Металды түзету және белгілеу

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

______________Тукеева Ж.С.

Сабақ жоспары № 3


Күні-айы: 13.11.2015 Топ: ЭД-03 Курс: I

Мамандығы: 1114000 - дәнекерлеу ісі

Бөлімнің тақырыбы: Слесарлық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Металды түзету және белгілеу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге металл пластинаның бетін жөндеу және майыстыру жұмыстарын және өлшеуіш құралдарын пайдаланып үлгі бойынша өлшеу жұмыстарын жасауды үйрету.

Дамытушылық: Студенттерге құрал-саймандарды күтіп ұстау, өлшеуіш құралдарын дұрыс пайдалану, еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отыра, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Студенттерді ұқыпты жұмыс жасауға және әрбір детальді, материалды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Қазіргі заман талабына сай маман аталуға ұмтылдыру.

Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету Сабақтың әдістері: ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау) Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Металл дайындамалар, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал-саймандар түрлері және суреттері, карточкалар. Өткізілетін орны: электр газымен дәнекерлеуші шеберханасы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3.Білім алушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

2.Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру;

1. Металл дегеніміз не?

2.Металдың түрлері қандай?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету;

Металдар - электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі - қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5.Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

1. Металды түзету деген не, қалай түсінесіздер?

2. Металды түзету, белгілеу жұмыстарына қандай құралдарды пайдаланады?

2.7.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3.Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат)

3.1. Білім алушылардың өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:

1.Металл қасиеттері мен түрлеріне сипаттама

2.Слесарлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздігі

3.Металды белгілеу және түзету жұмыстары

3.2. Ағымдағы нұсқау (арнайы аралаулар арқылы):

- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;

- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;

- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;

- жұмыстарды қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау;

4.2.Жіберілген қателерді талдау;

4.3.Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;

4.4. Үй тапсырмасы:

Металды белгілеу, дұрыс өлшеу және түзету жұмыстарын орындау. Әр студент өзіне ұнайтын белгіні металға түсіру.

5.Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері: _______________ Бердимуратова А.О.

© 2010-2022