тапсырма дайындапты (ол тапсырма кітаптағы 3-жаттығу)

1-тапсырма барлық топқа ортақ. Мәтінді міндетті түрде оқу.

2-тапсырма етістікті табу.

3-тапсырма таныс емес сөздерді атау.

- Тентек, тайлақ,мырзалық,ақтық.Енді осы сөзерді дәптерлерімізге жазайық. Міне, «Әке» ауылының тапсырмаларын да жақсы орындарыңдар. Картаға қарайық, жолымызда қандай ауыл кездеседі? Келесі көрініп тұрған қай ауыл?

- «Бала» ауылы.

- Балалар, сендер жұмбақ жасырып, оны шешуді ұнатасыңдар ма?

- Иә.

- Ендеше бұл ауылдың тыққан жұмбақтарын шешейік.

1-топ жұмбақты жатқа жазып, етістіктің астын сыз.

2-топ етістіктің дара, күрделі екенін анықтау.

3-топ дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.

1-топпен бірге жұмбақты дәптерге жазайық. Міне, осылай бұл ауылдың да тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Енді шанамызға әдемілеп отырайық.

Топ басшылары атты айдаңдар: «Айт, шу жануар!»

- Міне, келесі ауылға да келіп қалдық. «Немере» ауылы.

Сурет көрсетіледі (интерактивті тақтадан). Сөйлемдер құрап айтқызу.

1-топқа тапсырма. Шана сөзіне өлең құрау.

2-топқа тапсырма. Жазылған өлеңнен етістікті табу.

3-топқа тапсырма. Венн диаграммасын жасау.

- Ал, балалар, келесі ауылға аттанайық.

Әлі-де баратын ауылдар бар, уақыт таяп қалды.

Атты айдаңдар!

Міне, «Шөбере»​ ауылына да келіп жеттік. Бұл ауыл сендерге мынадай 4-жаттығу дайындапты.

1-топ мақалдың мазмұнын түсіндір.

2-топ болымды, болымсыз етістіктерді тап.

3-топ мақалды жатқа айт.

- Келесі ауылымыз қай ауыл екен?

- «Шөпшек» ауылы.

- Міне, ауылға да келіп қалдық. Бұл ауылда етістік сөзіне ассоциация жасау керек.

Урок по Қазақ тілі 6 сынып Етістік

Ең соңғы ауылымыз «Немене» ауылы.мұнда сиқырлы қоржын дайындалыпты. Онда сендерге бағалар бар екен.

Ал енді саяхатымыз аяқталып келеді, сыныбымызға қайтайық.

Қорытынды:

«Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер»

Үй жұмысы: 6-жаттығу.



© 2010-2022