Поурочный план 0 класс

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Ұ» дыбысы және әрпі
Сабақтың типі: жана сабақ

Сабақтың мақсаты:Ұдыбысы мен әрпімен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру.Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру.Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу

Көрнекіліктері: суреттер ,кеспе әріптер, буындар

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап, түсіп барады. (Ұр-шық)

Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.буынға бөлдіру.


II.Негізгі бөлім.
-Жарайсыңдар, балалар

-Ұршық деген не? Ұршықты көріппе едіңдер? Үйлеріңде бар ма?
Ұршық - малдың жүнінен жіп иіретін құрал. Ол - мұрындық , басы мен саптан тұрады. Ұршықпен қап, алаша, т.б.тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген.

-Осы сөзде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?(Ұ дыбысын естиміз).
-Балалар, «Ұ»дыбысын хормен айтайық!(Ұ дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).
-Ұұ дауысты әлде дауыссыз дыбыс па?Қандай текшемен белгілейміз?
-Суретте көріп тұрған «ұя» деген не?
- Ұя - құстың түрлі шөп, бұтақ, ағаш қалдықтарынан өздері жасаған үйшігі.Ұя бұталарда, үй шатырының қырасында орналасады.

Әліппе дәптермен жұмыс.
1. Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады.
- Ұя сөзінде ұ әрпі қай орында тұр? (ұ-я)
-Құдық деген не? Құдық сөзінде ұ әрпі қай жерде тұр?
-Құдық- онда су қоры сақталады. Мына суреттегі құдық-бұл жердің тереңінен су алынатын құдық түрі. (құ-дық)
-Бұзау деген қай түліктің төлі? Бұзау сөзінде «ұ» дыбыс қай орында тұр?
-Бұзау-төрт түлік малдың бірі сиырдың төлі. (бұ-зау)

Буындап оқыту. Ұ-лу, сұ-лу, бұ, бұ-лан, бұр, тұ, тұр, тұ-рақ, құ, құр, сұ, сұр, құ-лан, құ-лын, ұ-я, ұн, құ-рақ, құс, ұш-қыш, ұ-шақ.
-Құлан-бұл жабайы жылқы, есекке ұқсас.
Бұлан-бұғыға ұқсас жануар. Құр -бұл орман құсы.

Сергіту сәті:
Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұмтылғандай боп еді,
Ұлу қаша жөнелді.

2. Ауада жаздырту. Ұ әрпі таңбасының жазылу элементін көрсету, жазылуы 3 элементтен тұрады.
Ұ әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Баспа Ұ әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сүйірлеп көмекші жолға дейін сызып, қайтадан негізгі жолға жоғары көтеру.Тік сызық көмекші жол ішіне сызылады, ал содан соң, белінен сызамыз.Мінеки, Ұ ұ әрпінің баспа түрін осылай бастырып жазамыз.
3.Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.

Тіл ұстарту жаттығуы.(2 рет)
Ұс-ұс-ұс
Қарлығаш - киелі құс.

4.Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.
Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.
Сұр(тұр), сұ-лу, тұл-пар.

5.«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ұршық сөзі кездесетін сөйлем құрату).
Әжем ұршық иірді. Мен ұршық иірдім.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 3 қатар болып «ұ» әрпі кездесетін сөздер ойлатып, жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).

Жаңылтпаштар жаттату.(3-4 рет)
Талап-тұлпар
Білім-сұңқар.

Тұз-мұздай,
Мұз-тұздай.
-Балалар, тұз деген не, мұз деген не?
-Тұз-тағам қосылатын түссіз, ащы кристалл зат, онсыз астың дәмі болмайды.
-Қазір жылдың қай мезгілі еді? Қыс мезгілінде өзен, көлдің суы қатады, судың бетінде мұз пайда болады. Судың үш күйі: газ,қатты,сұйық күйі болады. Ендеше судың қатты күйі мұз болғаны.
-Мінеки, жарайсыңдар!Жаңылтпашты да жақсы қайталап, жаттап алдыңдар.

Қорытынды.
-Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағынан қандай әріппен таныстық?
-Ұ дауысты ма, дауыссыз ба?
-Иә, дұрыс айтасыңдар! Дауысты дыбыстар созылып айтылады.
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Бұлан, құлан, сұлу, тұрақ, құр, сұр,т.с.с. сөздермен таныстық.

Мадақтау.-Бүгін бәріңде сауат ашу сабағына өте жақсы,белсенді қатыстыңдар, келесі сабақтарға да дәл осылай қатысыңдар.
-Балалар, орнымыздан тұрып, сау болыңыз айтайық! Сау болыңыздар.





Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Музыка сыныбы: даярлық

Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінде

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік

Музыка өнері туралы түсінік беру.

ә) дамытушылық

Есте сақтау қабілеттерін сақтау.

Б) тәрбиелік

Музыкаға деген қызығушылықтарын ояту.

Күтілетін нәтиже

Қ. ИӨміровтің «Қайырлы таң» әнің тыңдайды. Музыкаға деген қызығушылықтары оянады. Ноталарды жаттайды. ән тыңдайды, әуен ырғағына сай қимылды қозғалыс жасайды . Өздерін еркін сабақта ұстайды. әліппе дәптердегі тапсырманы орындайды.

Сабақтың ресурстары: музыкалық жанрлар, ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру, ажырату.

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой қозғау

5 минут

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Шаттық шеңберге тұрады.

