Мұғалім – мектеп жүрегі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы Еңбекші орта мектебі

Педагог -психолог Ибраева Айгуль Даулетқызы

Сабақ тақырыбы: Мұғалім - мектеп жүрегі

Сабақ мақсаты: Ұстаздардың өздеріне деген сенімділігін арттыру, бір - біріне деген жақсы қарым - қатынасын қалыптастыру. Ұстаздың адам өмірінде алатын орынның зор екендігіне көз жеткізу.

Сабақтың түрі: психологиялық тренинг - сабақ.

Сабақтың әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу, тренинг.

Пайдаланатын құралдар: қарындаш, шар, үлестірме қағаздар, музыка.

Қатысушылар: мектеп ұжымы.

1 - жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі сабағымыз «Ұстаз - мектеп жүрегі» деп аталады. Ұстаздық өте жауапты мамандық екені барша-мызға белгілі. Ол - мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол - әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз - мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз - білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол - мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп бүгінгі тренинг - сабағымызды бастаймыз.

1 - жаттығу. Топқа бөлу.

5 топтың аты жазылған үлестірме қағаздар қойылады. Қатысушы мұғалімдер өзі қалаған қағазды таңдап алады. Сол алған қағаз бойынша топқа бөлініп отырады.

  1. Арыс жағасында

  2. Ақ бантик

  3. Ата мекен

  4. Өз елім

  5. Күміс құмғанай

2 - жаттығу «Топтың атын қорғау».

Шарты: Әр топ өзінің атын қорғау керек.

Мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының тіл байлығын, қиялдау қабілетін, ой ұшқырлығын сынап көрейік.

3 - жаттығу «Ертегіні жалғастыру».

Шарты: Топтың әр бір мүшесі ертегіні жалғастыру керек. әр топ өзара барлығының ертегісін тыңдап, ұнаған ертегіні көпшілікке оқып береді. Ертегі төмендегідей басталады «Ертеде менен аумайтын, маған ұқсайтын бір қыз болған екен.......».

4- жаттығу «Сергіту сәті: Дирижер».

Шарты: Дирижердің қол әрекетіне қарай шапалақ соғу.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі - маржан, үні - ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ендеше біздің ұстаздарымыздың мінезін біліп көрейік.

5- жаттығу «Менің мінезім».

Шарты: Төртке бөлінген шеңбердің әр бөлігіне хайуанаттардың атын жазады.

Жұмыста

Үйде

Жолдастарымның

арасында Өзіндік бағалау

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

6 - жаттығу «Конвертті қалай ашасыз?».

Шарты: Әр бір қатысушының қолына конверт беріледі. Сол конвертті ашу керек.

7 - жаттығу «Би терапиясы. Атомдар мен молекулалар».

Шарты: Барлық қатысушылар ортаға шығп би билейді. Жүргізуші би арасында 2 молекуланемесе 5,8,12, т.с.с сандар атағанда сонша адам бірігу керек. Шетте қалған адам ортаға шығып өзі қалаған би қимылын көсетеді, қалғандар қайталайды.










© 2010-2022