• Преподавателю
  • Другое
  • Cтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образования

Cтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образования

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің кәсіби дамуы - оқу мен оқытуды жақсартудың тікелей жолы

Хиса Ж.

Қарағанды облысы

Теміртау қаласы

№9 мектеп-лицейі

Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -демек осы істі жүзеге асыратын қоғамның бір саласы - білім беру мекемелері, яғни мектеп. Ал мектептің жүрегі - мұғалім. Ендеше еліміздің тұрақты дамуының кепілі-ең алдымен зиялы қоғам, білімді азамат. Шын мәнінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуы халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық әрекетінен байқалады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» -деп айтқан. Демек, сол біздің болашақ мамандарды дайындап тәрбиелейтін мұғалімдер қауымы үнемі дамып, жетіліп, үйреніп отыруы керек.

Әсіресе, мұғалімдердің кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндік даму мен өзіндік білім алуы ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. Өйткені өз ісіне бекем, кәсіби тәжірибелі, шығармашыл ұстаз білім беру саласын ғана емес, жалпы еліміздің инновациялық стратегиясын жүзеге асырады.

Ал осы орайда, біздің мектеп басшысымыз республикалық білім беру мекемелерінің деңгейлік курсынан бітірген Құралай Ақназарқызы Нұрғалиева тек өзі ғана емес, сондай-ақ, мектебіміздің әрбір мұғалімді біліктілігін арттыру курстарына, семинарларға, конференцияларға, жобалық жұмыстарға және деңгейлік курстарға жібере отырып, педагогтардың кәсіби жағынан шыңдалуға әсерін тигізуде. Сыни тұрғыдан ойлап, жаңа технологияларды қолдана білетін, құзыретті, әр баланы жан - жақты дамытуға бағытталған біздің педагогтар нәтижелі жұмыстануда.Оған түрткі болып отырған тағы бір дүние- мұғалімдер арасында психологиялық ахуал қалыптастыру, яғни «Сен жарайсың», «Сенің қолыңнан келеді», «Біз саған сенеміз», «Сенен жаңаша өзгеріс сезіледі», деген түрткі сөздердің өзі - ақ жаңаша да оңды өзгерістердің бастамасы.

Теміртау қаласында желтоқсанның 19 күні инновациялық мекемелерінің ашық есік күні болып өтті. Біздің № 9 мектеп -лицейінде де «Мұғалімнің кәсіби дамуы - оқу мен оқытуды жақсартудың тікелей жолы» тақырыбымен облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинарға Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылыми кеңесшісі-Қонтаев Сәбит Сейітұлы басқарған әдіскерлерімен қоса, облысымыздың түпкір-түпкірінен мұғалімдер келіп қатысты.

Cтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образования

Семинар барысында «Lesson study» сабақтары бастауыш сынып мұғалімдері «Тік төрт бұрыштың ауданын табу» 3-сынып /Асанова Б.Е./, «Түркістан» 4- сынып /Хатпа Ж./, және математика пәні бойынша «Көп мүшелерді теңбе-тең түрлендіруге есептер шығару» 7-сынып /Үрметова Г.А/ өткізілді.

Cтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образованияCтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образования

Cтатья на тему Самооразование учителя-важное условие повышения качества образования

К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген екен.. Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.

Өз мектебімізде ұйымдастырылып отырған семинарлар, инновациялық-эксперименталдық жұмыстарын еңгізу, әлеуметтік жобаларға қатысуды бастама еткен келелі істер нәтижесін беруде. Ал енді біздің мұғалімдер өзін «Кәсіби тұрғыдан дайынмын ба?» деп педагогикалық тұрғыдан сараға салуы әркімнің өз еншісінде болмақ.



© 2010-2022