География Биология І жж есеп

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Мұғалім әрдайым ізденісте болса

ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады» .


Ахмет Байтұрсынұлы.


Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының география, биология пәнінің мұғалімі Бердибекова.Ж.Ж

2015-2016 оқу жылының

І жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі.


Биылғы оқу жылында аудандық тамыз педагогикалық кеңесінде «Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыдым.

Бірінші жарты жылдықта (7а,б, 8 а,б, 9 а,б, 10б) барлығы 13сағат биологиядан ... оқушыға сабақ бердім, оның ... оқушысы «5», ...оқушысы «4» бағаға шықты. Жаратылыстану пәнінен 5-сыныпқа 18 оқушыға сабақ бердім, оның барлығы де «5» , ал 6, 10а, 11а сыныптарына барлығы 4 сағат география пәнінен ...... оқушының .... «5»-ке, ..... «4»- ке шықты.

Гимназия директорының 1 қыркүйек 2015 жылы № 50 бұйрық § 6 бұйрығы бойынша 5-сынып жетекшісі ретінде тағайындалдым.Сыныбымда 18 оқушы, оның 10 ұл, 8 қыз.

Сынып жетекшісі ретінде әдістемелік тақырыбым: « Оқушылардың гимназияға бейімделуіне жағдай жасай отырып, сыныпты ұжым ретінде қалыптастыру» болса,

ал пән мұғалімі ретінде әдістемелік тақырыбым: «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Қазан айында Республикалық КИО қашықтық олимпиадасына геогафиядан 6-11 сыныптардан 15 оқушы қатысып, 10-сынып оқушысы Қалдыбаева.Г ІІ орынды, ал Рамазан А, Адилова С «Үздік нәтиже» көрсетті.

Сондай-ақ, биология кабинетінің жетекшісі ретінде кабинет терезелеріне 5-сынып ата-аналары көмегімен жалюзи, бөлме өсімдіктерімен толықтырылды.

7 -желтоқсанда Аманғалиева.Г «Ана сүтінің биологиялық қасиеті мен маңызы» атты биология пәнінен ғылыми-зерттеу жобасымен облыстық деңгейінде қатысты.

15 желтоқсанда «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебі бойынша аудандық семинарына қатынастым.

Аудандық пәндік олимпиадаға биологиядан 9-сынып оқушысы Сарсенова.М І орын , географиядан 10-сынып оқушысы Тулегенов А ІІІ орын, Кажбаева А ІІ орынды иеленді.

Өзім сабақ беретін 10а-сыныбында география таңдап отырған Қалдыбаева.Г, Адилова С, Аблайқызы А, Рамазан А, Тулегенов А , ал 11а -сыныбында Амангельдинова А, Нұрлан А оқушылар бар. Осы оқушылармен үнемі жоспарлы түрде ҰБТ-ға дайындап келемін.

© 2010-2022