Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚазақ тілі сабағындағы жаңа технологияҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Баймулдинова Д.О.

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп, ШҚО Тарбағатай ауданы.


Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибие жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологгияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Осы міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтарға, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүиесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалімнің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоршаған орта талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыға түбегейлі білім мен олардың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбие алуына жағдай жасап, мүмкіндік беру.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде қазіргі педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыруда маңызы өте зор. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар, оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуына сай білім беруге бағытталып отыр. Әрбір ұстаз өз сабағын өзгеше, ерекше етіп өткізгісі келеді.Оқыту технологиясының мәні -технологиялар арқылы мұғалімдердің тәжірибесі жинақталады, оқу үрдісін алдын-ала жобалайды. Технология оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің құрлымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісінің жобасын талап етеді. Оқыту технологиясы үшін мұғалімнің әрекеті ғана емес, ең бастысы, оқушының іс-әрекеті, олардың белгілі қасиеттерінің қалыптасуы маңызды болып табылады. Сол сияқты мен де өз тарапымнан сабақтарымда Д.Эльконин мен В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, Жауынбай Қараевтің «Деңгейлеп саралап оқыту» т.б. жаңа технология элементтерін қолдану арқылы өткізудемін.

Солардың ішінде «Фонетика» саласын оқытудағы дыбыстардың табиғатын математикалық тәсіл арқылы оқыту өте тиімді әдістердің бірі екеніне көзім жетті. Нұрша Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының үлгісін пайдаланғаныма біршама уақыт болды. Себебі, «Фонетика» саласы бойынша тақырыптарды өту кезінде қолданылған бұл әдіс оқушы тарапынан қызығушылықтарын оятып,ізденімпаздылыққа жетелейтінін байқадым. Фонетиканы үйретудің орфография мен грамматиканы жетік білуге себі тиеді. Осыған орай өзімнің 5- сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінде Нұрша Оразахынованың сатылай кешенді талдау үлгісін пайдалана отырып өткізген сабағымда мынадай әдістерді қолданып жүрмін. Сабақ барысында жаңа технология элементтері пайдаланылған, іздену, қабылдау, қорытынды шығару, дәлелдеу сияқты оқушы тарапынан жасалынған әрекеттер олардың тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыруға біршама септігін тигізеді деген ойдамын.

Мысалы:

-Қазақ тілінде дыбыстар саны қанша?

-Қазақ тіліне тән дыбыстар?

\ Математикалық тәсілмен дәлелдеп көрсетіп беруге болады.\

42 ә = 37 о; 37 о =Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

37оҚазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

1. Дауысты дыбыстар: 12Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология

Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

2.Дауыссыз дыбыстар:

26Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология

үндіҚазақ тілі сабағындағы жаңа технология7

ұяңҚазақ тілі сабағындағы жаңа технология8

ҚДауыссыз

Қатаң

Қазақ тіліне тән дыбыс

3. Денсаулық - зор байлық

( Асты сызылған сөзге математикалық тәсілмен мінездеме беру);

Берілгені: ДенсаулықҚазақ тілі сабағындағы жаңа технология

Шешуі: ДенсаулықҚазақ тілі сабағындағы жаңа технология

3Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология; 3Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология; 3Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

6Қазақ тілі сабағындағы жаңа технология;

Бұл әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақ жүргізгенде оқушылар өте қызығып, бар ынта-жігерлерімен дәлелдеп, өз пікірлерін айтуға асығады. Жалаң -қазақ тіліне тән дыбыстар саны 9,-деп айта салғаннан қарағанда формуламен көрсетсе қызықпай қалыс қалатын оқушы болмайды. 5-сыныптағы «Фонетика» курсы бойынша алған білімдері 11-сыныптан кейін тапсыратын ҰБТ кезінде де өте қажет екені белгілі. Тест сұрақтарының дыбыстар табиғатынан келетін сұрақтардың саны төрт-бесеуден кем емес. Сондықтан, қазақта «Темірді қызған кезде соқ» деген мақалдың желісі бойынша мағлұматты түсінікті, әрі терең алса жемісті болары даусыз. Сонымен қатар, оқушыға берген теориялық білімді үнемі топтастыру әдісі арқылы бекітіп отырған дұрыс. Себебі, оқушы осы арқылы топпен жұмыс жасай отырып, алған мағлұматтарын топтап, бекітеді. Мысалы мен, өз сабағымда баланың бұрыннан бергі теориялық білетін материялдарын көк түспен, ал жаңа қабылдап алған білімдерін қызыл түспен белгілетуді қолға алғанмын. Сонда оқушы өз білімінен нені білетіндігін және нені білгендігін саралап отыруларына өте тиімді әдіс.Мысалы мына кестедегі көк түспен берілген оқушының бастауыш сыныптан алып келген білімдері. Ал, 5-сыныптың фонетика курсынан алған білімдерін қызыл түспен оқушылар өздері курс соңында белгілеп отырады.



Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Олардың түрлері.

Тұйық

Бітеу

Ашық

Буын

Ғылым

Тіл

Дыбыс















Кезкелген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні белгілі. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі-оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Сабақ процесінде тек білім ғана емес тәрбиенің де берілуіне ықпал ету.

Қорыта айтар болсақ, оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру-оқушылардың саналық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, негізгі мығым білімді меңгеруге әсерін тигізеді. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық технологияларын қолдануы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың ізденімпаздық әрекет етуі арқылы өздерінің білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу әрекетінде педагогтар мен оқушылардың өнімді теориялық ойлау қабілеттерін қалыптастырып қана қоймай, тәрбие қызметін жүзеге асыруды күшейтеді.







© 2010-2022