Барлығы қайталайды.

Мағынаны тану

15 минут

Ән тыңдау: балаларға таңымал әндер. «Қайрлы таң» Е. Өміров. Сендер бұл әнді білесіндерме?

ән қандай? Көңілдіме, әлде көңілсіз бе? Музыкалық дыбыстар қандай болады? Қандай музыка түрлерін білесіңдер?

Скрипка туралы мағұлмат беру.

Ән айту: «До Ре Ми» Ө.Байділдаев

әуенді қимыл қозғалыс: «Үш би». Би түрлері.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Ән тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Ән айтады.

Ой толғаныс

5 минут

«Саңырауқұлақтар» биі

Билейді.




Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: қарапайым математика. Сыныбы : даярлық


Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеті

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік

Баланың даму деңгейін, пішін және түс туралы түсінігін анықтау.

ә) дамытушылық

заттардың қасиеттері туралы түсінігін дамыту

б) тәрбиелік

берілген сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету

Күтілетін нәтиже:

Әліппе - дәптердегі суретшінің қатесін табады

Конструктордың бөлшегін санайды, санаумен қатар сурет жоспар боялады.

Тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың ресурстары: әліппе- дәптері, бояу карындаштар, үлестірмелі материалдар, музыка.

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушыны іс-әрекеті

Ой қозғау

5 минут

Балаларды музыка әуенімен шаттық шеңберіне тұрығызып билету.

Балалар билейді қалаулары бойынша.

Мағынаны тану

15 минут

№1 суретте балалар санайды, пішінімен түстерді көреді . № 2 есеп Суретші жеміс жидектерді дұрыс боямаған. Қай жері дұрыс емес екенін айтады. Ойын: шартты белгілер бойынша затты табу. Мәселен, дөңгелек, кіші, қызыл. № 3 есеп заттарды түсі мен сан бойынша бөлуге арналады. Оқушылардың қалай санай алатының анықтай алады. Үлгі тапсырмалар мен сұрақтар: «Мұнда үлкен матрешкалар қанша? Кішкентай матрешкалар» қанша екенін сана көк шаршы көп пе, қызыл шаршы көп пе, соны анықта. Текшелердің, әлде жасылы көп пе, сарысы көп пе соны анықтау.

№4 есеп. Мұнда алдымен конструктордың бөлшектерін қажет. Санаумен қатар сурет жоспар боялады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Ой толғаныс

5 минут

Сұрақ жауап әдісі бойынша алған білімдері пысықталады.

Сұрақтарға жауап береді.

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Тіл дамыту. сыныбы: даярлық

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік

Үй құстары және жануарларын атап, олардың пайдасы туралы баяндау.

ә) дамытушылық

Кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Б) тәрбиелік

Үй құстарымен үй жануарларына қамқор болуға, олардың күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Үй құстарының тіршілігін және оладың пайдасы туралы біледі.

Үй құстары мен үй жануарларын ажыратады.

Өмірде адамға пайдасы бар екенін түсінеді.

Үлкендердің еңбегін бағалайды.

Сабақтың ресурстары: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері,

үнтаспа.

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой қозғау

5 минут

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Музыка әуенімен билету.

Шаттық шеңберге тұрады.

Балалар музыка әуенінің ырғағына сай билейді, көңілдерін көтереді.

Мағынаны тану

15 минут

Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату. «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру. Жұмбақтың шешуін шешу. Дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру. Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.

Үнтаспадан құстардың сайрағаны, сылдырлап аққан дыбысын тыңдайды

Ертегіні тыңдайды.

Жауабын табады.

Тапсырманы орындайды.

Ой толғаныс

5 минут

«Ұшты ұшты» ойыны ойнатылады. Шарты: ұшатын нәрсеге қоладырн көтереді, ұшпайтын нәрсеге қолдарын шаттасып көтерсе, бір заттын береді, ойыннын соңында өз өнерлерін көрсетіп, қайтадан затын алады.

Ойынға қызыға қатысып ойнайды.


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Өзін- өзі тану. сыныбы: даярлық

Сабақтың тақырыбы:. «Өзін- өзі тану» әлемі

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік

«Өзін- өзі тану» әлемі туралы түсініктерін кеңейту

ә) дамытушылық

жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

Б) тәрбиелік

өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

«Неліктен олай ойлайсындар?» деген сұраққа жауап береді. Денсаулық деген сөзді түсінеді. әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың ресурстары: Әліппе дәптері, түрлі түсті карандаштар, тақырыпқа сай суреттер, доп.

Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой қозғау

5 минут

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу.

Күндей жылы бол!

Алмадай тәтті бол!

Доптай көңілді бол!

Айдай жарық бол!

Жүзік сияқты әдемі бол!

Шаттық шеңберге тұрады.

Өлең жолдарын қайталайды.

Мағынаны тану

15 минут

Балалар біз бүгін Өзін өзі тану әлеміне саяхытта біз көмекші құралдармен дәптер, хрестоматия, картамен танысамыз. Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен танысамыз. Өзін өзі тану әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға жақсы бала болуға үйренеміз. Әліппе дәптермен жұмыс.



Тапсырманы орындайды.

Ой толғаныс

5 минут

«Жақсы, жаман» доппен ойыналатын ойын.Бір бірлеріне, бастаушы сұрақ арқылы балаларды доп арқылы ойнатады.

Ойынға қызыға қатысып ойнайды.





© 2010-2022