ЖОО түсу емтихандарына дайындық кезінде геометрия пәнін меңгерудің маңызы

ЖОО түсу емтихандарына дайындық кезінде геометрия пәнін  меңгерудің  маңызы      Өте ерте заманда пайда болған аса маңызды ғылымдардың бірі – математиканы оқып –үйренудің маңызы зор. Математиканы жетік білмейінше адам күнделікті өмірінде аяқ баса алмайды.Осы заманда әрбір мәдениетті адам  математика саласындағы ғылымдардан хабардар болуы қажет.Математиканы дұрыс түсінудің негізі – санай білу, ойлана білу , пайымдай білу, есепті шығарудың тиімді тәсілдерін таба білу.
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Студент пікірі

ЖОО түсу емтихандарына дайындық кезінде геометрия пәнін меңгерудің маңызы

Өте ерте заманда пайда болған аса маңызды ғылымдардың бірі - математиканы оқып -үйренудің маңызы зор. Математиканы жетік білмейінше адам күнделікті өмірінде аяқ баса алмайды.Осы заманда әрбір мәдениетті адам математика саласындағы ғылымдардан хабардар болуы қажет.Математиканы дұрыс түсінудің негізі - санай білу, ойлана білу , пайымдай білу, есепті шығарудың тиімді тәсілдерін таба білу.

Математиканың кеңістіктік пішіндер, формалар мен қатынастарды, сондай-ақ оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы геометрия болып табылады.

Орта білім беру жүйесіндегі математика пәні мұғалімдерінің алдында тұрған мақсаттарының бірі - әр оқушының тұлға ретінде интеллектуалдылығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Сонымен қатар оқушылардың бейімділігін және қабілетін ескеріп, олардың математикалық мәдениетін, геометрия туралы түсініктерін қалыптастыру. Өйткені қазіргі заманғы геометрияның рөлі мен орнын көрсетуге бағытталған талаптарға сай мектеп геометрия курсы оқытылуда.

Геометрияны оқып - үйрену кезінде кейбір өткен материалды білмеу жаңа материалды түсінбеуге себепкер болуы мүмкін. Яғни, мұндай жағдайлар көбінесе Жоғары оқу орнына түсу емтихандарына дайындық кезінде көп қиындық келтіреді. Мысалы, мұғалім 10 - сынып оқушыларына стереометрия аксиомаларынан туындайтын қарапайым салдарларды дәлелдеп тұр делік. Бұл дәлелдеуге планиметрияның аксиомалары пайдаланылады. Егер оқушылар төменгі сыныпта өткен планиметрия аксиомаларын білмесе, онда бұл дәлелдеуді түсінбейді. Соның нәтижесінде бұл сабақ оқушылар үшін уақытты босқа өткізу болып есептеледі. Сөйтіп, оқушылардың планиметрия аксиомаларын білмегендеріне стереометрия аксиомаларын да білмеулері келіп қосылады. Сондықтан, геометриядан жақсы біліп үлгеру үшін өтілген материалдың нәтижелерін толығымен білу керек. Ал бұл үшін өтілген материалды бақылау сұрақтары немесе тест тапсырмалары бойынша қайталап отыру қажет.

Өтілген материалды бақылау сұрақтары бойынша былайша қайталап отырған абзал. Бірінші: сұрақты мұқият оқыңыз. Оны айқындап алыңыз. Екінші: егер қандай да бір фигураның анықтамасын беру немесе аксиоманы тұжырымдау талап етілсе, бұл анықтаманы (аксиоманы) ойша елестетіп көріңіз. Үшінші: анықтама берілетін фигураның сызбасын қолдан жасаған пайдалы. Ал сұрақ теорема туралы болса, оны тұжырымдаңыз, бұл теореманың шартын және қорытындысын айқындаңыз. Төртіншіден : сөйтіп, теореманың мазмұнын түсіндіретін сызбаны қолдан жасаңыз. Теореманың дәлелдеуін қайталаған сайын келтіре беру міндетті емес. Геометрияда есептің дұрыс шығуы сызған чертежге байланысты.Сондықтан да «Жақсы чертеж - жарым есеп» дер едім.

Жаңа материалды оқып үйрену кезінде бір нәрсені білмейтіндіктеріңізді байқасаңыздар, өтілген материалды қайталап отырыңыздар және ұстазыңыздан сұрап, анығын біліп алғандарыңыз жөн болады.

Білім,білік,дағды мен қабілетті қалыптастыру үшін табанды да еңбекқор болып, сабақты зейін қойып тыңдап, өз бетімен және ынтамен дайындалу керек. Математикаға да шабыт керек. «Ақын жанды болмаған адам -математикте бола алмайды» деген емеспе ұлы ғалымдар.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

математика мамандығының

4 курс студенті Сарқытбекова Жанерке Сарқытбекқызы

© 2010-2022