Урок на тему Топтау сан есім 6 класс

а) білімділік: Оқушыларға топтау сан есім туралы түсінік беру. ә) тәрбиелік: Оқушыларды туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.б) дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.Сабақ типі: жаңа сабақСабақ түрі: ойын сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіруОқытудың формасы: мультимедиялық кабинетСабақтың көрнекілігі: тест, кесте, электрондық оқулықПәнаралық байланыс: әдебиет
Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Топтау сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға топтау сан есім туралы түсінік беру.

ә) тәрбиелік: Оқушыларды туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін

қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Оқытудың формасы: мультимедиялық кабинет

Сабақтың көрнекілігі: тест, кесте, электрондық оқулық

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу ә)түгендеу

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең

ІІ. Үй тапсырмасы: 171- жаттығу.

Ереже

Урок на тему Топтау сан есім 6 класс

ІІІ. Жаңа сабақ

Жасалуы

Ережесі

Ережесі

Емлесі

Сұрағы

Мысалы

Мысалы

Қызметі

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді.

Сұрағы: Нешеден? Қаншадан?

Мысалы: екіден, қырық-елуден, үшеу-үшеуден.

Жасалуы: Дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады.

Емлесі: қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады.

Мысалы: екі-екіден, 10-10-нан

Қызметі: Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Олар үш-үштен отыр.

ІV. Білімді көрсету (кітаппен жұмыс)

172 -жаттығу берілген есептік сан есімдерден топтау сан есім жасау.

173 - жаттығу. Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік, болжалдық және топтау сан есімдерін жасау.

V. Кім ақылды?

Сенің миллион теңгең болса, не істер едің?

VІ. Шығармашылық жұмыс.

«Біздің сынып» тақырыбына мәтін жазу.

Электрондық оқулықтан Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін тыңдату.

VІІ. Схеманы сөйлет.

Есептік сан есім он-оннан

Жинақтау сан есім екі

Реттік сан есім оннан бес

Болжалдық сан есім жетеу

Топтау сан есім екі жүздей

Бөлшектік сан есім алпысыншы

VIII. «Білгенге маржан...»

1.Топтау сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

В) Оның жасы қырықтарда.

С)1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал» романы басылып шыққан.

Д) Бір қатарға он-оннан тізіле қалды.

Е) Үш өлшем бар: биіктік, тереңдік және кеңдік.

2.Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылады?

А) алты жетіден В) қырық шамалы С) сағат төрттерде

Д) он екінші Е) бір миллион

3. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау

4. Топтау сан есімдерінің сөйлемде атқаратын қызметін белгілеңіз.

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш

Д) пысықтауыш Е) анықтауыш

5. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8

ІХ. Шығармашылық диктант.

Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, сан есімдерді сөзбен жазып, мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

30 дан, 40 қа, 5 сынып, 3 қатар, 32 мектеп, ХХІ ғасыр, 4 тен 1, 20 том, 7 сәуір, 2006 жыл, 40 таған, 50 лерде, 40 тан астам, он дарда, 10,5.

X. «Көңілді санамақ»

2-екі

Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік.

«2леніп с2ріп,

Алып қапсың 2лік».

2ншілей 2ңді,

Көрсетпе деп ж2рді.

ХІ.Үйге тапсырма. Топтау сан есім ережесі, емлесі.

174-жаттығуды орындау.

1889 жыл - мағынасына қарай реттік сан есім, құрамына қарай күрделі сан есім.

ХІІ. Бағалау.


© 2010-2022