• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл

Күні:

(2 сағат)

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.

Мақсаты:

1.Төл сөз бен оның тыныс белгілерін дұрыс қоя білу дағдыларын қалыптастыру. Төл сөздің ішінде төл сөздің келуі туралы мағлұмат беру.

2. Төл сөздің тыныс белгілеріне байланыстыбілім, білік дағдыларын қалыптастыру. Төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазуға байланысты жаттығу жұмыстарын орындату.

3. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі, типі: жаңа білім беру, дәстүрлі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілік: төл сөз бен төлеу сөзге байланысты кесте-плакаттар.

Пайдаланған әдебиеттер: Г.Қосымова, Н.Құрманова «Қазақ тілі» әдістемелік нұсқау, Алматы, «Мектеп», 2004 жыл, 46- бет.

З.Басыбекова, З.Ерназарова «Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар» Алматы «Мектеп» 2004 ж.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылықты ояту.

Амандасу, сыныпты сабаққа дайындау.

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады не оынң алдынан сызықша қойылады да, төл сөз бас әріппен жазылады, төл сөздің соңына егер ол хабарлы сөйлем болса, үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрау белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылады да, одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.

  2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады, одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады.

  3. Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса, бірінші және екінші тармақтарда көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.

  4. Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса, автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады:

а) автор сөзінің алдынан да, соңынан да үтір және сызықша қойылады, мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады;

ә) төл сөздің соңғы бөлігі дербес сөйлем болып, бас әріптен басталып жазылса, автор сөзінің алдынан үтір мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін нүкте мен сызықша қойылады.

5. Төл сөздің көп құрамды түріне жоғарыда көрсетілген түрлерінің тыныс белгілері, әсіресе, автор сөзі - төл сөз - автор сөзі және төл сөз - автор сөзі - төл сөз орын тәртіптеріне байланысты тыныс белгілері қойылады; төл сөз ортасындағы автор сөзі тиянақсыз болып, одан кейін төл сөз дербес айтылатын сөйлем болғанда автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады.

6. Бір төл сөздің ішінде екніші төл сөз айтылса, алғашқысының алдынан сызықша қойылады да, соңғысы тырнақшаға алынады (мысалдардың барлығы интерактивті тақтадан көрсетіледі).

Біреудің сөзінің авотр тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейді.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; екіншіден, бір жақтың орнына екінші жақ айтылады; үшіншіден автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

  1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, -дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

  2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы, болмаса туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

  3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілек септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

  4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз (І не ІІ жақ) төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

  5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде сұрау есімдігі сол күйінде сақталады; егер сұраулы сөйлем -ма, -ме сұрау шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

  6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің бірі айтылады (мысалдары кестеден көрсетіледі)

Оқулықпен жұмыс. 167-бет, 159-жаттығу; 171-бет, 160-жаттығу; «Дидактикалық материалдан» 121-бет, 1-тапсырма.

ІІІ. Ойтолғау. 160-жаттығуға байланысты «Батыр туса, ел ырысы» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

Үйге тапсырма. 172-бет, 161-жаттығу; «Дидактикалық материалдан» 122-бет, 3-тапсырма.

Қорытындылау, бағалау.


© 2010-2022