Урок казахского языка Мен мамандық таңдаймын (4-сынып)

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігіни арттыру институты













Шағын сабақ жоспары

«Мен мамандық таңдаймын» тақырыбында оқудың түрлерін тиімді пайдалану







Орындаушының аты-жөні

Аленова К.С.

Жетекшіннің аты-жөні

Әлжанова Г.К.



Жұмыстың бағасы ________

Тексерушінің қолы ________













Петропавл

2016


Сабақ жоспары

ПӘНІ

Қазақ тілі

4 сынып

ТАҚЫРЫП

Мен мамандық таңдаймын

МАҚСАТЫ

Оқушыларды мамандық түрлерімен танытыру, кәсіпті таңдап, игеруоқып, білім алу

қажеттілігін түсіндіру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

-Өлеңді өз беттерінше оқып талдайды;

-Мамандық иелеріне сипаттама береді,өз ойларымен бөліседі;

-Өлеңге сүйене отырып,өз таңдауларын жасайды;

-Алдына мақсат қояды,жауапкершілігін арттырады;

-Өз қызығушылығын, қабілетін шыңдайды;

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

КҮТІЛЕТІН

НӘТИЖЕ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Балалар, сабағымызды ұранмен бастағым келеді. Психологиялық тренинг өткізеді.

Топтарға бөледі.

Ұранды айтады.

Біз алғырмыз,

Біз тапқырмыз,

Қол ұстасып,әрқашан,

Биік шыңға шығамыз.

«Мозайка» стратегиясы арқылы

оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.

1-топ Дәрігерлер

2-топ Тігіншілер

3-топ Мұғалімдер

4-топ Аспазшылар

Стимул, жігер беру



Қима көрнекіліктер

Миға шабуыл:

(3 минут)

Викториналық сұрақ

Тыңдалым

Есейемін толамын,

Қияға ұшып қонамын,

Ойлау мұрат бүгіннен.

Өскенде кім боламын?

Осы сұрақ арқылы сабақтың тақырыбын анықтаңдар.

Топтардың жұмыстарына тоқталу.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Каллобративтік орта қалыптасады.

Сабақтың тақырыбын анықталады.



Оқушы жұмыстары

Мағынаны тану

(15 минут)













(15 минут)

Оқулықпен жұмыс. Өлең беру. Берілген өлеңнен мамандық атауларын табыңдар. «Қарлы кесек» стратегиясын қолдану. Жазылым

1-қосымша Оқылым

Өлеңді сұрақ қою арқылы талдату. «Блум түймедағы» арқылы сұрақтарға жауап беру.

Урок казахского языка Мен мамандық таңдаймын (4-сынып)

1.Өлеңде қандай мамандық туралы айтылған?

2.Басқа қандай мамандық түрлерін білесің?

3. Күләш пен Әміре туралы қай шумақта айтылған?

Күләш пен Әміре деген кімдер?

4.Кәсіпкер, вело-спортшы деген қандай мамандық?

5.Ғарышкер туралы қай шумақта айтылған?

Жазылым

Топтық тапсырма.Карточкамен жұмыс

(Мамандық иелеріне сипаттама беру.)

Сергіту минуты:

Топтық тапсырма

Мен өскенде кім боламын?

Өлеңді оқып, керекті сөздерді оқиды.

  1. Мамандық атауын жазады.

  2. Сөз тіркесін құрастырады.

  3. 3 сөйлем құрайды. Мәтін құрастырады.



Оқушылар өз пікірі мен жауаптарын айтады.





Мамандық иелеріне сипаттама береді.

1-топ Эссе "Болашақта мен … мамандығын таңдаймын,себебі … "

2-топ Мамандық иелеріне байланысты өлең құрастыру.

3-топ Берілген мамандық аттарына байланысты сурет салу.

4-топ сурет бойынша сипаттаңдар.

Барлық жауаптарды тыңдау.

Бейне ролик арқылы

Оқылым дағдылары дамиды.

Жазылым әрекеттері артады.



Топтар бірін-бірі бағалайды





2 жұлдыз,1 тілек арқылы бағалайды.









Слайд-1

Слайд-2



Слайд-3 ( Кесте-1)



Слайд-4

Рефлексия

(5 минут)

«Білім теңізіне кеме жіберу» арқылы оқушылар берілген стикерді кеменің үстіне жабыстырады.

Барлық оқушылар қатысады.

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру: «Менің отбасымдағы мамандық иелері» әңгіме жазып келу.

Бағалау

Айтылым дағдысы бойынша


Мен таңдайтын мамандық...
Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?

Велосипед мініп, одан да
Вело - спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында
Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн - түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық,
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу - жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр сатын кең...


© 2010-2022