Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары Қамқор болып өсемін

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән Өзін-өзі тану Сынып 1 Мерзімі ....................



Сабақтың тақырыбы

Жауапкершілік пен жауапсыздық № 1

Жауапкершілік абырой арттырады,

Жауапсыздық ұятқа қалдырады.

Халық даналығы

Саб. мақсаты

«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Саб. міндеттері

  • Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы түсінік беру;

  • Балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

  • Өз сөзіне, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Оқулық, дәптер,...

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдесіп жылы лебіздерін білдіреді.

Әңгімелеу

Оқушыларды тақырыпты түсінуге жетелеу мақсатында әңгімеле жүргізу.

  • Балалар, өздеріне тапсырылған істі, тапсырманы дер кезінде орындайтын, сөзінде тұратын баланы қандай бала деп айтамыз?

Балалардан күтілетін жауаптар: «жақсы бала», «әдепті бала», «ұқыпты бала» болуы мүмкін.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, ондай баланы «жауапкершілігі бар бала» деп айтады. Жауапкершілікті балалар - жақсы, әдепті, өзін сыйлайтын бала. Өз ісіне немқұрайдылықпен қарау, өзінің уақытын, өзгенің уақытын қадір тұтпау жауапсыздықты білдіреді. Біз бүгінгі сабақта жауапкершілік пен жауапсыөздық туралы әңгімелесеміз.

Оқулықпен жұмыс

Жауапты іс

Сабақ аяқталып, оқушылар үйге қайтарда Гүлжан апай сыныпқа кірді. Балалардың көңіл күйін сұрағаннан кейін олардың Аналар күніне дайындығын сұрады. Әркім өз дайындықтарын жамырай айтысып жатыр. Ал .....

  • Мұрат не үшін өкінді?

  • Мұраттың ісін қалай аяқтар едіңдер?

  • Сендер әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

Дәйексөз

Жауапкершілік абырой арттырады,

Жауапсыздық ұятқа қалдырады.

Халық даналығы

  • Балалар, өз сөзінде тұратын, тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы, сенімге ие, көңілі жарқын болады. Өз сөзінде тұрмау, тапсырманы істі өз уақытында орындамау адамды ұятқа қалдырады. Сондықтан «Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады» деп халық бекерге айтпаған.

Жаңа ақпарат

Жауапсыздықтан аулақ болу, әрбір іске жауапкершілік танытып, айтқан уақытында орындау, берген уәдесінде тұра білу адамды өз ортасына сыйлы етеді.

Тыныштық сәті

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғаныны сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Әңімелеу

Өсиет әңгіме

Ертеде бір елде қарапайым да еңбеккор халық тұрыпты. Таң сәріден көздерін ашқанна егін салып, бидай орып, бір тынбайтын бұл адамдар кедейшілік дегенді көрмесе керек.

Бір күні сол елге сіңірі шыққан кедейлігімен аты шулы бір жас жігіт келеді. Ел арасына кіріп, танысып, хал сұрасқаннан кейін ауыл ақсақалдары жігіттен:

  • Кедейлікті сұрамап ем, ал жауапсыздық соңымнан қалмады, - депті басын көтермей.

  • Мен мұнда бекерге кемедім, өздеріңіз сияқты еңбеккор жандар жауапсыздығымды тастауыма себін тигізер деп келдім, - деп үміт арта сөйледі.

Үлкен қариялар жігітті қай жұмысқа болмасын бірге ертіп жүрді. Қай істі бастаса да да: «Соңына жетпегенше, істің рақатын көрмегенше, тынбай еңбек ет», -деп қайрап отырады. Арада аз күндер өткен соң жігіттен қариялар: «Жауапсыздықтың қалды ма?», - деп сұрады. Сонда жігіт «Жауапкершілік - істің соңғы рақатында екен ғой», - деп жауап беріпті.

  • Жас жігіт қандай жақсы қасиетті үйренеді?

  • Ол жауапсыздықтан қалай құтылады?

Үй тапсырмасы

Дәптердегі тапсырманың мазмұны мен орындалуын түсіндіру:

Айдос пен Саматтың аналары жұмысқа кетерде үй ішін жинап қоюды тапсырған еді, кім өз ісіне жауапкершілікпен қараған? Суретке қарап, балалардың жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңдар.

Қорытындылау

  • Балалар, біз бүгін сабақта жауапкершілікті болу жақсы әдет екенін білдік. Жауапкершілік адамның сөзінде тұрып, тапсырылған ісін атқарып, уәдесін орындауынан көрінеді.

Жүректен жүрекке

Балалар шаттық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталап айтады.

Тапсырманы берілген

Дер кезінде атқарам.

Сенімді боп өзіме,

Өзімді-өзім басқарам.













© 2010-2022